Учаскелік дәрігерге тіркелу |
Қабылдауға тіркелу |
Өтініш беру |
Менің емханамды iздеу |
Ауруханалар және емханалар |
Алғыс білдіру |
Жаңалықтар |
Шаралар |
Көрсетілген ұсыныстардың сапасын бағалау |
Көмірқышқыл газы- түссіз, иіссіз, жоғары токсинді газ. Уландыру әсері ол тыныс жолдары арқылы қанға өтіп, гемоглобиннен оттегіні ысырып, ағзадағы оттегіні тіндерге тасымалдау қызметін бұзады. Содан ағзада жедел оттегіге ашығу болады.
Көмірқышқыл газымен уланудың белгілері:
Уланудың жеңіл дәрежесінде: бастың ауырсынуы, пульсациясы, маңдай мен төбе аймағында ауырсыну сезімі, көз алдында ұсак қара дақтар пайда болып, құлағында шу болады, тері қабаттары қызаруы, журегі қатты соғады, құлагы бітеліп, дірілдеу, әлсіздік, жүрегі айну мен құсу болады.
Уланудың ауыр дәрежесінде жоғарыда айтылған белгілер мен қоса: ұзаққа созылған бұлшық еттің ауырсынуы, пульс жиілейді, қарашығы кеңейген, тынысы тарылып, бас айналу пайда болады. Есі шатасып, ұйқышылдық болады. Бұлшық еттің әлсіздігінен ішектер мен қуықтың өздігінен босаңсуы болады. Науқастың беті бозарады. Жүрек соғысы естілмей, тыныс алуы әлсіреп ,біртіндеп тоқтауы мүмкін.
Көмірқышқыл газымен улану кезіндегі алғашқы көмек барынша жедел жасалуы тіиіс.
Жедел жәрдем шақырып, зардап шегушіге алғашқы медициналық көмекті көрсете бастаймыз.Егер зардап шегуші ессіз жағдайда жатса келесі шараларды орындау керек: Уланған жерінен таза ауаға алып шығып, арқасымен горизанталды жатқызамыз. Денесін қысып, тыныс алуға кедергі жасап тұрган киімдерін шешеміз. Кез келген ауа райында наукастың сыртқы киімдерін шешіп кеуедесін ашамыз. Сосын бетіне, кеудесіне су себеміз осыны бірнеше рет кайталаймыз.Су жоқ болса мұз, қар, салқын шүберекті шекесіне қоямыз. Егер наукас есіне келмесе мүсәтір спиртімен мұрнына иіскетіп тітіркендіреміз. Егер бұл шаралар көмектеспесе жүрегіне жабық массаж және жасанды тыныстандыруға көшеміз
Естеріңізде болсын уланып қалмас үшін үйдегі пештің құбырларын қадағалап, мұржаны бақылау керек.
Дайындаған ҚР ІІМ «Апаттар медицинасы орталығы» ММ ШҚО бойынша филиалының дәрігері Серғазин Самиғолда