Онкологиялық қызметінің мамандарын даярлаудың 3- деңгейлік бағдарламасы аясында ШҚО ДСБ "Шығыс Қазақстан облыстық онкологиялық диспансері" ШЖҚ-ғы КМК 2017 жылдың 27-30 қарашасы аралығында РФ маманы С.В. Поповтың қатысуымен "Онкоурологиядағы эндовидеохирургиялық операциялар" ғылыми-тәжірибелік мастер-клас ұйымдастырады.
Пресс-конференцияға қатысушылар:
- Мұқажанов Арман Темирханович – ШҚО онкологиялық диспансері бас дәрігерінің м.а.
- Попов Сергей Валерьевич – «Святитель Лука» клиникалық ауруханасының ДСМА СПА бас дәрігері, эндоскопиялық урология және жаңа технологиялар қалалық орталығының басшысы, онколог, жетекші уролог, медициналық ғылыми докторы, И.И. Мечников атындағы СЗММУ урология және андрология кафедрысының және Санкт-Петербург мемлекеттік университетінің медициналық факультеті кезіндегі урология курсымен хирургиялық кафедрасының доценті. Урологтардың Еуропалық Қауымдастығының Мүшесі (EAU), Урологтардың Американдық Қоғамы, Урологтардың Ресейлік Қоғамы (УРҚ), Онкоурологтардың Ресейлік Қоғамы (ОУРҚ).
- ШҚО штаттан тыс бас маманы, «Өскемен қаласының №1 қалалық ауруханасы» ШЖҚ-ғы КМК урология бөлімшесінің меңгерушісі – Қуандықов Нұрқұмар Қинаятович
Мастер – класс бағдарламасында:
- пресс-конференция, 2017 жылдың 27 қарашасында сағат 09.00-де онкодиспансер стационарының 5- қабатындағы мәжіліс-залында өтеді (сұр түсті ғимарат, картасы қоса беріледі).
- урологиядағы лапароскопиялық араласулар өзекті мәселелері бойынша тақырыптық дәрістер
- қуық асты бездері, бүйректің онкологиялық аурулары кезіндегі лапароскопиялық оперативті араласулар
Сіздерді аталған мастер-класс жұмысына қатысуға шақырамыз және 2017 жылдың 27 қарашасында сағат 09.00-де күтеміз.