Полная версия сайта Каз

Портал управления здравоохранения Восточно-Казахстанской области

8(7232) 701-131

г.Усть-Каменогорск, пр.Ауэзова 26

Профилактикалық егулердің мәнісі04.05.2018ж.

Профилактикалық егу немесе вакцинация жүргізу, балалар және ересектер үшін өте маңызды. Тек осы шара ғана емдеуге бой бермейтін немесе өте күрделі (В вирустық гепатит, дифтерия, сіреспе, көк жөтел т.б.) емделетін осындай аурулардың профилактикасының жалғыз құралы болып табылады. Кішкентай балалар үшін профилактикалық егу әсіресе маңызды, өйткені оның ағзасы әртүрлі инфекциялар алдында өте осал.

Егер де анасы уақытында екпе алған немесе қандай да бір аурумен ауырған болса, онда баланың өмір сүруінің алғашқы айларында ананың антиденесі оны қорғай алады, сосын одан ары қорғаныс қабілеті әлсірей бастайды, бұл кезде профилактикалық егусіз болмайды. Сондықтан вакцинацияны күнтізбелік егпеге сәйкес ерте жастан бастау қажет.

 

Профилактикалық егудің мәнісі мен маңызы неде?

Вакцинация кезінде адам ағзасына сол немесе басқа аурулардың әлсіреген немесе өлген қоздырғыштарын немесе белгілі бір бөлігін (антигендер) құрайтын арнайы вакцина заты жіберіледі. Бұған жауап ретінде адам ағзасында осы ауруларға жасанды тәсілмен иммунитет қалыптастырады және инфекция қоздырғыштарына антидене синтезделетін, иммундық жүйе белсене түседі. Осының нәтижесінде инфекция ағзаға мүлде енбейді немесе аурудың өтуі мүлде әлсіз болады. Адамдардың көпшілігі гигиена және санитария деңгейінің жоғарылауымен аурулар жоғалуда, сондықтан вакцинацияның қажеттілігі жоқ деп есептейді.

Бірақ егер вакцинация бағдарламасын тоқтататын болса, вакцинация жүргізіліп жатқан аурулар қайтадан пайда болады. Гигиена ережелерін сақтау, қолдарды жуу және таза су адамдарды инфекциялық аурулардан қорғауға көмектеседі, көптеген инфекциялар біздің таза жүру дәрежемізден тәуелсіз таралуы мүмкін. Егер тұрғындар вакцинация алмаған болса, сиреп кеткен, мысалы полиомиелит және қызылша аурулары қайтадан жылдам пайда болады.

Вакциналар қауіпсіз. Көптеген жағдайларда вакцина аздаған және уақытша реация тудырады, мысалы еккен жердің ауру сезімі немесе аздаған дене қызуының көтерілуі. Маңызды жанама әсерлер өте сирек және жан-жақты бақыланып, тексерілуде. Маңызды үлкен қадамды вакцинаның өзіне қарағанда, ауруларды екпелермен алдын алу нәтижесіндегі салмақты салдарлар алады. Мысалы, полиомиелит жағдайында ауру сал ауруы, қызылша, энцефалит және соқыр болып қалуды туғызуы мүмкін, ал кейбір вакцинаның көмегімен алдын алған аурулар өлім-жітімге әкеліп соғады.

Вакцинаның көмегімен алдын алған аурулар көптеген елдерде сирек бола бастағанымен, олардың инфекция қоздырғыштары дүниенің кейбір бөліктерінде айналып жүруін жалғастыруда. Өзара байланысқан әлемде бұл қоздырғыштар шекара асып, кез келген қорғалмаған адамдарға жұғуы мүмкін. Осылайша, екпе алудың екі негізгі себебі бар – бұл өзін және айналасындағы адамдарды қорғау. Аурулардың таралуы бізді қоршаған адамдармен тоқтатылады деп есептеуге болмайды; біз бұған барынша күш салуымыз қажет.

Тағы бір ата-аналардың адасуы, екпе алғанша, ауру нәтижесінде иммунитет алған жақсы деген пікір болып табылады. Вакциналар табиғи инфекцияға ұқсас иммундық реакция тудырып, жүйемен өзара әрекет етеді, алайда олар ауру тудырмайды немесе вакцинацияланған әлеуетті асқынулар қаупіне ұшырамайды. Осыдан айырмашылығы табиғи инфекция нәтижесінде иммунитет алу үшін, гемофилиялық тұмаудың b (Hib) түрінен болған ақыл-ойдың кемістігі, қызамық салдарынан туа біткен ақаулар, В вирустық гепатитінен бауыр обыры немесе қызылша дан қайтыс болулар болуы мүмкін.

Ғылыми мәліметтерге сәйкес, бір мезетте бірнеше екпелер егу баланың иммундық жүйесі үшін қолайсыз салдарлар әкелмейді. Балалар күнделікті иммундық реакция туғызатын, бірнеше жүздеген бөтен заттардың әсеріне ұшырайды. Бала вакцинаға қарағанда, суық тию немесе баспалардың нәтижесінде антигендердің көптеген санына барынша ұшырайды. Бірден бірнеше вакцина салудың негізгі артықшылығы, емханаға жиі барудың саны азаяды, бұл уақыт пен ақшаны үнемдейді және кестені сақтай отырып, балаларға ұсынылған екпе егу жүргізіледі. Сонымен бірге, мысалы қызылша, паротит және қызамыққа қарсы ассоцияланған вакцинация жүргізудің мүмкіндігі, инъекциялардың санын қысқарту дегенді білдіреді.

 

Барлық адамдар үшін заманауи препараттармен емделгеніне қарамастан, өлумен аяқталатын аурулардың алдын алу үшін екпе алу өте маңызды. Әрбір елде өзінің ерекшелігі болатын, вакцинаның барлық тізімі Ұлттық күнтізбе түрінде бекітіліп және орналастырылған. Ұлттық күнтізбеде белгіленген екпеден басқа қосымша салуға ұсынылған, бірқатар профилактикалық екпелер де бар. Денсаулық жағдайына жалпы талдау негізінде дәрігер балаға вакцинация жүргізу туралы шешім қабылдайды.

Артқа