Кіру
You can authorize on site with:
Google Vkontakte Mailru

Сыбайлас жемқорлықтың және мемлекеттік көрсетілетін қызметтер саласындағы заңнама бұзушылықтардың алдын алу үшін жұмыс істейміз13.02.2019ж.

 

Сыбайлас жемқорлықтың және  мемлекеттік көрсетілетін қызметтер саласындағы заңнама бұзушылықтардың алдын алу үшін жұмыс істейміз

 

"Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайында дамудың жаңа мүмкіндіктері" Жолдауында  және 2018 жылғы 5 қазандағы "Қазақстандықтардың әл - ауқатын арттыру: табыстар мен өмір сүру сапасын арттыру" Жолдауында қойылған міндеттерді іске асыру "бір өтініш" қағидатына сәйкес жеке мемлекеттік көрсету қызметтері бойынша мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерін интеграциялау, сондай-ақ халыққа көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасын арттыру-сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың және азаматтардың мемлекеттік органдардың қызметіне сенімін арттырудың маңызды аспектісі.

ШҚО Қоғамдық денсаулық сақтау департаментімен халыққа мемлекеттік көрсетілетін қызмет сапасын арттыру бойынша қандай жұмыстар жүргізіліп жатқаны туралы басшы – Сүлейменов Ғазез Қинаятұлы әңгімелейді.

-Сіздің ойыңызша, электрондық қызмет жүйесін енгізу мемлекет пен қоғам үшін қаншалықты маңызды?

ҚР ДСМ Қоғамдық денсаулық сақтау комитетінде тұрақты және жүйелі негізде ашықтық қағидаттарын енгізу бойынша жұмыс жүргізуде. Сыбайлас жемқорлықтың пайда болу алғышарттарын жою, халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы барлық мемлекеттік қызметтерді электрондық форматқа көшіру болды.   

Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласында мемлекеттік көрсетілетін қызмет функцияларын электрондық форматқа енгізу ШҚО Қоғамдық денсаулық сақтау департаменті мен облыстың қалалары мен аудандарында Қоғамдық денсаулық сақтау Басқармалары орындайтын жұмыс рәсімін едәуір жеңілдетеді, сондай-ақ қоғамдық денсаулық сақтау органдарының имиджін нығайтуға ықпал ете отырып, қызмет алушылардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін іске асыруға ықпал етеді. Департаменттің басты міндеттерінің бірі-сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, Мемлекеттік көрсетілетін қызмет сапасын бағалау және мемлекеттік бақылау.

- Мемлекеттік қызметтерді алу үшін Сіздің органыңызға қалай жиі хабарласады?

2018 жылдың қорытындысы бойынша ШҚО 12639 мемлекеттік қызмет көрсетілді, оның ішінде 11151 жеке тұлғаға және 1488 қызмет – заңды тұлғаларға. 10716 рұқсат беруші құжаттар берілді, мемлекеттік қызмет көрсетуде 1923 дәлелді кері қайтарулар дайындалды.   

Мемлекеттік көрсетілетін  қызметтің сапасына шағымдар түскен жоқ. 2018 жылдың қорытындысы бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызметтің норматитвтік мерзімдерінде бұзушылықтар анықталған жоқ.

- Мемлекеттік көрсетілетін қызмет саласындағы заңнаманы бұзушылықтар және  сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін алдын алу мақсатында Сіздер қандай жұмыс жүргізесіңдер ?

Мемлекет басшысының халыққа мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру бойынша қойған міндеттерін іске асыру мақсатында ШҚО Қоғамдық денсаулық сақтау департаменті тұрақты негізде аумақтық бөлімшелердің мемлекеттік қызмет көрсету сапасына талдау жүргізеді, мемлекеттік көрсетілетін  қызметтің бизнес-процестерін жетілдіру бойынша уақытылы шаралар қабылдайды.

Бүгінгі күні Департаментте құрылымдық бөлімше және мемлекеттік қызмет көрсету мәселелерін үйлестіруге жауапты лауазымды тұлғалар анықталған, бұл ведомствоішілік тиімді үйлестірудің нәтижесі болып табылады.

ШҚО қоғамдық денсаулық сақтау департаментімен мемлекеттік қызмет көрсету сапасын жақсартуға бағытталған жұмыстар белсенді жүргізіліп тұрады.

2018жылы «2018 жылы ҚР ДСМ ҚДСК ШҚО ҚДСД аумақтық бөлімшелерінің  мемлекеттік қызметтер саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасын сақтауын ішкі бақылау бойынша бекітілген бақылау іс-шаралар  жоспарына» сәйкес, облыстың 7 аудан/қалаларында ШҚО Қоғамдық денсаулық сақтау департаментімен халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласында мемлекеттік қызмет көрсету сапасына ішкі бақылау (аудит) өткізді.

