Полная версия сайта Каз

Портал управления здравоохранения Восточно-Казахстанской области

8(7232) 701-131

г.Усть-Каменогорск, пр.Ауэзова 26

Бронх демікпесі24.04.2018ж.

Бронх демікпесі – бұл бронх реактивтілігінің (аллергендер мен бейспецификалық факторларға бронхтардың қабылдағыштығы) артуымен, тыныс алу жолдарының  қайтымды бітелу (тесіктің тарылуы) симптомдарымен сипатталатын, созылмалы қабыну ауруы.

Ауру демігудің қайталаған белгісі, тыныс алудағы ысқырық, жөтел (әсіресе түнде және таң ата) және кеуденің қысылу сезімімен байқалады.

Жіктелуі:

Клиникалық жүрісі бойынша

Күрделілік дәрежесі бойынша:

Ауруларды бақылау деңгейі бойынша (қолданылған ұстап тұратын емнің нәтижелілігі) ауруларды келесі түрлерге бөледі: бақыланатын, ішінара бақыланатын, бақыланбайтын.

Таралуы:

Әртүрлі мәліметтер бойынша бронх демікпесімен халықтың 3-тен 10%-на дейінгі– балалар және әртүрлі жыныстағы және жастағы ересектер запа шегуде. Алайда балалар арасында кең таралып отыр.

Осы аурудың тұқым қуалаушылық дерегін растайтын зерттеулер де бар.

Бронх демікпесі ауруының басым саны (80% дейін) аллергиялық реакциялармен байланысты.

Ұстамалардың туындау себептері:

Бронх демікпесі – бұл өте жекелей ауру.

Әрбір пациентте ауру барысының өзіндік себептері мен ерекшеліктері бар, дегенмен анағұрлым жиі кездесетін, факторларды бөліп қараймыз:

Симптомдары:

Демікпе ұстамасының алдын алу:

1) пациентті дұрыс тыныс алу мен көңіл-күйі төмендеген кезде өзін-өзі бақылауға үйрету – бұл науқасты қараудың маңызды факторларының бірі;

2) тәуекел факторының әсерін жою.

Диагностика:

Ауруды диагностикалау үшін бірқатар міндетті зерттеулер жүргізу қажет, ал бұл үшін аллерголог дәрігердің қабылдауына келу қажет.

Емдеу ауру жүрісінің күрделігіне, демікпеге қарсы препараттарға қолжетімділік, түнгі симптомдармен қоса, созылмалы симптомдардың аз болуына қамтамасыз ету үшін науқастың жеке өмір жағдайына қарай таңдайды.

Заманауи бронх демікпесін консервативтік емдеу өте тиімді.

Бірінші кезеңде асқынуды басатын препараттар, одан кейін – ұстап тұратын ем тағайындайды.

Демікпені емдеп, жазудың жетістігі – бұл емделушінің жауапкершілігі екенін ұмытпаған жөн. Дәрілерді жиі және ұзақ қабылдау, сондай-ақ қадағалау күнделігінде өзінің жағдайындағы өзгерістерді жазып отыруы қажет.

Жиі тағайындалатындар:

Болжам: Аурудың күрделі жүрісі кезінде – мүгедектік.

Профилактикасы:

Бастапқы профилактика шарасына жататындар: бронх демікпесіне тұқымқуалаушылықпен жақын адамдарды бақылауға алу, асқынулар туғызушы факторлар ретінде ЛОР-ағзаларының созылмалы инфекциясы, тыныс жолдарының инфекциясы, кейбір ас қорыту ағзалары ауруларының ошақтарына сауықтыру жүргізу. Темекі шегумен күресу, бронх демікпесі триггерлерінің әсерін азайту және дәрі-дәрмекпен емделу тұтынушылығын азайту. Қайталанатын профилактика шараларына диспансерлік қадағалау, спецификалық аллергиялық сезімталдықты азайту, қайталануға қарсы емдер, бронхолитиктерді жүйелі түрде қабылдау, санаторлық-курорттық емдеулер жатады.

 

«Өскемен қаласының № 1 емханасы» ШЖҚ КМК аллерголог дәрігері Ягудина Алмагул Халеловна

 

Артқа