Кіру
You can authorize on site with:
Google Vkontakte Mailru

«Туберкулез - қауіпті ауру !»20.02.2018ж.

  Дүниежүзілік  медицина ұйымы жер шарында жыл сайын:

 - 9-10 миллион адам түберкүлездің бацилла бөлетін түрімен ауыратындығын;

  -  2  миллион адам түберкүлезден қайтыс болатындығын;

-  Жер шарындағы тұрғындардың 1/3 бөлігі түберкүлез микобактериясын жұқтыратындығын;

 -  Жұқтырғандардың 10-нан 1-уі өмірінде белсенді туберкулез ауруымен ауырғандар  болып шығатындығын;

  - Емделмеген жағдайда микобактерия бөлетін әрбір туберкулез ауруымен ауырған науқас  жыл сайын 10- 15 адамға жұқтыратындығын куәләндіріп отыр.

Облыста мемлекеттік Денсаулық бағдарламасы бойынша түберкүлез аурушаңдығы 2017 жылдың индикаторлық көрсеткішінен аспайды (100 адамға шаққандағы көсеткіші - 61,5, облыстық көрсеткіш - 53,4). Түберкүлез аурушаңдығы балалар арасында, түберкүлезден қайтыс болғандардың көрсеткіші өткен жылмен салыстырғанда бір деңгейде, жасөспірімдер арасында 15,6 пайызға төмендеді. Балалар мен жасөспірімдер арасындағы түберкүлез аурушаңдығы республикалық көрсеткіштен 1,8 және 1,4 есеге төмен.

Туберкулез микобактериясы  ауа аламасуымен адам ағзасына еніп, өкпені зақымдайды. Басқа да ағзалардың - көз, ішек, бүйрек және зәр шығару жолдары, сүйек және тағы басқада органдардың зақымдануына әкеліп соқтыруы  мүмкін. Микобактерия өкпеде өсіп-өніп, қабындырады, содан соң тіндерді бұзып, ыдырауына (кавернаға)әкеліп соғады

Жөтелгенде, түшкіріп, сөйлеген кезде микобактериялар қақырықпен бірге ауаға тарап, ауада бірнеше сағат бойы болады. Егер туберкулездiң ашық (жұқпалы) түрiмен ауыратын адам ұзақ уақыт ауа алмаспайтын орында (пәтер, жұмыс орны, аурухана, автокөлiк) болса, сол жердiң ауасына туберкулез таяқшалары соншама көп тарап, басқа да адамдардың тыныс ағзаларына түседi. Туберкулез негiзiнде осындай жолмен жұғады. Мұны ауа арқылы жұғу дейдi. Одан басқа да тамақ арқылы (ауру сиырдың сүті), зақымданған шырышыт қабық,  тері арқылы да (қарым-қатынас) жұғу жолдары бар.Ауа барлық адамдарға бірдей ортақ болғандықтан туберкулез бактериясын жұқтырудан ешкім қорғалған емес. Туберкулез  кез келген адамға жұғуы мүмкiн, әсiресе балалар мен егде жастағылар үшiн өте қауiптi. Ал егер, туберкулезбен ауыратын адаммен жақын қарым-қатынас жиi, әрi ұзақ болса, туберкулездi жұқтырып алу қаупi арта түседi.Туберкулездi жұқтырған адамдардың 90-95% бұл аурумен ешқашан ауырмайды. Ал жұқтырғандардың қалған 5-10% бойында туберкулез таяқшалары өз уақытын күтiп тынығып жатады. Қалай адам әлсiреп, түрлi себептермен ағзаның қорғаныш күшi азая бастаса, туберкулез таяқшалары белсендiлiк танытып, аталмыш аурудың қозуына себепшi болады.

Егер ағзаның қорғаныш күшi мықты болса, ауру адаммен жақын қарым-қатынасы сирек болса, ағзаның жасушалары өкпеге түскен туберкулез таяқшаларын жойып жiбередi де туберкулездiң жұғуын мүлдем болдырмайды.

Бүгiнде туберкулезге шалдыққандардың басым көпшiлiгiн аурудан толық айықтыруға болатындығы дәлелденген. Егер ауруды ерте анықтау, емдеу жұмыстары дұрыс ұйымдастырылып қадағалау арқылы үзiлiссiз жүргiзiлсе, өкпенің және басқа ағзалардың зақымдалуына жол бермей, туберкулезбен ауырғандар бұл аурудан толық жазылады!

Туберкулез ауруының белгiлері: жөтел, әлсiздiк, дене қызуының көтерiлуi, кеуде тұстың ауруы, тәбеттiң, салмақтың, жұмысқа деген қабiлеттiң төмендеуi. Онан әрi бұл белгiлердiң бәрi үдеп күшейе түссе, науқастың қан қақыруға жалғасуы мүмкін. Бұл белгілер басқа ауруларда да болуы мүмкін, бірақ жоғарыда көрсетілген кез-келген  клиникалық белгілермен бірге жөтел 2 аптадан артық уақытқа созылса, мiндеттi түрде медициналық мекемеге барып, дәрiгерге қаралып, туберкулез ауруына тексерiлу керек. Туберкулездiң осындай негiзгi белгiлерiне адамдардың көбiсi көңiл бөлiп, дәрiгерге қарала қоймайды, немесе өз бетiмен ем қабылдай бастайды.

Туберкулездің алдын алудың тиімді бір әдісі –халықтың  профилактикалық медициналық тексеруден  өтуі болып табылады

Туберкулез рентгенологиялық әдіспен анықталады – ол кеуде қуысын  флюорорграфиялық және рентгенологиялық тексеруден өткізу.

Балалар арасында туберкулезді анықтаудың маңызды әдісі туберкулин сынамасын қою. Бұл әдіс ағзаның туберкулез бактериясымен залалданғанын және баланың туберкулез жұқтырғандығын уақтылы диагностикалауға мүмкіндік береді.

Туберкулин  диагностикасы  12 айдан бастап 14 жасқа жеткен тәуекел тобындағы балаларға Манту сынамасын қою арқылы жүргзіледі. Манту сынамасын бұрынғы  қойылған сынамалардың  нәтижесіне қарамастан жылына бір рет қояды. Ол, БЦЖ вакцинасын егу мен қайта егу  контингентін іріктеу, ауруды ерте анықтау  мақсатында жасалады.

 Туберкулездің алдын алу:

Туберкулезбен ауыратын науқастар өзінің маңайындағы адамдарға жұқтырмаудың шараларын жасаулары тиіс. Ол,  бактерияның бөлінуі тұрақты  тоқтағанша басқа адамдармен әсіресе балалармен араласуды шектеу (қақырықтың тексеру нәтижесі оң болуы тиіс). Бұндай шаралар отбасын, әсіресе балаларды және де туысқандар, достар, әріптестер мен қоғамның басқа мүшелерін де туберкулез  ауруын жұқтырудан  тиімді қорғайды.

 Есте сақтау қажет туберкулез:          

Туберкулез – бұл барлық қоғамның өзекті мәселесі, оның таралуын  білетін  әрбір адам өзінің білімін күнделікті өмірде қолдана отырып тоқтата алады.

Артқа
Яндекс.Метрика