Кіру
You can authorize on site with:
Google Vkontakte Mailru

Балалар мен жасөспірімдердің тамақтануындағы ерекшеліктер05.04.2018ж.

Балалар мен жасөспірімдер ағзасының қалыпты дамуы мен салауатты денсаулығын қамтамасыз ететін маңызды факторлардың бірі – дұрыс тамақтануынан болады.

Рациональды тамақтану мидың жұмысын, интеллектіге, орталық нерв жүйесінің қалыпты дамуына, организмнің түрлі ауруларға қарсы тұру қабілетін арттырып, балалар арасында өлім-жітімнің азаюынан септігін тигізеді. Өсіп келе жатқан организмнің морфофункционалды ерекшеліктерін ескерген жағдайда, Балалар мен жасөспірімдердің тамақтану рационалды деп есептеледі.

Балалар организмінде сапалы ақуыздардың жеткілікті мөлшері ескерілуі керек. Сүт ақуызы және сүт өнімдері ағзаға пайдалы екені белгілі. Организмнің белсенді дамуы үшін бала ағзасы амин қышқылдарына да зәру болады. Жұмыртқа – лицетинмен қосылып, биологиялық ақуызыдың бай көзі болып табылады. Майлар белгілі бір мөлшерде бала ағзасына қажет. Өсімдік майы, сүт, қаймақ, кілегей, ай ран, жұмыртқа,–май көзі болып табылады. Көмірсулар – баланың қимыл-қозғалыс белсенділігіне қажет қуат көзі. Қарапайым көмірсулар дәміне қарай тәтті болып келгендіктер, балалар жақсы көреді. Алайда, тәтті тағамдар ас қорыту секрециясын тежейді, сондықтан тәтті тағамдарды тамақтан бұрын қолданбаған жөн. Тәттілерден кейін бала басқа тағамдарға тәбеті болмай қалады, күнделікті ағзаға қажетті ақуыздар мен майлар және басқа да нутриенттер жеткіліксіз болады.

Бала өскен сайын оның организмнің дәрумендерге қажеттілігі арта түседі. Әсіресе, А және Д дәрумені аса қажет.

Минеральды тұздардан – кальций, фосфор, темір, йод, фтор, селен, цинк. Кальций тірек қызметіне қажетті болғандықтан, бала ағзасына кальций көп мөлшерде түсу керек,

Сүт және сүт өнімдері, жұмыртқаның сарысы, жеміс-жидектер кальцийдің таптырмас көзі. Нан, ет, балық және тауық етінде фосфор болады.

Йод – қалқанша безінің жұмысына жауап береді. Теңіз өнімдері және йодталған тұздың құрамында йод болады.

Тамақтану ерекшеліктері: баланың жасы кіші болған кезде, бала жиірек тамақтануы қажет. Таңғы және түскі асқа тамақ рационында ақуыздарға бай тағамдар болғаны жөн. Олар зат алмасу процесі мен орталық жүйке жүйесінің жұмысын жақсартады. Асқазанда баяу қорытылып, тоқтық сезімін сақтайды.

Дәрігерлердің басты мақсаты балалар арасында салауатты өмір салтын насихаттау және дұрыс тамақтануға шақыру болып табылады. Қазіргі таңда абабал арасында қимыл белсенділігі аз болғандықтан, балалар әртүрлі созылмалы ауруларға шалдығып жатады. Диетологтардың ұсынысы бойынша күнделікті 5 түрлі жемістердің түрін қабылдау қажет (алма, апельсин, бір порция жасыл шөптер қосылған салат, бір стакан жеміс шырыны ). Жемім-жидектредің іщінде пайдалысы- - қырыққабат. Мұнда жүрек жұмысын қажет К дәрумені бар. Бұған қоса, картоптың да пайдасы мол. Калий және магнийға бай. Суға қайнаған картоптың қуаттылығы төмен болғандықтан, каропты қан диабеті және семіздік кезінде қолдануға болады. Сәбіз – бұл А дәруменіне бай, әрі ағзаға тез сіңеді. Қызылша – артық салмақ кезінде пайдалы.

Бала организмі өте сезімтал болғанлықтан, балаға жастайынан табиғи тағамдар беріп өсірген жөн. Мектеп жасындағы бала ағзасы белсенді даму және өсу үстінде болады. Сондықтан баланың әрбір күндік тағам рационын дұрыс белгілеу керек.

Қасымбекова Майнұр Қасымбековна ҚР ДСМ ҚДСК «Өскемен қ ҚДСБ» РММ бас маманыБалалар мен жасөспірімдер ағзасының қалыпты дамуы мен салауатты денсаулығын қамтамасыз ететін маңызды факторлардың бірі – дұрыс тамақтануынан болады.

Қасымбекова Майнұр Қасымбековна ҚР ДСМ ҚДСК «Өскемен қ ҚДСБ» РММ бас маманы

Артқа
Яндекс.Метрика