Учаскелік дәрігерге тіркелу |
Қабылдауға тіркелу |
Өтініш беру |
Менің емханамды iздеу |
Ауруханалар және емханалар |
Алғыс білдіру |
Жаңалықтар |
Шаралар |
Көрсетілген ұсыныстардың сапасын бағалау |
Үсу төменгі температура әсерінен дененің кез-келген бөлігінің зақымдануынан болады. Көбінесе қыстың суық мезгілінде қоршаған орта температурасы -100 С -20 0С болғанда үсу пайда болады. Куз-көктем кезінде ауа температурасы нолден жоғары болғанда , қатты желде және әсіресе жоғары ылғалдылықта ұзақ уақыт ғимараттан тыс жерде ұзақ уақыт болғанда дененің үсуі дамиды.
Аяз кезінде усікке тар және ылғал киім мен аяқ киім, физикалық шаршау, аштық, ұзақ уақыт қозғалыссыз жағдай, бұрынғы басынан кешкен сырқаттарының әсерінен организмнің әлсіреуі әкеліп соғады. Статистика бойынша ауыр дәрежедегі усулерден аяқ-қолды ампутациялауға әкелу себебі қатты алкогльды масаю жағдайы.
Үсудің белгілері:
Үсу кезіндегі бірінші көмек
Бірінші көмек үсуді тоқтату инфекцияның алдын алу және суықтан зақымданған тіндердің қан айналымын қалпына келтіру, аяқ қолдарды жылытуды құрайды. Үсу белгілері болғанда біріншіден- зардап шегушіні жылы ғимаратқа әкелу, суықтан қатқан аяқ-киім, шұлық, қолқаптарын шешу қажет. Жеңіл үсуде (1 дәреже) тоңған дене бөліктерін жылы қолдарымызбен қызарғанша жылыту, жеңіл уқалаумен, жүн материалмен сүрту, тыныс арқылы жылыту, содан кейін мақта-дәке таңғышын салу керек. Тереңірек зақымдану кезінде (2-4 дәреже) жедел қыздыру мен уқалау және сипалау жүргізуге болмайды. Бұл кезде зақымданған жерге жылу сақтайтын таңу (қабат дәке, қалың қабат мақта ал бетіне клеенка) салу керек. Жылу сақтайтын материал ретінде ватник киім, жейде, жүн материалдарды қолдануға болады. Зардап шегушіге ыстық шай, ыстык тамақ беріңіз. Жалпы үсудің жеңіл дәрежесінде зардап шегушіні судың алғашқы температурасы 240С болатын, кейіннен дененің қалыпты температурасына дейін жоғарылатып жылы ваннаға түсіру қажет. Жылдам жылыту заттарын (ошақтың жаны, жылыту құралдары) пайдалануға болмайды себебі олар үсу ағымын нашарлатады. Жалпы үсудегі орташа және ауыр дәрежесінде тыныс алу мен қан айналу бұзылғанда зардап шегушіні жедел түрде ауруханаға жеткізу қажет.
ҚР ІІМ ТЖК «Апаттар медицинасы орталығы» ММ Шығыс-Қазақстан облысы бойынша филиалының дәрігері Мусабалинова Гұлнара