Су - тіршілік көзі деп бекер айтылмаған. Су ауадан кейінгі ағза үшін ең қажетті компонент. Себебі алғашқы тіршілік суда басталады, бірде-бір тірі ағза сусыз өмір сүре алмайды. Адам организмі 86% судан тұрады, ағзадағы қанның негізгі құрамы су болып табылады. Су ағзадағы барлық биологиялық алмасу үрдістеріне қатысады. Таза суды тұтыну ішкі органдардың қалыпты жұмысын қамтамасыз етеді. Суға ересек адамның тәулiктiк қажеттiлігi – дене салмағының әрбір 1 кг-на 30-40 граммды құрайды.
Адам өмірі үшін су тек қана ішу үшін емес, тамақ әзірлеуге, жеке бас гигиенасын сақтауға және әр түрлі тұрмыстық, өндірістік мақсаттарға қажет.
Шығыс Қазақстан аумағында 315 елді мекен тұрғындары (41%) орталықтандырылған су көздерінен, 430 елді мекен тұрғындары орталықтандырылмаған су көздерінен (құдықтар, скважиналар және т.б.) (55,9%), 21 елді мекен ашық су көздерінен, 2 елді мекен тасымалы ауыз сумен қамтамасыз етілген.
Халықты сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету мақсатында қазіргі уақытта «Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 28 маусымдағы №728 қаулысында іс-шаралар белгіленіп, орындалуы бақылануда. Мемлекеттік және өңірлік бағдарламалар аясында атқарылған іс-шаралар аясында тұрғындарды сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету жағдайы жақсарғанын айта кеткен жөн. Орындалған жұмыстардың көлемі талаптарға сәйкес келмейтін су құбырларының азайып, облыс тұрғындарының 86% сапалы ауыз сумен қамтамасыз етуге қол жеткізуге мүмкіндік берді.
Біздің қызмет мамандары сумен қамту нысандарына қадағалау жүргізу барысында анықталған нормативтік-құқықтық актілер талаптарының бұзылушылықтары бойынша 110 тұлға әкімшілік жауапқа тартып, 6 материал сот органдарына жіберілді, кемшіліктерді жою бойынша 110 нұсқама берілді
Біздің қызмет мамандарымен 2017 жылы орталықтандырылған су көздерінен 2541 сынама микробиологиялық көрсеткіштер бойынша зертханалық тексеруге алынды, оның ішінде 57 немесе 2,2%, сынаманың санитарлық талаптарға сәйкессіздігі анықталды (Республикалық көрсеткіш 2,6 %). Санитарлық-химиялық көрсеткіштер бойынша 2548 сынамаға зертханалық тексеріс жүргізіліп, 21 немесе 0,8% сәйкессіз сынама анықталды (республикалық көрсеткіш 2,4%). Орталықтандырылмаған су көздерінен 370 сынама микробиологиялық көрсеткіштер бойынша тексеріліп 12 немесе 3,2% сәйкессіз сынама анықталды, санитарлық-химиялық көрсеткіштерге 339 сынама тексеріліп, 11 немесе 3,2% сәйкессіз сынама анықталды.
Біздің қызмет мамандары тарапынан барлық сәйкессіз сынамалардың себептері анықталып, орын алған кемшіліктерді жою бойынша нұсқамалар беріліп, тиісті шаралар қолданылды.
Сонымен қатар су сапасына өндірістік бақылаулар да жүргізіледі.
Халықты қауіпсіз ауыз сумен қамтамасыз ету мақсатында су сапасына зертханалық мониторинг жүргізу және мемлекеттік, өңірлік бағдарламалардың орындалуына жүйелі бақылау жалғасуда.
ҚР ДСМ Қоғамдық денсаулық сақтау
комитетінің ШҚО Қоғамдық денсаулық
сақтау департаменті коммуналдық
нысандарды қадағалау
бөлімінің басшысы Дырымбаев Б.К.