Полная версия сайта Каз

Портал управления здравоохранения Восточно-Казахстанской области

8(7232) 701-131

г.Усть-Каменогорск, пр.Ауэзова 26

Балалардың жарақат алуының алдын алу21.02.2019ж.

Балалардың  жарақат алуының алдын алу

 

Дүниеге келген сәби – әр адамның өміріндегі ең қымбат жан. Барлығымыз бала болдық, ата-анамыздың  арқасында ер жетіп, аман - есен өмір сүрудеміз. Ал қазір, басты міндет, ол балаларымыздың дені сау болып, дұрыс азамат болып жетуіне қажетті жағдай жасау. Әрбір отбасында сәби дүниеге келгенде, үй базарлы болып, балалар шулап, жүгіріп, ал жүгірген бала құлап, жарақат алуы мүмкін. Осындай жағдайға мен күн сайын өз жұмысымда куә боламын.

Балалардың жарақат алуы және оның алдын алу туралы осы менің мақаламдағы Сіздерге берген ұсыныстарым балаларыңыздың аман болуын қамтамасыз етеді деп үміттенемін.

Осы мақалада мен балалар жарақаттары туралы қысқаша айтып өтем, мысал ретінде Ана мен бала орталығының травмпункт бөліміндегі балалар жарақаттарын келтіремін. Сонымен қатар, балалардың жарақат алуының себептері, жарақат түрлері және ата-аналардың жарақаттар туралы не білуі керек екені және оларды болдырмау үшін не істеу қажет екені  туралы тоқталамын.

Жарақат – бұл бір сәтте, кенеттен, адам ағзасына әртүрлі сыртқы жағдайлардан әсер ету, бұл әсер адамның дене құрылымына, тіндерінің анатомиялық тұтастығына және дене қызметіне зақым келтіреді. Балалар жарақаттарының бірнеше түрі бар: тұрмыстық (ең кең таралған түрі), далалық (көлікте, немесе көлікте емес), спорттық, мектептік және басқасы. Жарқаттардан ешкім алдын ала сақтана алмайды, сондықтан балалық шақта алған жарақаттар денсаулыққа күрделі, әрі ауыр нұқсан келтіреді.

Сонымен, балалар алатын жарақаттардың себебі неде? Балалардың барлығы қызыққұмар, сондықтан болар, кейде травмпункт бөлімінде мен гипербелсенді бала, яғни, қозғалысы жылдам бала деген сөздерді жиі естимін, ондай балаларға психологиялық белсенділік, өмірге деген қызығушылық ықпал етеді. Яғни, бұл жағдай көбінесе балалардың ғана  жарақаттануына себеп болып жатады.

Менің ойымша, бүгінгі күні балалардың жарақаттануы біздің қаламызда және облысымызда өзекті мәселе болып табылады. Статистикалық мәліметтерге сүйенсек, 2017 жылы Ана мен бала орталығының травматологиялық пункт бөліміне 18 жасқа дейінгі 12574 бала көмекке жүгінді. 2018 жылы 11780 бала қаралды. Өткен жылдармен салыстырсақ, жарақат алу көрсеткіші анағұрлым төмендей түсті, яғни, бұл осы өзекті мәселені зерттеу қажеттігі арта түсті дегенді білдірсе керек.  Балалар жарақаттарының түрлері балалардың жасына қарай да бөлінеді: омыраудағы сәби (жасқа дейін), мектепке дейінгі жасқа дейін (1 жастан 3 жасқа дейін), мектепке дейінгі жас (3-тен 7 жасқа дейін) және мектеп жасы (7-ден 17 жасқа дейін). Статистика бойынша тұрмыстық омыраудағы сәби және мектепке дейінгі жас балалардың (58-67%) жарақат алуы көп кездеседі.

Балалардың үйде алатын жарақаттар түрлері:

Далалық, көліктік емес жарақаттар балалардың далада (аулада және балалар алаңында) жүру тәртібін сақтамаудан туындайды. Статистика бойынша мұндай жарақаттарға 4 жастан 16 жасқа дейінгі балалар шалдығады. Балалар осындай жарақаттарды 75% аулаларда, далада, 25 % үйде алады. Жарақаттардың түрлері, көбінесе, үстірт жарақаттар және ашық жаралар, сүйек сыну, буын шығу, буын созу, бұлшықет және буын жарақаттары болып табылады. Қалада гироскутерлер пайда болғаннан бері қол-аяқ сыну жарақаттары жиілеп кетті. Сүйек сыну арасында қол сыну - 37,7%, аяқ сыну -31,0%, бас пен мойын жарақаттары - 11,3% мөлшерде орын алады. Әсіресе осындай жарақаттарға ұл балалар көп шалдығады, өйткені, олар тұрмыста, мектепте, далада көп қозғалыста болады. Айта кету керек, ауладағы әткеншекте алатын жарақаттар кеңінен таралған, олардан алған жарақаттар әсіресе ауыр болады, сонымен қатар, велосипед, ролик, қысқы мерзімде стьюбтер, шана, шаңғы сырғанаған кезде алған жарақаттар көп кездеседі. Ата-аналары баласына тебу қауіпсіздігі ережесін түсіндірсе мұндай жағдайлардан аман қалуға болады, және тізеге, шынтаққа киетін заттарды және басқа киетін шлемдерді сатып алу тиіс. Бұл жарақаттардан аман қалуға ықпал етеді. Және балаға дұрыс құлауды түсіндіру қажет, өйткені, дұрыс құлауға да үйрену керек. Көлік жүретін жолдардан алшақ теуіп, мұқият болып, жоғары жылдамдықпен теппеу тиіс.

