Учаскелік дәрігерге тіркелу |
Қабылдауға тіркелу |
Өтініш беру |
Менің емханамды iздеу |
Ауруханалар және емханалар |
Алғыс білдіру |
Жаңалықтар |
Шаралар |
Көрсетілген ұсыныстардың сапасын бағалау |
Бала денсаулығын сақтаудың алғы шарттарының бірі – баланың күн тәртібін реттеу болып саналады. Оқушының күн тәртібінде мектепте және үйде сабақ оқу ұзақтығы, серуенге шығуы, еңбек және демалу уақытын кезекпен реттеуі - барлығы нақты белгіленген болуы керек. Оқушы белгілі бір режімге бағынған кезде балада сол режімге шартты рефлекс қалыптасып, әрбір жұмысын реттеп орындап отыратын болады. Бұл бала организмін бір қалыптан екінші қалыпқа оңай ауысуына жәрдемдеседі.
Бірінші кезекте оқушының бос уақыты мен сабаақ оқу уақыты және басқа да жұмыстарының кезектесіп келуін ұйымдастыру қажет. Күн тәртібінің дұрыс ұйымдасуына баланың көңіл-күйімен қатар, денсаулығына да көп әсері бар. Оқушы үнемі шаршап жүретін болса, оның жетілуі мен бойының өсуіне кедергілер болуы мүмкін. Егер де оқуышының күн режімі дұрыс реттелген жағдайда, бала физикалық жағынан белсенді, сабаққа ынтасы да арта түседі. Баланың ұйқысы қанық болғанда, ол күнделікті сабақта айтылған ақпаратты оңай қабылдайды, жұмыс белсенділігі артады. Оқушының үй тапсырмасын орындаудың тиімді уақыты – түскі астан кейінгі мезгіл.
Баланың зейіні мен жұмыс белсенділігін арттыру үшін әрбір 30 минут сайын үзіліс жасаған жөн. Үй тапсырмасын орындау кезінде оңай пәндерден бастаған дұрыс. бастауыш сынып оқушыларына дене жаттығулары мен белсенді қимыл-қозғалыс жетіспегендіктен, уй тапсырмасын орындау кезінде үзііліс жасап, бой сергіткіш жаттығулар жасау ұсынылады. Бастауыш сынып оқушыларына үй жұмысын орындауға 1,5 2 сағат, орта сынытарға 2-3 сағат, жоғары сыныптарға 3-4 сағат бөліну қажет.
Бастауыш сынып оқушыларына теледидар көру ұзақтығын 45 минуттан асырмаған жөн. Теледидарды 2-5 м қашықтықта отырып көру керек. Үй тапсырмаларын жатар алдында қарамаған жөн.
Бала таңертен ұйқыдан тұрған соң шағын дене жаттығуларын жасау арқылы ұйқысы ашылып, күндіз өзін сергек ұстауға жәрдемедеседі. Жаттығу түрлерін жаттықтырушымен келісіп алған дұрыс.
Оқушының таңғы асы ыстық әрі құнарлы тағамдардан болуы керек. Қарақұмық және сұлы жармасынан әзірленген ботқа, тәтті ірімшік сияқты тағам түрлерін айтуға болады. Екінші таңғы ас оқушыға мектепте беріледі.
Мектеп үйге жақын орналасса мектепке барар жол, оқушыға таңғы жаяу жүріс қызметін атқарады. Көлікпен баратын оқушыларға көлікті мекктепке жақын жерге тоқтатып, оқушының жаяу жүруіне мүмкіндік берген дұрыс. Қалай болғанда да, баланың күнделікті режімінде серуендеуге шығуы өте маңызды.
Мектептен келген соң, оқушы түскі асын ішіп, 1- 1,5 сағат демалуы керек. Бұл кезде кітап оқу, теледидар көру немесе ұйқтап алған дұрыс.
Жаңа оқу жылын бастаған оқушыға мектеп кестесіне сай күнтәртібін реттеп, оны сақтауға көмектесуіңіз қажет.
«Өскемен қ қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы»
РММ бас маманы Дюсембекова Айнұр Сағынайқызы