Полная версия сайта Каз

Портал управления здравоохранения Восточно-Казахстанской области

8(7232) 701-131

г.Усть-Каменогорск, пр.Ауэзова 26

Донор, сенің күнің!23.05.2018ж.

 

       «Донор – өз қанын бере отырып басқаларға өмір сыйлайтын адам» осы пікірмен адамдардың көпшілігі келіседі, бірақ қан орталығында донор күні қалай өтетінің әркім біле бермейді. Сол себепті мен Сіздерге  донорлық іс-шаралары туралы айтып бергім келеді. 

       Дене салмағы кемінде 50 кг болатын 18 жасқа толған әрбір  дені сау адам қан  мен оның компоненттерінің доноры  болуы мүмкін. Донор қан мен  оның компоненттерін тапсырғанға дейін сақтауға тиіс бірнеше қарапайым ережелер бар.

       Донор болуға бел буған адам білуі тиіс  тұмау, жөтел, бас ауруы, жоғары температура, көгерген,  жара, терісінде бөртпесі бар адам қан мен оның компоненттерін донациялауға жіберілмейді.

       Егер сіз донор болуға шешім қабылдасаңыз, онда Өскемен қаласы, Көкжал Барақ к-сі 11-үй, мекен-жайында орналасқан «Шығыс Қазақстан облысының қан орталығына» №17, 26, 43 автобустарымен келіңіз.

Қан тапсыру рәсімінен өту үшін Сізге  бірнеше кезеңнен өту қажет:

1.Қан орталығына келе салабірінші кезекте тіркеу орнынахабарласыңыз, онда компьютерлік база арқылы қан және оның компоненттерінің донорлығынақарсы көрсетімдері бар донорлар және тұлғалар туралы деректі тексеру үшінСізденжеке басты куәландыратын құжатты сұрайды. Содан кейін Сізге қан тапсыру рәсімі  алдында  өзініздің денсаулық жағдайыныз және ауырған ауруларыңыз  туралы барлық сұрақтарға жауап беретін арнайы  «донор  сауалнамасын» толтыруды ұсынады.

2. Тіркеу орнындағы ресімдеуден кейін Сізге қан тобын, резус-факторды, гемоглобин деңгейін және бауыр ферментін АЛТ  анықтайтын  донорды алғашқы тексеруден өткізетін зертхана кабинетіне өтуіңіз қажет.

 3. Содан кейін Сізге денсаулығыңыздың жай – күйі  туралы бірнеше сұрақ қойып, қан қысымыңызды,  температуранызды,  тамыр соғысын, бойыңызды және салмағыңызды   өлшеп беретін дәрігер-терапевтің  кабинетіне кіру керек.   Медициналық  ұйымдардан түскен өтінімдерге байланысты  донациялау түрін (қан, плазма немесе тромбоциттер) таңдау туралы шешімді қан орталығының дәрігері қабылдайды. Жаңа  алынған қан, плазма немесе тромбоциттерді донациялау рәсімдерінің тәртібін Сізге толығымен дәрігер-терапевт түсіндіреді.

4. Қан немесе оның компоненттерін  тапсыру (донациялау) алдында, Сізге тегін таңғы ас түрінде тәтті шай мен печенье беріледі. Қан ағысына  қоректік заттардың түсуі, донордың көңіл-күйін жақсартуды қамтамасыз етеді, сондай – ақ донациялау рәсімінің жайлы өтуі үшін де өте маңызды.

5. Асханадан кейін донациялау рәсімі өткізілетін донация залына өтесіз. Сіздің білегіңізді резеңке бұраумен байлап, шынтақ иілісінің терісіне дезинфекция жасайды, содан кейін тек қана бір рет қолданылатын стерильді медициналық мақсаттағы бұйымдарды пайдалана отырып қан немесе оның компоненттерін алу  рәсімін жүргізеді. Қан тапсыру рәсімі кезінде Сізге бірнеше рет жұдырықты қарқынды түю және жазу керек. Сіздің қаныңыздың  бөлігі  талдау үшін жиналады (қанмен берілетін) гемотрансмиссивті  жұқпалардың  қоздырғыштарын маркерлер көмегімен анықтайды: адамның иммун тапшылығы вирусы, В және С гепатиттерінің  жұқпалары, мерез және сарып  қоздырғыштары.

6. Рәсімнің соңында Сіздің  шынтағыңызға дәке таңғыш байлап береді. 

7. Қан тапсыру аяқталғаннан кейін ағзадағы сұйықтық балансын қалпына келтіру үшін Сізге  асханаға барып бір стақан жылы шәй ішу ұсынылады.

8. Сіз кассаға қарай  өтесіз. Барлық өтеусіз  донорларға, кассада 1 жыл ішінде жарамды 2 күн демалысқа,  2 анықтама және ақшалай 1000 теңге мөлшерінде өтемақы беріледі. Осымен қан тапсыру рәсімі аяқталады және Сізге қан Орталығынан кете беруіңізге болады.  Қан тапсыру пунктінен кетуге болмайды, егер Сіз өзіңізді   нашар сезінген жағдайда  дереу бұл туралы қан орталығы қызметкерлерінің біріне  хабарлауға тиіссіз! Сізге міндетті түрде білікті медициналық көмек көрсетеді, содан кейін дәрігер-терапевтің рұқсатымен ғана қан орталығынан кетуге болады.

Қан  мен оның компоненттерін тапсырғаннан кейін сақтауға қажетті бірнеше ұсынымдар бар.

• Қан тапсырғаннан кейін үш тәулік ішінде молынан ішу  тәртібі (шырын, компот, шай, шөп шай, ауыз су) міндетті.

• 2 сағат ішінде темекі шегуге және алкогольдік  ішімдіктерді ішуге болмайды.

• Қанды ісік (көгерген жерді) болдырмау үшін, дәке таңғышты 2 сағаттан кейін шешуге болады. 

• Тәулік ішінде физикалық еңбекпен айналысып қажет емес.

Егерде қанды күннің бірінші жартысында тапсырса алынған қанның орны тез толықтырылады,сонымен қатар осы қаннан  ең сапалы қан компоненттері алынатыны дәлелденген.

Сіздердің назарларыңызға қан жасушалары қалпына келу үшін қан тапсырғаннан кейін 60 күн, ал компоненттерді тапсырғаннан кейін (плазма, тромбоциттер) 14 күн өтуі тиіс. Қан   донациясының  рұқсат етілген  ең көп мөлшері жылына ерлерде – 6рет,  әйелдерде – 4 рет;

Енді Сіз ШҚ ОҚО – да донорлық күн  қалай өтетінің білесіз.  Біз Сізді біздің өтеусіз донорлардың қатарынан көргенімізге өте  қуанышты боламыз.

Мақаланың  төлиесі

«Шығыс Қазақстан облысының қан орталығы»

 КМҚК  донорларды жинақтау

бөлімінің дәрігер – терапевті

Тажидинова Ұлдана Аймахамбетқызы

 

 

Артқа