Кіру
You can authorize on site with:
Google Vkontakte Mailru

Мемлекеттік қызмет көрсету саласында – айтарлықтай өзгерістер20.03.2018ж.

Қазіргі таңда, мемлекеттік қызмет көрсету тақырыбы өзекті тақырыптардың біріне айналып отыр. Соңғы жылдары мемлекеттік қызмет көрсету саласында біршама  өзгерістер орын алды. Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыруға бағытталған  әлеуметтік маңызы бар нормативтік құқықтық актілер қабылданды, мемлекеттік аппарат құрылымында алға басушылық байқалды.

ҚР Денсаулық сақтау министрлігі қоғамдық денсаулық сақтау комитеті ШҚО департаменті «Өскемен қ қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы» РММ  «Халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласында мемлекеттік қызмет көрсету стандарттарын бектіту туралы ҚР Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының » 2017 жылдың 28 сәуіріндегі № 217 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» 14.09.2017 ж № 695 ҚР ДСМ бұйрығына сәйкес келесі қызметтер жүргізіледі:

-«Халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы және гигиеналық нормативтер саласында жоғары эпидемиялық маңызы бар объектінің нормитивтік құқықтық актілерге сәйкестігі (сәйкес емес) туралы санитарлық-эпидемиологиялық қорытынды беру». Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі – 15 (он бес) жұмыс күні.

- «Физикалық факторлардың сыртқы ортаға және  шекті рұқсат етілген тастанды, шекті рұқсат етілген шығынды бойынша, санитарлық қорғалу аймағы мен  санитарлық-қорғаныс аймағына, шикізат пен өнімнің нормативтік құжаттама жобасына санитарлық-эпидемиодогиялық қорытынды беру». Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі – 15 (он бес) жұмыс күні.

- «Тағам өнімдерін өндіру (өндіріс) объектісіне есептілік нөмір беру». Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі – 7 (жеті) жұмыс күні.

Мемлекеттік қызмет көрсету түрі: электрондық нұсқада (жартылай автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде.

Мемлекеттік қызмет - жеке және заңды тұлғаларға тегін көрсетіледі.

«Халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы және гигиеналық нормативтер саласында жоғары эпидемиялық маңызы бар объектінің нормитивтік құқықтық актілерге сәйкестігі (сәйкес емес) туралы санитарлық-эпидемиологиялық қорытынды беру» мемлекеттік қызметті алу үшін келесі құжаттарды тапсыру қажет:

мемлекеттік қызметтер стандартының 2-қосымшасына сәйкес өтініш жазу; мемлекеттік қызмет көрсету стандартының қосымшасына сәйкес санитарлық-эпидемиологиялық қорытынды алуға қажетті, зертханалық-құралдық (сынаулар) зерттеулерге сәйкес аккредиттелген зертхналармен жүргізілген зерттеу (сынаулар) хаттамасы;

1. «электрондық үкімет» веб порталы арқылы: www.egov.kz

2. Қызмет көрсетуші - ҚР Денсаулық сақтау министрлігі қоғамдық денсаулық сақтау комитеті ШҚО департаменті «Өскемен қ қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы» РММ. Мекенжайы: Өскемен қ., 30-Гвардия дивизиясы к-сі 22. Т. 54-05-30.

Көрсетілетін мемлекеттік қызметке өтінішерді қабылдау және нәтижерелін беру басқарманың кеңсесінде сағат 9.00 – 17.30 дейні, түскі үзіліс 13.00 – 14.30 жүргізіледі.

Қызметті алушы көрсетілген мемлекеттік қызмет тиісті дәрежеде жүргізілмеген жағдайда, ҚР Денсаулық сақтау министрлігі қоғамдық денсаулық сақтау комитеті ШҚО Департаментінің мекенжайына: Өскемен қ., Тәуелсіздік даңғ., 17. Тел.7 (7232) 76-75-49. немесе ҚР Денсаулық сақтау министрлігі қоғамдық денсаулық сақтау Комитетіне  Астана қ., Сол жағалау, Министрлер үйі. 5-подъезд мекенжайына келесі тел номері бойынша: +7(7172) 74-30-66, +7(7172) 74-19-68) шағымдануға құқығы бар.

Артқа
Яндекс.Метрика