Жіті респираторлы вирусты жұқпа (сосын ЖРВЖ) және тұмау - әлеуметтік маңыздылығы тұрғысынан адамдарда кездесетін барлық аурулардың арасында бірінші орынды иеленеді. Инфекциялық патологиялардың 90% ЖРВЖ және тұмаудан кейінгі аурулармен байланысты болады. Әдетте, күз, қыс және көктем кездерінде ЖРВЖ мен тұмауға шалдығу жиі кездеседі. Әсіресе, жиі ауыратын балалар мен ересектер, иммундық қабілеті төмен, созылмалы ауруларды бар адамдар науқастанады.
Тұмауға шалдығу адамдармен сөйлесу кезінде, жөтелгенде, түшкіргенде, тұмау вирусымен зақымдалған тұрмыстық заттар мен кір қол арқылы да жұғады. Науқас адам болған жерде бірге болу – ауруды жұқтырып алуға жетіп жатыр. Науқас адам жөтелгенде, сөйлескенде не түшкірген кезде ауаға тұмаудық қоздырғыштары бөлініп, ол сау адамның ағзасына ауыз арқылы кіріп, одан әрі көбейе бастайды. Аурудың белгілері 1-3 күннен кейін біліне бастайды.
ЖРВЖ және тұмаудың алғашқы белгілері: дене қызуының көтерілуі, буын және бұлшық еттердің ауырсынуы, катаральды белгілер, бас ауруы, мұрыннан су ағу, жөтел, көзден жас ағу, тамақтың ауруы.
Тұмауға шалдықпас үшін қандай шаралар қолдану керек?
Ең бірінші – тұмауға қарсы екпе алу. Вакцинация жүргізуге ең қолайлы мерзім – 1 қазаннан 1 қарашаға дейін.
Өскемен қаласында эпидмаусым кезінде екпе жасайтын кабинеттер жұмыс жасайды:
-« №2 » Буров к. 61,
- «Солжағалау клиникасы» Мекемесі Сатпаев д, 34/1,
Вакцинадан бөлек тұмау және басқа да ЖРВЖ алдын алу үшін келесі шараларды есте сақтау керек:
-ағзаны шынықтыру,
-поли дәрумендерді, аскорбин қышқылын пайдалану,
-жел өтінде тұрмау,
-тоңазудан сақ болу.
-жеке бас гигиенасын сақтау.
-адамдар көптеп жиналатын орындарға баруды шектеу
-«жөтелу этикетін» сақтау (жөтелгенде, түшкіргенде және аурудың алғашқы белгілері болған жағдайда жеке қолорамал қолдану)
- науқас үйде жатқан жағдайда келесі ережелерді сақтау керек:
Жеке бас тазалығын, мүмкін болған жағдайда науқасқа жеке бөлме немесе жек орын бөлу, жеке ыдыс аяқ, төсек орын, орамал және т.б., бөлмені жиі желдетіп тұру және ылғалды жинау, сарымсақты, пиязды, лимонды тұтыну, дәруменделген шырындар мен сусындарды ішу.
- ЖРВЖ белгілері пайда болған кезде үйде қалып, жедел медициналық көмекті шақыру.
Дайындаған «ҚР ДСМ ҚДСК ШҚО ҚДСД Өскемен қ ҚДСБ»
РММ эпидемиологиялық қадағалау бөлімінің басшысының м.а. Бакенова З.С.