Адамдардың көпшілігі донорлық туралы өте аз біледі және сондықтан ең негізсіз аңыздарға сенеді, бүгін біз оны жоққа шығарғымыз келеді.
№1-інші аңыз: «Мен төтенше жағдайда ғана, егер лаңкестік әрекет, апат немесе т.б. болғанда қан тапсыруға дайынмын, бұл әдеттегі тәртіпте қан тапсырудан маңызды, бұлай құтқарылған адамдар көп болады!»
Шын мәнінде науқас адамдар үшін әрбір жоғалған минут - төтенше жағдай. Кез келген минутта, кез келген жерде адамдар қан жоғалтатын жазатайым оқиғалар болуы мүмкін. Қан мен оның компоненттерін тапсыру, сондай-ақ оны тексеру, біраз уақытты қажет етеді, ал қан дереу қажет болуы мүмкін. Донорлық шұғыл емес, жүйелі болу керек, тек осылай ғана төтенше жағдайлардан зардап шеккендерді қан мен оның компоненттерінің қажетті қорымен қамтамасыз етуге болады. Қан науқас және зардап шеккендерге жыл сайын керек, сондықтан емделушілерді жеткілікті мөлшерде қанмен және оның компоненттерімен тұрақты және бүкіл ел көлемінде қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін тұрақты донорлық өте маңызды. Сонымен қатар, тұрақты донор ең қауіпсіз қан тапсырады, өйткені ол жүйелі түрде тексеруден өтеді және оның денсаулығының жай-күйі бақылауда болады.
№2-інші аңыз: «Қан тапсыру кезінде қандай да бір жағымсыз ауруды жұқтырып алуға болады».
Шын мәнінде, қан тапсыру донор үшін мүлдем қауіпсіз. Қазақстан Республикасының барлық қан орталықтары қан дайындау үшін бір реттік, стерильді медициналық мақсаттағы бұйымдармен, жеке жүйелермен қамтамасыз етілген, оларды медициналық қызметкерлер тек донордың көзінше ашады және қолданғаннан кейін оларды жояды.
№3-інші аңыз: «Донорлық - бұл ауыртады».
Инені шаншудан өз сезімін білу үшін, шынтақтың ішкі жағынан терісін сәл шымшу жеткілікті. Шамамен дәл осындай сезімді адам тапсыру рәсімі кезінде сезінеді. Бұл өте қарапайым рәсім, мың донор өмір бойы 40 және одан да көп рет қан тапсырады.
№4-інші аңыз: «Менде кең таралған қан тобы, менің қаным қажет емес».
Дәл осындай қан маңыздырақ екені шындық! Ең кең таралған қан тобы науқастарда да жиі кездеседі. Бірақ, бұл ретте, кең таралған және сирек кездесетін барлық топтардың қаны үнемі талап етіледі.
№5-інші аңыз: «Бұл маған қатысты емес».
Кез келген адамға донорлық қан кез келген уақытта қажет болуы мүмкін. Статистика бойынша, әрбір үшінші адам өмірінде қан құйдыруға мұқтаж. Ол Сіздің отбасыңыздың немесе достарыңыздың біреуі болуы мүмкін.
№6-ншы аңыз: «Келесі күні демалу үшін, қанды жұмада ғана тапсыруға болады».
Шын мәнінде, кез келген жұмыс күні қан тапсыруға болады. Қан тапсырудан кейін арнайы ұзақ мерзімді демалыс талап етілмейді. Тапсырудан кейін 10-15 минут отыру керек, сондай-ақ күні бойы ауыр физикалық жүктемелерден аулақ болып және тамақтану бойынша қарапайым ұсыныстарды ұстану керек. Қан тапсырған күні және оның қарсаңында майлы, қуырылған, ащы және сүрленген, сондай-ақ, сүт өнімдері, жұмыртқа және сары май, шоколад және құрмалар ұсынылмайды. Тосаппен тәтті шай, сусындар, морстар, компоттар, минералды су ішіп, нан, кептірілген нан, кепкен тоқаш, майсыз суда пісірілген жарма, макарон, көкөністер мен жемістер (бананнан басқа) жеу керек. Қан тапсырудан кейін екі тәулік ішінде мол және тұрақты тамақтану керек. Бұдан басқа, ақысыз донорға екі демалыс күнге ақылы анықтамалар беріледі: бірі - қан тапсырған күнге және тағы бірі – қосымша күнге. Осы демалыс күндерін, жұмыс берушімен келісім бойынша, басқа күндері қолдануға немесе жыл сайынғы еңбек демалысына қосуға болады.
№7-нші аңыз: «Тұрақты қан тапсырулар ағзаны көп көлемде қан әзірлеуге мәжбүрлейді, бұл денсаулық үшін зиянды және тәуелділік тудырады».
Донорлық сау адамның ағзасына зиян келтірмейді, ал қан донациясы әдеттілік тудыруы мүмкін емес, өйткені адам ағзасы даму үрдісінде қан алуға бейімделген. Ұзақ уақыт бойы қан тапсыратын донорларға жасалған көпжылдық бақылаулар, оларда қан тапсырулармен байланысты ешқандай ауытқуларды анықтамады. Ғылыми негізделген мөлшерде қан кетудің ынталандырушы әсері бар, сондықтан донорлар көбінесе белсенді және мейірімді адамдар. Айналадағылар мұны бұл донорлыққа тәуелділік деп қате бағалауы мүмкін. Бірақ бұдан ағза бұрынғыдан көп қан өндірмейді, тек қана қан кетуден кейін тез қалпына келуге қалыптасады.
№8-інші аңыз: «Кім темекі тартады, оларға қан тапсыруға болмайды»
Егер Сіз темекі тартатын болсаңыз, онда рәсімге дейін бір сағат темекі тартпау керек және одан кейін екі сағат темекі тартуға болмайды.
«Шығыс Қазақстан облыстық қан орталығы» КМҚК Донорларды жинақтау бөлімінің меңгерушісі Марина Викторовна Плиско-Полякова