Жіті ішек жұқпалары аурушаңдығының деңгейі жаз мезгілінде күрт көтеріледі. Инфицерленген су мен сапасыз азық-түлікпен және кір қол арқылы тұрмыстық-қатынас жолы арқылы, ауыз қуысы арқылы сыртқы ортадан ауызға түсетін қоздырғыштардың сыртқы ортада сақталынуына қолайлы жағдай тек жаз мезгілі ғана.
Жіті ішек жұқпалары – асқазан ішек жолдарын түрлі микроағзалармен зақымдайтын ( сальмонелл, иерсиний, шигелл, кампилобактерии, рота және норовирус) жіті ішек жұқпаларының бірнеше топтары. ЖІЖ үлес салмағының басым бөлігін токсикоинфекциялары құрайды.
Тағам дайындау барысында жеке гигиеналық талаптардың сақталынбауы, азық-түліктерді дұрыс сақталынбауы, тағам дайындау технологиясын бұзу – тамақтан улану және ЖІЖ себептері. Сонымен қатар жіті ішек жұқпаларын жұқтыру факторларының бірі - бей-берекет сауда орындарында сатылатын азық-түліктер, кірленген көкөністер, жидек және жемістер арқылы.
«ҚР ДСМ ҚДСК ШҚО ҚДС Департаментінің Өскемен қалалық қоғамдық деңсаулық сақтау Басқармасы» РММ-сі жіті ішек жұқпаларын алдын-алу ушін қарапайым ережелерді сақтауды сіздерге ұсынады:
Сіздер, осы талаптарды сақтау арқылы өздеріңізді жіті ішек жұқпаларын жұқтырмауға көмек бере аласыз. Аурушаңдықтың белгілері пайда болған жағдайда міндетті түрде дәрігердің көмегіне жүгіну қажет!