Сальмонеллез – клиникалық белгілері әртүрлі болып келетін жіті инфекциялық аурушаңдық. Сальмонеллездің белгілері білінбей басталатын және ауыр септикалық формада да өтеді.
Сальмонеллез қоздырғышы – сальмонелла, сыртқы ортаға бейімділігімен сипатталады. Сыртқы ортаның қолайсыз факторларына бейім келеді (суда 5 ай, ет және шұжық өнімдерінде 2-4 айға дейін, тоңазытылған етте 2 ай, ірімшікте 1 жылға дейін, сүтте 20 күн төзімді болып келеді) сүт және сүт өнімдерінде, ет тағамдарында, торттар мен кремді торттарда, салаттарда сальмонелла тез көбейеді және тағам түсі мен дәмін еш өзгертпейді.
Сальмонелланың жасырын болу мерзімі бірнеше сағаттан 2-3 күнге дейін болады. Аурушаңдықты науқас адам мен сальмонелла тасымалдаушысы болып келеді. Сондай ақ ауру мал (тауық, қаз, үйрек, ұсақ және ірі қара мал, балық т.б.)
Сальмонеллез тамақ арқылы жұғады: сальмонеллезбен зақымданған мал және тауық еті, балық еті, жұмыртқа және жұмыртқа қосылып жасалған тағамдар, сүт және сүт өнімдері, көше бойында сатып тұрған апатты сауда орындарынан алынған тез бұзылатын азық-түліктер. Алайда, жұқпа көзі адам болып табылады.
Әдетте науқастың іші бірден ауыра бастайды. Лоқсып құсады немесе/және іші өтеді. Үлкен дәреті сұйық болады, жасыл түстес, кей жағдайда сілемей мен қан аралас болып келеді. Жалпы уыттану дене қызуының 38-39 гр С. көтерілуімен сипатталады. Қалтырау, бас ауруы және бұлшық еттің ауырсынуы байқалады.
Науқас адамның ағзасының сусыздануы – жаңа туған нәрестелер мен кіші жастағы балаларға аса қауіпті. Кішкентай балаларда сусыздану өте тез жүргендіктен, соңы комаға неме өлім жағдайына да апаруы мүмкін.
Аурушаңдықтың алғашқы белгілері біліне бастағанда жедел түрде дәрігерге көріну қажет. Науқас адам өзін ғана емес, басқа адамдарды да ауруға шалдықтыратынын естен шығармау керек. Әсіресе, адам қоғамдық орындарда, азық-түлік дүкенінде жұмыс жасайтын болса жұқтыру қаупі жоғары болады.
Денсаулығыңызды сақтап қалатын қарапайым гигиена ережелерін сақтау керек:
Қарапайым тазалық ережелерін сақтаған кезде, Біз өз денсаулығымызды сальмонеллезден ғана емес, басқа да көптеген аурулардан қорғай аламыз.
Тазалық – денсаулық кепілі екенін естен шығармайық!
Эпидемиологиялық қадағалау бөлімі басшысының м.а. Бакенова Замира Советхановна