ҚР «Денсаулық» денсаулық сақтауды дамытудың мемлекеттік бағдарламасын іске асыру мақсатында мектеп оқушылары мен жасөспірімдердің денсаулығына үлкен көңіл бөлінген. Негізгі міндеттері оқушылардың физикалық және психикалық денсаулығын сақтау мен нығайтуға бағытталған мектеп оқушыларының спортпен айналысуы, мектеп медицинасын дамытуда жағдайлар мен мүмкіндіктер жасау болып табылады.
Медициналық ұйғарым негізінде барлық оқушылар дене шынықтыру сабағында үш топқа бөлінеді: негізгі, дайындық және арнайы. Сол немесе басқа медициналық топқа енгізудің негізгі критерийі ағзаның денсаулық және функциялық жағдайының деңгейі болып табылады. Арнайы медициналық топқа бөлу үшін ағзаның бұзылу дәрежесін міндетті түрде есепке алып, диагноз қою қажет.
Дене шынықтырумен айналысу кезінде негізгі медициналық топқа толығымен І денсаулық тобы, сондай-ақ жартылай ІІ (бар ауру қимыл режиміне маңызды шектеу қоймаған жағдайда) денсаулық тобы жатады. Мұнда ауытқулары жоқ денсаулық және физикалық даму жағдайындағы, функциялық жағдайы жақсы және физикалық дайындық жасына сәйкес, сондай-ақ біраз (жиі функциялық) ауытқулары бар, бірақ физикалық дамуы мен физикалық дайындығы жағынан өз құрдастарынан қалыспайтын оқушылар жатады. Біраз ауытқулары бар – бұлар, мысалы, дене салмағы артық қалыпты көрінген, ағзалары мен жүйелеріндегі кейбір функциялық бұзылулар, тері-аллергиялық реакциялар, табандарының жайпақтығы, нашар көрінген нейроциркулярлық дистония, жеңіл астениялық байқалулар.
Осы топқа жатқызылатындарға дене тәрбиесінің оқу бағдарламасы бойынша толық көлемде оқуға, жекелей дене дайындығының тестісін тапсыруға рұқсат етіледі. Оларға спорттық үйірмелер мен секциялар, БЖСМ және БЖДДҮ топтарында спорттық жарыстар, турнирлер, спартакиада, спорттық мерекелер т.б қатысуға және дайындықтарға рұқсат етіледі.
Дайындық медициналық тобына жататындар, дене дамуынан артта қалушылар; денсаулық жағдайында біраз ауытқулар барлар. Дене және қимылы жеткіліксіз дамыған (дайындық тобы) балалар тәрбиесінің арнаулы мақсаты, олардың дене дайындығын қалыпты деңгейге дейін арттыру.
Әлсіреген денсаулық жағдайы жіті ауруларды жұқтырғаннан кейін, оның созылмалы кезеңге өтуімен, созылмалы аурулар кезінде орны толған, қалған құбылыстар ретінде байқауға болады. Жалпы бағдарлама бойынша балалар дене жаттығуларымен айналысады, бірақ бұл кезде бірқатар шектеулер мен арнаулы әдістемелік қағидаларды сақтау қажет, атап айтқанда, оларға жоғары қарқындылықтағы дене жүктемелерінің үлкен көлемі қарсы көрсетіледі.
Арнайы медициналық топқа (АМТ), олардың денсаулық ерекшелігі ескерілетін, бөлек бағдарлама бойынша дене жаттығуларымен айналысуды талап ететін балалар жатады. Бұл деген оларды дене тәрбиесімен айналысудан босату деген сөз емес, бұл кең көлемде тәжірибеленеді, өйткені, сау балаларға қарағанда дене жаттығулары (дұрыс ұйымдастырылған!) қажетірек проблемаларға қол сілтеуге мүмкіндік береді. АМТ тобына жатқызылған балалар үшін дене шынықтырумен айналысу міндетті болып табылады және оқушылардың жалпы оқу жүктемесінің құрылымына енгізіледі.
АМТ тобына жатқызылған, оқушылардың дене тәрбиесінің негізгі міндеттері:
АМТ аясында «А» топшасына бөледі. Бұлар дене жаттығуларының көлемі мен қарқындылығын шектеуді қажет ететін, тұрақты немесе уақытша (жарақат және жұқтырған аулардан кейінгі) сипаттағы денсаулығында ауытқулар бар, бірақ сақтау режіміндегі, оқу орындарының дене тәрбиесі бойынша мамандандырылған оқу бағдарламаларын орындауға рұқсат етілген оқушылар. Егер олардың денсаулығы және дене дамуының көрсеткіштері жақсара бастаса, оларды дайындық тобына ауыстыруға болады.
«А» тобына жатқызылған оқушылар, дене тәрбиесі оқытушысының басшылығымен оқу орнында арнайы бағдарлама бойынша дене мәдениетімен айналысады.
«Б» топшасына, білікті педагог және дәрігердің бақылауындағы сауықтыру сипатындағы немесе емдік дене жаттығуларын (ЕДЖ) орындайтын және дене жаттығуларының (нозологиялар мен аурулардың күрделілігіне қарай) көлемі мен қарқындылығын маңызды шектеуді қажет ететін, тұрақты немесе уақытша (жарақат және жұқтырған аулардан кейінгі) сипаттағы, сонымен бірге қатерлі созылмалы аурулар, денсаулығында маңызды ауытқулар бар жатқызылған балалар. «Б» тобына жатқызылған оқушылар емдеуші дәрігерінің ұсынысы бойынша «А» топшасына ауыстырылуы мүмкін. Бір медициналық топтан екіншісіне ауыстыру, қосымша дәрігерлік тексеру және оқу тоқсаны, жартыжылдық, оқу жылының қорытындысы бойынша педагогикалық тестілеуден кейін жүргізіледі.
Өскемен қаласының №1емханасы» ШЖҚ КМК ұйымдасқан балалар бөлімінің аға медбикесі Каирлина Лидия Николаевна