Мектептегі жарақаттар. Жарақаттардың 80-90% мөлшері сабақ үзілісінде пайда болады. Негізінен бұл жарақаттар тәртіп бұзу негізінде туындайды, сондықтан балаларға үзіліс кезінде бақылау жасау тиіс. Тағы қайталап өтуім керек, жарақаттардың алдын алу ата-ана жауапкершілігінде. Халық арасында балалардың жарақаттары өздігінен жазылып кетеді деген қате пікір қалыптасқан. Бұл түбінде дұрыс емес. Көптеген жарақаттардың (күйіктен қалған жаралар, күйіктер және химиялық заттардан улану, көз зақымдары, сүйек сынулар сүйектің дұрыс өспеуіне, аяқ пен қодың дұрыс дамымауына және қысқарып қалуына әкеледі. Күйіктен кейін қалатын жаралар буындарды тартып, буын етінің дұрыс жетілмеуіне апарады) салдарынан 20-30 % жағдайда балалардың мүгедек болып қалуына шалдықтырады. Және де жеңіл жарақаттардың өзінде балалардың ағзасында патологиялық өзгерістер туындауы мүмкін, олар болашақта баланың мүмкіндіктерін шектеп, мамандық танадауына жағымсыз әсер етуі мүмкін.

Ата-аналар балалардың жаракаттары туралы нені білуі тиіс:

1.Жарақат алуға ең қауіпті кезең – 3 жасқа дейін. Осы уақытта балалар көп соққы алып, күйіп қалып, бөтен заттарды жутып алады. Бір жасқа дейін балалардың мерт болу себептері 10% мөлшерінде орын алады.

Балалардың жарақат алуының басты себебі – ата-аналардың туындаған жағдайға немқұрайды қарауы, тиісті көңіл бөлмеуі. Ересектер арасында кездесетін қателіктер – терезелерді жаппау, қауіпті заттарды қол жететін жерде қалдыру, балаларды қараусыз қалдыру.

Жоғары биіктерден құлау және жол-көлік апаттары салдарынан туындайтын жарақаттарға жеке тоқталу қажет. Бұл жағдайларда 20% мөлшерде 5-7 жастағы балалар зардап шегеді – осы жағдайда балалар мүгедектікке немесе өлімге апаратын ауыр жарақаттарға шалдығады. Ауа-райы жылынған кезде адамдар терезе аша бастайды. Ал балалар жоғары биік қабаттардан москиттік торлармен бірге жерге құлайды. Ата-аналар мұқият болыңыздар! Қала және ауылдар жолдарында көлік қозғалысы арта түсуде, ол қозғалыс қысқы мерзімде  көк тағайғақ кезінде көбейе түседі, осы тұста далалық көлік жарақаттары көбейеді, статистика бойынша 2017 жылы 122 көлік апаты жағдайы, 2018 жылы 107 жағдай тіркелді. 

Сонымен, балалардың жарақат алуын болдырмау, оның алдын алу, балалардың қауіпсіздігін сақтау – ата-аналар мен балаларға жауап беретін тұлғалардың (тәрбиешілер, күтушілер, оқытушылар, ағалар, апайлар және т.б.) негізгі мақсаты болып табылады. Әрине, біз 100% пайыз балаларымызды жарақаттардан және  бақытсыз жағдайлардан толықтай сақтай алмаймыз, алайда біз негізгі алдын алу шараларын білуіміз және орындауымыз қажет. Баланы ерте жастан қауіпсіздік шаралырына үйреті міндет.

Баламен әңгімелесіп, жарақаттар және олардың салдары туралы айтып, мысал ретінде көрші баланың алған жарақатын келтіруге болады.

Кішкентай сәбилерді жалғыз өзін және қараусыз мүлдем қалтыруға болмайды. Әрқашан өткір заттар, химия, қайнатылған ыстық су, от және басқа қауіпті заттарды баладан алшақ ұстаған жөн.

Балаларыңыздың жол қозғалысы туралы, даладағы тәртіп жөніндегі ережені, мектептегі, спорт секцияларындағы қауіпсіздік ержелері туралы білімін тесеріп отыру қажет. Балаларға жарақат алған кезде не істеу керек екені туралы үйрету абзал.

Жарақат салдарын емдеуден гөрі, балалардың жарақатын болдырмау анағұрлым жеңілірек түседі.

 

Ана мен бала оталығының травматолог дәрігері  Амиров Мирас Бейбутович

Артқа