Жіті респираторлы вирусты жұқпа және тұмау - әлеуметтік маңыздылығы тұрғысынан адамдарда кездесетін барлық аурулардың арасында бірінші орынды иеленеді. Инфекциялық патологиялардың 90 %-ы ЖРВЖ және тұмаудан кейінгі аурулармен байланысты болады. Әдетте, күз, қыс және көктем кездерінде ЖРВЖ мен тұмауға шалдығу жиі кездеседі. Әсіресе, жиі ауыратын балалар мен ересектер, иммундық қабілеті төмен, созылмалы ауруларды бар адамдар науқастанады.
Тұмауға шалдығу адамдармен сөйлесу кезінде, жөтелгенде, түшкіргенде, тұмау вирусымен зақымдалған тұрмыстық заттар мен кір қол арқылы да жұғады. Науқас адам болған жерде бірге болу – ауруды жұқтырып алуға жетіп жатыр. Науқас адам жөтелгенде, сөйлескенде не түшкірген кезде ауаға тұмаудық қоздырғыштары бөлініп, ол сау адамның ағзасына ауыз арқылы кіріп, одан әрі көбейе бастайды. Аурудың белгілері 1-3 күннен кейін біліне бастайды.
ЖРВЖ және тұмаудың алғашқы белгілері: дене қызуының көтерілуі, буын және бұлшық еттердің ауырсынуы, катаральды белгілер, бас ауруы, мұрыннан су ағу, жөтел, көзден жас ағу, тамақ ауру.
Тұмауға шалдықпас үшін қандай шаралар қолдану керек? Ең бірінші – тұмауға қарсы екпе алу. Вакцинация жүргізуге ең қолайлы мерзім – 1 қазаннан басталады. Эпидмаусым басталардан бір ай бұрын алынған екпе кезінде ағзада вирусқа қарсы антиденелер бөліп, иммундық қасиет қалыптасады.
Өскемен қаласында эпидмаусым кезінде ақылы екпе жасайтын кабинеттер жұмыс жасайды:
- «Амбулаторлы орталық» мекемесі Абай д,18,
- «Қалалық №2 поликлиникасы» КМК ШЖҚ Буров к-61,
- «Сол жағалау клиникасы» мекемесі Сатпаев д, 34/1,
Вакцинадан бөлек тұмау және басқа да ЖРВЖ алдын алу үшін келесі шараларды есте сақтау керек:
-ағзаны шынықтыру;
-полидәрумендерді, аскорбин қышқылын пайдалану;
- жел өтінде тұрмау және тоңазудан сақ болу;
-. адамдар көп жиналатын жерлерге (көңіл көтеретін және сауда орындары, базарлар, спорт секциялары, кинотеатрлар және тағы басқалар) баруды шектеу,
-жеке бас гигиенасын сақтау.
-«жөтелу этикетін» сақтау (жөтелгенде, түшкіргенде және аурудың алғашқы белгілері болған жағдайда жеке қол орамал қолдану)