Мерекелік күндері тамақтан улану – оны болдырмаудың алдыналу
Жаңа жылда бай дастархан жаю біздің ата-бабаларымыздан келе жатқан дәстүр және дастархандағы тағам турініңалуан түрлі болуы жаңа жыл молшылық әкелуі ұғымымен байланысты.Алайда, мейрамның бірнеше күніне жететін мол тағамды дайындай жүріп, ұзақ сақталған тамақтың денсаулыққа кері әсерін тигізетінін ұмытпайық. Көбінде, тамақтан улану жағдайы мейрамның үшінші күндерінде дереу артады,оның себебі тоңазытқышта екі-үш күннен артық сақталған, мейрамға дайындалған қалдық тағамдарды қолдануболып табылады. Әсіресе, тағамнан улануды арттыратын тез бұзылатын тамақ өнімдері тобына жататын ет,балық өнімдері және майонезбен әрленген салаттар. Және де осы топқа жататын десерттер, май және қаймақ кремдерімен әрленген торттар. Бұл өнімдер ауру тудыратын таяқшалардың тез көбеюіне өте ыңғайлы орта болып табылады. Осындай тағамдардың, әсіресе, майонезбен әрленген салаттардың тоңазытқышта сақталуы 24 сағаттан аспауы тиіс. Егер салаттар әрленбеген болса, оның тоңазытқышта сақталуын 2 тәулікке дейін ұзартуға болады. Алайда, бұл ет, шұжық,жұмыртқа қосылған күрделі салаттарға қатысты емес, күрделі салаттарды әрленбеген күннің өзінде, тоңазытқышта сақталуын бір күннен асырмаған дұрыс. Тамақтан уланудың алдын алу үшін тағамды дайындау және сақтау барысында бірқатар ережелерді сақтау қажет. Егер тағам ет өнімдері мен фарштан жасалса, аталған өнімдерді жеткілікті термиялық өңдеуден өткізу қажет.Котлет пен еттен дайындалған рулеттерді дайындау барысында технологиялық өңдеудің талабына сәйкес, қажетті деңгейде қыздырып, пісіру қажет, керісінше, бұл процедураның орындалмауы,тағам арқылы ауру таяқшалары және вирустарымен жұқтыруға ықпал етеді. Егер тез бұзылатын тағам өнімдері дүкендерде термометрмен жабдықталған тоңазытқыштың сөрелеріндесақталса, онда оның сақталуының нормалық температураға сәйкес келуіне назар аударған жөн. Дүкендерден майонез және қаймақпен әрленген, өлшеніп сатылатын салаттар жиі сатылып алынады. Мамандар аталған тағамдарды сатып алудан бас тартудың екі себебі бойынша кеңес береді. Біріншісі, бәріне мәлім, супермаркеттерде аталған күрделі тағамдарды дайындаудақұрамында сақталу мерзімі аяқталуға жақын, не өтіп кеткен өнімдердің қолданылуы мүмкін және де салат құрамы ингредиентінің қаншалықты қауіпсіз екендігін тексеру мүмкін емес. Екіншіден, мұндай салаттар қауіпсіз сақталу мерзімі уақытына сәйкес емес және ұзақ сақталуына байланысты, ауру тудыратын таяқшалардың кешені болып табылады. Сондықтан, тамақ дайындауға көбірек уақыт бөле отырып, өз жанұяңызды денсаулығы үшін, балғын және қауіпсіз тағамдармен қамтамасыз еткеніңіз жөн.Мейрамдық дастарханға тәтті тағамдарды қоюмен қатар,пайдалы дәрумендері бар тағамдарды да қойғыңыз келеді. Сол үшін, көбі осы мерзімде, тасымалданатын дәрумендері бар жеміс-көкөнісі өнімдерін таңдайды. Алайда, тағамды тасымалдау және сақтау кезінде, оның сыртқы түр сапасының сақталуын қамтамасыз ету үшін, әдейі заттармен өңделетінін ұмытпаған жөн. Сондықтан,сатылып алынған көкөніс-жемістерді, жүзімдерді мұқият жуып, қолданған жөн. Мамандар шетелден шығарылған алмаларды жуып қана емес, қабығын тазалауды кеңес береді, өйткені қабығындағы зиянды заттар тағамнан улануды болдырмаса да, аллергиялық реакцияға әкелуі әбден мүмкін. Соңында, мейрам кезінде қауіпсіз іс-шаралар тамақтан уланудан қорғай алмаған жағдайда, ең бірінші бірнеше стақан су үшіп, құсу арқылы асқазанды тазалаған дұрыс. Бұл процедураны екі рет қайталаған жөн.Бұдан басқа, сорбенттің кезкелген түрін тиісті мөлшерде ішу - денеден зиянды заттар мен токсиндерді шығаруда тиімді көмектеседі. Егер тәулік бойы жалпы аурушаңдық жағдай жақсармай,керісінше,дене қызуының көтерілуі, тоқтамай құсу және іш өту белгілері күшейіп, аурушаңдық жағдай нашарлай бастаса,бұл жағдайда міндетті түрде дәрігердің көмегіне жүгіну қажет, ал аурудың асқыну жағдайында «жедел жәрдемді» шақырған дұрыс.
Калибасова Гульнара Советхановна, руководитель отдела Департамента охраны общественного здоровья по ВКО