Полная версия сайта Каз

Портал управления здравоохранения Восточно-Казахстанской области

8(7232) 701-131

г.Усть-Каменогорск, пр.Ауэзова 26

Құтырма – қауіпті ауру27.09.2017ж.

Қазіргі уақытта құтырма ауруы денсаулық сақтау саласында ғана емес, сонымен қатар ветеринария саласында да маңызды мәселелердің бірі болып отыр. Бұл инфекциялық аурудың маңызды болуы жүз пайыз өліммен аяқталуымен, барлық жерде таралуымен, жануарлардың арасындағы барлық аурулармен тікелей байланысымен, мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық дамуы және халыққа антирабикалық көмекті берумен (жануарлардың тістеуі/сілекейлеуі кезінде иммундаумен) айқындалады.
«Санитариялық-эпидемиологиялық сараптама және мониторинг ғылымипрактикалық орталығының» жүргізген талдауы бойынша елімізде соңғы жылдары халықтың құтырмамен сырқаттанушылық бойынша эпидемиялық жағдай қиындаған. 2014-2016 жылдар аралығында гидрофобиямен – 15 адам, республикамыздың 7 облысы (Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Қарағанды, Қостанай, Қызылорда, Павлодар және Оңтүстік Қазақстан) аумағында сырқаттанған. Гидрофобиямен сырқаттанған 15 адамның 1-еуін қасқыр, 2-еуін түлкі, 1-еуін мысық тістесе, 11-ін ит, соның ішінде қаңғыбас иттер, ал 6-ын өз иттері қапқан.
2016 жылы республикада (Оңтүстік Қазақстан және Жамбыл облыстарында) гидрофобиямен 6 адам сырқаттанды. Сырқаттанған 6 адам мен қайтыс болған 5 адам (83,3%) медициналық көмекке жүгінбеген. Тек бір адам ғана медициналық көмекке жүгінген. Ол иммуноглобулин және антирабикалық вакцианың «0», «3», «7», «14» және «30» курстары бойынша емделді, бірақ 5 екпе науқасты аурудан сақтап қала алмады, себебі науқас антирабикалық вакцинаның медициналық қолдану бойынша ережелерін сақтамаған (алкогольдік спиртті сусындарды ішкен, құрылыс ұйымдарында түрлі ауыр жұмыстармен айналысқан, бірде тоңып, бірде ыстықтаған).
2017 жылдың 8 айында біздің облыста құтырма фактілері тіркелмеген, алайда құтырманың жануарлар арасында таралуы нақтыланды. Облыстың төрт ауданында 6 ошақ анықталды (Бесқарағай, Бородулиха, Ұлан және Семей қ.).
Диагноз 3 итте, 3 ірі қарада, 1 түлкіде, 1 елікте расталды. Мыналарды есте сақтау керек:
- Адамдарға құтырма ауруы үй мен жабайы жануарлардың, әсіресе ет қоректі жануарлардың инфекцияланған сілекейі жағылғанда немесе тістеп, тырнағанда (иттер, мысықтар, түлкілер, қасқырлар және т.б) жұғады. Құтырманың қоздырғыштары аурудың алғашқы белгілері пайда болғаннан 10 күн бұрын ауру жануардың сілекейінде болады.
- Құтырманың белгілері әр жануарда әр түрлі болады , бірақ ең басты назар аударатын нәрсе, ол – жануардың қимыл-қозғалысы. Иттер жеуге келмейтін заттарды – тастарды, шыныны, ағашты және т.б. жей бастайды Жануарлардың астыңғы жақтары салбырап, көп мөлшерде сілекей бөлінеді, ашушаң болады, адамдар мен басқа жануарларға тап беріп, қатты тістейді. Есте сақтаңыздар,
кез-келген жыртқыш аң ешқашан адамға бірінші шабуыл жасамайды!
- Үй жануарларында құтырма ауруының белгілерін байқасаңыз, дереу мал дәрігеріне хабарласыңыз. Мал иелеріне өз бетімен көмек көрсетуге тыйым салынады, себебі бұл қауіпті.
- Егер адам мен жануар құтырмамен ауырғанда уақтылы екпе жасалмаса 100% өлімге әкеліп соғады. Жануарлар тістеген жағдайда бірден дәрігерге қаралып, құтырмаға қарсы екпе жасау мәселесін шешу керек. Тек уақытында жасалған егулер ғана аурудың асқынуынан сақтай алады.
- Емдеу-профилактикалық егулердің толық курсы 6 иньекциядан тұрады: бірінші – өтініш түскен күн, содан кейін 3 ,7, 14, 30 және 90-күндері. Егер 10 күннен кейін жануар сау болса (мал дәрігерінің анықтамасы болған жағдайда) егуді тоқтатуға болады.
- Антирабикалық көмек тегін көрсетіледі.

Артқа