Жыл сайын әлемде 470,6% мыңдай жатыр мойнағының обырымен (ЖМО) ауыратын науқастар тіркеледі, олардың 14,2%-зы қатерлі ісікке шылдыққандар болып келеді.
Науқастардың орташа жасы 58-ден 55-ке төмендеді (М.И.Давыдов,Е.М. Аксель, 2004).
Қазақстан Республикасында әйелдер онкопатологиясының құрылымында жатыр мойнағының обыры үшінші орынды алады және 7,7%-ды құрайды, бастапқы аурушаңдық 100 мың әйелге шаққанда 13,2–тен (2000ж.) 14,8 (2005ж.) жағдайға дейін кездеседі (Ж.А.Арзыкулов, Г.Д. Сейтказина, А.Ж. Махатаева, 2005ж).
Жатыр мойнағы обырының дамуына келесі себептер түрткі болады:
Жыныстық өмірді ерте жастан бастау (15 жастан), жыныстық серіктестерді жиі ауыстыру, некеден тыс қатынастар, ерте жастан жүкті болу және босану (18 жасқа дейін), кеш жүкті болу және босану (28 жастан кейін), көптеген босану және аборт жасау, босанудан кейін жатыр мойнағының жыртылуы және тіліктердің пайда болуы, жатыр мойнағының эрозиясы, жыныстық жолдардың инфекциялары, жыныстық гигиенаның болмауы, шылым шегу, кәсіби жағымсыз әсерлер: тау-кен, мұнай өндіретін зауыттар, темекі өндірісі, көмір өнеркәсібі, әйелдерде немесе жыныстық серіктесте вирустық немесе герпестік (ВПГ-2) папилломаның болуы, күрделі тұқым қуалаушылық, иммундық жетіспеушілік жағдайлары.
Жатыр мойнағы обырының бастапқы белгілері: ақтаңдақ шығындылардың көп болуы, жыныстық жолдардан қанды шығындылардың шығуы (жыныстық қатынасқа түскен кезде, тексеру кезінде). Белгі бермей де жүруі мүмкін.
Жатыр мойнағының обырын туғызатын аурулар:
жатыр мойнағының эрозиясы (шынайы эрозия, жалған эрозия), лейкоплакия, эритроплакия, жатыр мойнағының полипі, жатыр мойнағының дисплазиясы.
Мына кеңестер денсаулықты аман алып қалуға септігін тигізеді:
7. жатыр мойнағының ісікке дейінгі ауруларын емдеу.
Дәрігерге уақытында қаралу және сенім арту – сауығып кетудің бірден-бір кепілі!
Ана мен бала орталығының акушер- гинеколог дәрігері: Ильенкова В.П.