Учаскелік дәрігерге тіркелу |
Қабылдауға тіркелу |
Өтініш беру |
Менің емханамды iздеу |
Ауруханалар және емханалар |
Алғыс білдіру |
Жаңалықтар |
Шаралар |
Көрсетілген ұсыныстардың сапасын бағалау |
Қазіргі заманда тұрмысқа дербес компьютер (ДК) күннен күнге көптеп еніп жатыр. Компьютерлеудің мәнісін екі сөзбен жеткізе салуға болмайды. Ауқымды ақпараттық алаң осы бір ақылды машиналарсыз мүмкін емес. ДК өндірісте болып жатқан көптеген процестерді жылдамдатады, сонымен бірге жеңілдетеді. Компьютер болса «ғаламтор» желісі арқылы әлемдік деңгейдегі ақпараттар алуға болады, сондай-ақ компьютерлік ойындар ойнап, өзінің бос уақытын өткізуге болады. Соңғы кезде мектеп және басқа оқу орындарында оқу үшін танымдық бағдарламалардың саны пайда болды. Қазіргі кездегі мұндай қоғамның жан-жақты дамуы компьютерлік технологияларсыз алға баса алмайды. Алайда, біз баланы жас кезінен бастап дербес компьютерде жұмыс істеуге баулып, біз әрдайым дұрыс жасаймыз ба? Қай жаста және қанша уақыт компьютер алдында отыруға рұқсат беруді, балалардың денсаулығында қандай бұзылулар немесе ауытқушылықтар болатынын барлығы біле бермейді.
Соңғы он жылда балалар неврологының қабылдауында неврозға ұқсас ауытқулармен баратын 5-10 жастағы балалар көбейіп кеткен. Әртүрлі ойын-сауық ойындарымен ойнап, компьютер және компьютерлік қондырғылармен таныс 4-5 жастағы балалар басқа да шағымдармен дәрігерлерге көп баратын болған. Балалар неврологына барғанда ата-аналардың балаларына қоятын бірінші шағымы - бұл ызақорлық, агрессивтілік, сезімдік психикасының аумалылығы. Кейін ұйқысының бұзылуы, ұйықтай алмау, ұйқысұрап сөйлеу, ұйқысұрап жүру қызметтерінің бұзылуы қосылады. Мұндай балалар мектепте мектеп бағдарламасын нашар меңгереді, жады төмендейді, зейіні бұзылады, мінез-құлығы бұзылады. Көп балалар мектепте сабақтарды босатады, тежелген және гипербелсенді бола бастайды. Клиникалық картинасынан ДК аздаған жұмыс істегеннен кейін немесе теледидар көрген соң логоневроз және тарту, бас ауру және бас айналу пайда болып немесе үдей түсуін байқауға болады. Компьютерлік ойындармен әуестену, азарт, тамақты дұрыс ішпеу, тәбеттің бұзылуына әкеліп соғады. Содан кейін асқазан-ішек жолдары тұсында аурудың асқынуы немесе дисфункцияның дамуы басталады. Көру мүшелеріне аса көп жүктеме жасау «құрғақ көз» синдромы, аккомодацияның түйілуі, алыстан көрмеу, ерте катаракты және басқа көз аурулары сияқты офтальмологиялық аурулардың пайда болуына немесе күшейе түсуіне ықпал ететінін атап айту керек.
Жоғарыда аталған шағымдар мен ауытқулар №1 емханасының балалар консультациясы жағдайында біз 5 жастан 10 жасқа дейінгі балаларға емдеу мен кешенді тексеру жүргіздік. Тексеру нәтижесінде бассүйек іші қан қысымының, қан қысымының төмендеуі, неврозға ұқсас жағдайлар, көз түбі тамырлары айналасындағы өзгерістер, көру өткірлігінің бұзылу белгілері байқалды. Мойын бөлігінің рентгенограммасында омыртқалардың гипермобильдығы және босауы.
Электрлік энцефалография және Эхоэнцефалоскопия кезінде тамыр генезінің жалпыми биоэлектрлік өзгерістері анағұрлым жиі тіркелген.
Кешенді тексеру және емдеу (компьютер және теледидарлар көруді шектеумен) жүргізудің нәтижесінде көп жағдайда оң нәтиже анықталған. Балаларда ұйқы, жады және зейін біршама жақсарған. Мектептегі оқуларында жағымды нәтижелер байқалып, жұмысқа қабілеттіліктері артқан, мінез-құлықтары өзгерген. Окулистің бақылап қарауында болғанда көз симптоматикасында оң динамика байқалған.
Қорытынды:
«Өскемен қаласының №1емханасы» ШЖҚ КМК невролог дәрігері Черепанов Борис Андреевич