Тексеру қорытындысы бойынша 38 бұзушылық фактілер анықталды, оның ішінде мемлекеттік қызмет көрсету стандарттарында қарастырылған құжаттар тізімі толық болмаған кезде мемлекеттік қызмет көрсету 15 фактісі, мемлекеттік қызмет көрсету стандарттарында қарастырылмаған құжаттарды талап ету кезінде қызмет көрсету 17 фактісі, мемлекеттік қызмет көрсету саласы заңнамасындағы і басқа да бұзушылықтардың 6 фактісі анықталды.

Бақылау шараларының қорытындылары бойынша 3 басқармада лауазымдық тұлғаларға 4 тәртіптік жаза қолданылды ( Өскемен, Семей қалаларында  және Тарбағатай ауданында) 3 ескерту және 1 сөгіс түрінде, аңықталған бұзушылықтарға ұсынымдар беріліп,  көшпелі жедел кеңес отырыстарында қорытындылар тыңдалды.

Бақылау шараларының қорытындысы бойынша 103 ұсынымдар беріліп, орындатылды.

Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласында мемлекеттік көрсетілетін  қызмет функцияларын электрондық форматқа енгізуге дейін, мемлекеттік көрсетілетін қызметтер процесін жетілдіру мақсатында Департаментпен    анонимді сауалнама жүргізу арқылы мемлекеттік қызметтерді тұтынушылардың қанағаттану дәрежесін мониторингілеуді жүргізді, қорытындысы Департамент алқасында тыңдалды.

- Мемлекеттік қызметтерді алу рәсімдерінің хабардарлығын арттыру бойынша халықпен қандай жұмыс жүргізіледі?

"Электрондық үкімет" порталы және Мемлекеттік корпорация арқылы мемлекеттік қызметтерді алуды танымал ету бойынша ақпараттық жұмыс жүргізілуде.

Халық арасында мемлекеттік қызметтерді алудың электрондық тәсілін танымал ету мақсатында Департаментпен әр түрлі түсіндіру іс-шараларын өткізіледі. Атап айтқанда, "электрондық үкімет" порталы арқылы электрондық тәсілмен мемлекеттік қызметтерді алу мүмкіндіктері туралы бейнеролик тұрақты түрде көрсетіліп тұрады, ол яғни  Департаменттің ғимараттарында және 2 ірі қалалық басқармаларда, сондай-ақ қызметті алушылар орналасқан жерлерде және Интернет-ресурстарда көрсетіледі.

2018 жылдың қорытындысы бойынша мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру  мақсатында жүргізілген түсіндірмелік шаралардың  жалпы саны -159, мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру  мақсатында жүргізілген түсіндірмелік шаралармен 68777 адам қамтылды.

Қызмет алушыларды ақпараттандыру мақсатында, http://kooz.dsm.gov.kz/ru сайтының "мемлекеттік қызметтер" айдарында қажетті құжаттар тізімі орналастырылған.

- Мемлекеттік көрсетілген қызметтердің нәтижелеріне шағымдану мәселесі бойынша қайда жүгінуге болады ?

Заңдылықты бұзу және әкімшілік кедергілер жасау фактілері туындаған жағдайда қызмет алушылар ШҚО Қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің сенім телефоны бойынша 8(7232)76-85-99 немесе сайтта орналастырылған "сұрақ-жауап"айдары арқылы өз ұсыныстарын жібере алады.

Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне, "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі № 88-V Заңына, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің  2017 жылғы 28 сәуірдегі №217 бұйрығымен бекітілген мемлекеттік көрсетілетін қызмет Стандартына сәйкес, Департаменттің және (немесе) оның лауазымды тұлғаларының мемлекеттік көрсетілетін қызметтер мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Қоғамдық денсаулық сақтау комитеті басшысының атына (010000, Астана қаласы, Сол жағалау, Министрліктер Үйі, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Қоғамдық денсаулық сақтау комитетінің төрағасы Ж. М. Бекшин, тел: +7(7172) 74-17-40) немесе Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігіне  шағым жасалуы мүмкін

Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, шағыммен мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға (070003, Өскемен қаласы, Тәуелсіздік даңғылы, 4, ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің ШҚО бойынша департаменті, тел: +7(7232) 76-50-29, тел: +7(7232) 76-50-82) немесе Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы бұзылған құқықтарды, бостандықтар мен заңды мүдделерді қорғау туралы талап-арызбен сотқа жүгіне аласыз

 

Артқа
Яндекс.Метрика