Учаскелік дәрігерге тіркелу |
Қабылдауға тіркелу |
Өтініш беру |
Менің емханамды iздеу |
Ауруханалар және емханалар |
Алғыс білдіру |
Жаңалықтар |
Шаралар |
Көрсетілген ұсыныстардың сапасын бағалау |
Өскемен қаласы бойынша тұмау және жіті респираторлы-вирусты жұқпалар жағдайлары бойынша эпидемиологиялық ахуал қанағаттарлық. 2018 жылдың 2 аптасы нәтижесі бойынша аурушаңдық төмен қарқынды кезеңдік көтерілумен сипатталады.
Ауырғандардың негігі үлесін 14 жасқа дейінгі балалар (60%), соның ішінде 30% жоғары мектеп жасындағы балалар құрайды. Аурушаңдықтың қарқынды көтерілуі ақпан, наурыз, сәуір айларында күтілуде. Бұл ағзаның иммундық жүйесінің әлсірейтін, дәрумендердің, минералды заттардың барлық қорларының төмендейтін кезеңі.
Жіті респираторлы вирусты жұқпа және тұмау - әлеуметтік маңыздылығы тұрғысынан адамдарда кездесетін барлық аурулардың арасында бірінші орынды иеленеді. Инфекциялық патологиялардың 90 %-ы ЖРВЖ және тұмаудан кейінгі аурулармен байланысты болады. Әдетте, күз, қыс және көктем кездерінде ЖРВЖ мен тұмауға шалдығу жиі кездеседі. Әсіресе, жиі ауыратын балалар мен ересектер, иммундық қабілеті төмен, созылмалы ауруларды бар адамдар науқастанады.
Тұмауға шалдығу адамдармен сөйлесу кезінде, жөтелгенде, түшкіргенде, тұмау вирусымен зақымдалған тұрмыстық заттар мен кір қол арқылы да жұғады.
Бүгінгі күнде екпе тұмаудың алдын алуда ең тиімді және қауіпсіз шара болып саналады. Екпенің тиімділігі 90% жоғары құрайды. Халыққа тұмауға қарсы екпенің ұзартылғаны жайлы хабарлаймыз. Оқушылар арасында тұмау аурушаңдығын азайту мақсатында мекемемен аймаққа 4500 доза жеткізілді. Соған орай балаларының тұмау екпесіне қарсы көрсеткіштері жоқ ата-аналарға және ересек адамдарға тұрғылықты жері бойынша емханалардан екпені алуға болады. Екпе тегін жүргізіледі.
Вакцинадан бөлек тұмау және басқа да ЖРВЖ алдын алу үшін келесі шараларды есте сақтау керек:
- адамдар көптеп жиналатын орындарға баруды шектеу
- жеке бас гигиенасын сақтау, бөлмелерді ылғалды тазалау, жиі желдету
- сарымсақ, полидәрумендерді, аскорбин қышқылын пайдалану
- ЖРВЖ белгілері пайда болған кезде уйге дәрігерді шақыру керек.
Мақаланы дайындаған: «ҚР ДСМ ҚДСК ШҚО ҚДҚ департаментінің Өскемен қ. қоғамдық денсаулықты қорғау басқармасы» РММ аса қауіпті инфекциялар жәнепаразитарлы, жұқпалы ауруларды эпидемиологиялық қадағалау бөлімінің басшысы Айдарқызы Арай