Кіру
You can authorize on site with:
Google Vkontakte Mailru

Шығыс Қазақстан облыстық Салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығы23.08.2018ж.

БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ

   2018 жылдың 24 тамызында сағат 09.30-да  «Денсаулық Жолы» Ұлттық бағдарламасының аясында Ұлан ауданының Сағыр ауылының тұрғындарымен Өскемен қ. емдеу-профилактикалық мекемелер дәрігерлерімен кездесу өтеді.

 

          «Шығыс Қазақстан облыстық Салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығы» медициналық мекемесі ШҚО Денсаулық сақтау басқармасының қолдауымен 2018 жылғы 24 тамызында келесі дәрігер-мамандардың: онкологтың, кардиологтың, невропатологтың Ұлан ауданы Сағыр ауылына барып қайтуын ұйымдастырады. Сағыр а. тұрғындарымен кездесуге ШҚО ЖИТС-тің алдын алу және күресу бойынша орталықтың, Қызыл жарты ай қоғамының, мамандары қатысады.

    Сапардың мақсаты - ауыл халқына бейінді мамандардың кеңесін алуды ұйымдастыру; аурулардың алдын алу және халықтың ақпараттылығы мен өздерінің денсаулықтарына жауапкершіліктерін жоғарлату.

   Медициналық қызметкерлердің халықпен кездесуі негізгі мақсаттары болып халықтың денсаулығын дененің артық салмағының, семірудің тәуекелін төмендету үшін және инфекциялы емес аурулардың алдын алу бойынша салауатты өмір салтының негіздеріне үйрету жолымен сақтау және нығайту, құрамдарында көп мөлшерде тұз, қант, майлары (қаныққан майлар трансмайлар) бар өнімдерді пайдалануды шектеу немесе бас тарту туралы ақпараттандыру табылатын «Денсаулық жолы» ұлттық бағдарламасының аясында жүзеге асырылады.

   Дәрігерлер тұрғындар үшін жеке кеңес береді, ЖИТС-тің алдын алу және күресу бойынша орталық мамандары экспресс-сынақтамалау жолымен адамның АИТВ-мәртебесін анықтайды және аурудың алдын алу бойынша кеңес береді, Облыстық Салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығының мамандары дұрыс тамақтану және салауатты өмір салтын ұстану бойынша ақпарат береді.

   Қызыл жарты ай Қоғамының уәкілдері жалғыз басты және ауқатсыз жанұяларға қайырымдылық көмек көрсетеді.

 

Байланыс телефоны (7232) 254857.

Артқа
Яндекс.Метрика