«Егер есіктің тұтқасын жиі ашып, жапса – оны тот баспайды.
Сол сияқты адам да көп қозғалатын болса – ол ауырмайды»
Хуа То (қытай дәрігері)
Гиподинамия (грек тілінен hypo – төменгі және dynamis – күш) – үнемі отырғаннан және қимыл белсенділігінің шектелуінен болған, бұлшықет қызметінің әлсіреуі. Гиподинамияны тағы ғасыр дерті және прогрестің екінші жағы деп те атайды.
Мектеп оқушысының жеке адам ретінде үйлесімді дамуына қажетті жағдай жеткілікті қимыл белсенділігі болып табылады. Соңғы жылдары мектеп пен үйдегі жоғары оқу жүктемесі және басқа да себептерге байланысты, мектеп оқушысының ағзасында салмақты бірқатар өзгерістерді туғызатын, гипокинезияның пайда болуымен көптеген оқушылардың күн режімінде тапшылық, жеткіліксіз қимыл белсенділігі байқалады.
Мектеп оқушыларына өзінің табиғи қимыл белсенділігін шектеп қана қоймай, сонымен бірге партада немесе оқушы үстелінде отырғанда, ол үшін ыңғайсыз дене қалпын ұзақ уақыт ұстап отыруға тура келеді. Гигиенистердің зерттеулері көрсеткендей, күндізгі уақытта оқушылардың көпшілігі яғни, 82 – 85% отырған қалыпта болады. Тіпті кіші сыныптың оқушыларында да еркін қимыл әрекеті (ходьба, игры) тәлік уақытының бар болғаны 16 – 19% пайызын алады. Мектепке барған сәттен бастап балалардың жалпы қимыл белсенділігі 50%-ға дейін төмендейді.
Физикалық жүктеме орталық жүйке жүйесінің барлық қызметтерінің, оның ішінде жүйке процестерінің теңдесуіне, дамуы мен қалыптасуына игілікті ықпал етеді.
Үнемі болатын физикалық жүктемелер қаңқа мускулатурасының артуына, буындар, байламдардың нығаюына және сүйектердің өсіп, дамуына ықпал етеді.
Күшті адамда ой мен физикалық жұмысқа қабілеттілік және әртүрлі ауруларға қарсы тұрғыштығы артады, ағза сыртқы орта жағдайына анағұрлым бейімделе түседі.
Кез келген жұмыс бұлшықетті және эндокриндік жүйені жаттықтырады, бұл ағзаның неғұрлым үйлесімді және толыққанды дамуына ықпал етеді.
Жақсы физикалық қалыпты құрайтындар:
Алдымен, гиподинамия адам ағзасының морфофункциялық жағдайын әртүрлі бұзылуларға әкеліп соғады. Бұл бұзылулар сүйектердің және бұлшықеттің семуі түрінде білінеді, ақуыз синтезінің және электролиттер алмасуының азаюы, зат алмасудың бұзылуы, сүйектердегі кальций мөлшерінің азаюымен көрінеді.
Партада немесе жұмыс үстелінде аз қимылдау жағдайы оқушы ағзасының көптеген жүйесінің, әсіресе жүрек – тамыр және тыныс алу қызметтеріне әсер етеді. Көп уақыт отырған кезде тыныс алу тереңдемей, зат алмасу төмендейді, аяқтардағы қанда тоқтап қалады, бұл барлық ағзаның және әсіресе мидың жұмысқа қабілеттілігін төмендетуге әкеледі: зейіні төмендейді, жадысы әлсізденеді, қимыл координациясы бұзылады, ойлау операциясының уақыты ұлғаяды.
Гиподинамияның салдарлары:
Көпшілік адамдарға спортпен кәдімгідей айналысуға уақыт немесе қаражат жетпейді. Бірақ бұл - сылтау ғана. Өзінің денсаулығын нығайтуды аз шығын жұмсай отырып, нәтижесін көру әркімнің қолынан келеді. Ғалымдар, күнделікті 30-минуттан жаттығудың өзі де семіздік қаупін азайтуға және басқа да көп отыратын адамдарда болатын ілеспе аурулардың алдын алуға болады деген қорытынды жасады.
Компьютер және телевизор алдында уақыт көп өткізбеңіз, көп қимылдаңыз. Қозғалудың өзі бір өмір емес пе!
Прогресс адамға кез келген дене жүктемелерінен арылтатын, көптеген жетілдірілген керек-жарақтар сыйлауда. Бірақ бұл адамды әлсіз етеді. Барлық өркениетті әлемде салауатты өмір сүру үшін қозғалыс етек алуда. Адамдар қазір денсаулықты сақтау үшін қарапайым ғана физикалық белсенді мөлшерін алу керек екенін сезінуде. Ал мектеп оқушылары – бірінші кезекте. Мұны оқушылар да ата-аналар да тек түсініп қоймай, оған күш белгілі бір жұмсауы керек, өйткені денсаулықтың басы мектеп кезінен бастау алады әрі қимыл-қозғалыс адамның бүкіл өмірінің маңызы болып табылады.
Орындаған: «Өскемен қаласының № 1 емханасы» ШЖҚ КМК Ұйымдасқан балалар бөлімінің аға мейіргері Каирлина Лидия Николаевна