Ас қорыту ағзаларының қышқылдыққа тәуелді ауруларына: хлорлы-сутегілі қышқылдың ішек-қарын(өңеш,асқазан, он елі ішек) жолына әсері мен асқазан сөлінің шырышты қабығының үстіңгі бөлігіне агрессивті факторлардың әрекет етуі жатады. Қышлдыққа тәуелді аурулар гастроэнтеролог дәрігердің тәжірибелік жолында үнемі кездеседі.
Мұндай ауруларға:
Гастрит бүгінде – «бүкілхалықтық сырқат». Гастроэнтеролог дәрігерлер асқазан сөлінің қабынуымен жер шарының жартысынан көбі ауыратындығын, осы немесе басқада формадағы аурулар 30 жастан асқан басым көп тұрындарда кездесетінін айтады. Бұған қоса, созылмалы гастрит жиілігі жыл сайын 1,4 есеге артуда. Ал асқазанның ойық жара ауруы мен он екі елі ішек аурулары жер шарының 5-10 пайыз тұрғындарында кездеседі. Әдеттегі ойық жарасы бар адам - ол үлкен қалада тұратын белгілі бір маман иесі. Медициналық статистикаға жүгінсек, бұл диганоз ауылды аймақтардан қарағанда, қалалық жерлерде екі есе жиі кездеседі. Ауру 70-80 пайыздық жағдайда 40 жасқа дейінгі жаста анықталады. Кезінде асқазан-ішек ауруларымен бір отбасында бірнеше адам ауырса, тұқымқулаушылық деп ойлаған (алайда, жара ойығын отбасындағы ауырып жүрген науқастан дені сау адамдарға қарағанда жұқтырып алу 5-10 есеге артық). Егер сіздің отбасыңызда асқазанның ойық жарасымен ауыратын науқас болса, онда отбасыңыздағы адамдардың барлығын емдеу қажет, себебі бұл бактерия көптеген жол арқылы тарайды – ыдыс-аяқтың дұрыс жуылмауынан, сүюге дейін. 1983 жылдан бастап австралиялық ғалымдар Барри Маршалл және Робин Уррен Нобелл сыйлығымен бағаланған ашылу жасады, гастрит Helicobacter pylori тудырады. Осы «залалсыз» бактерияның арқасында асқазан сөлі қабығының қабынуы асқазан жарасына немесе қатерлі ісікке ауысыуы мүмкін.
Ғалымдар біздің елімізде Helicobacter pylori 60-80 пайыз тұрғындардың ішінде өмір сүретінін дәлелдеді.
Көктем айында асқазан-ішек жолының аурулары: тоқ ішектің қабынуы, іш қатуы, геморрой болуы мүмкін. Мұндай аурулармен көбінесе: мұғалімдер (сабақты немесе лекцияларды бөле алмайтын), жүргізушілер (әсіресе ұзақ жолда жүретін, қалалық көлік жүргізушілері), кеңсе жұмысшылары, компьютер алдында ұзақ уақыт еңкейіп жұмыс атқаратын жұмысшыларда болады. Құрсақ қуысы еңкейгеннен басылып қалады да қан айналым, без қызметтері бұзылады.
Асқазанның ойық жара ауруы көп жағдайда егде адамдарда кездеседі, ал он екі елі ішек ауруы – жастарда. Бұл аурулар қауіпті, себебі кез келген уақытта қан кетіп, адам өліп кетуі мүмкін.
Айтпақшы, сарықұба, көк көз және бірінші қан тобына жататын, сонымен қоса резус-факторы теріс әйел адамдарында асқазан жарасы мен он екі елі ішек аурулары осал жері болып табылады.
Аталмыш кеңінен таралған аурулардың сеп-салдары: консерванттар мен химиялық қоспалар қосылған азық-түліктер, жалма-жан жүріс кезінде (хот-дог, чипсы, шаурма, қуырылған бәліш) жеу, ащы дәмдеуіштер мен газдалған сусындарды шамадан тыс пайдалану. Сонымен қоса қатты күйзелу, шамадан тыс ішімдік ішу, темекі шегу.
Көп жағдайда осы ауруға жұмыс уақыты нормаланбаған адамдар шалдығады. Олар күндіз тамақтануға үлгермей, түскі уақытта чай мен бутерброд немесе бірнеше шыны-аяқ кофе ішіп, жей салады.
«Гастритті –ойық жара қауіпі» бар топқа – жүйке жүйесі, қызбалы, тым белсенді адамдар жатады. Күзеліс асқазан сөлінің шамадан тыс бөлінуін қоздырады.
Жасөспірімдік шақта ата-ана махаббатын сезінбей, эмоциналды күйзелістің арқасында асқазанның ойық жарасы ауруы пайда болады. Ауру белгілері білінбей, тек күтпеген жағдайда қан кеткенде ғана айқын болуы мүмкін.
Созылмалы гастрит кезінде тамақтан кейін асқазанның ауруы және іш өтуімен мінезделеді. Басқада белгілері: кекіру, қыжылдау, құсу. Алайда, көп жағдайда (60 пайызға жуық жағдайда) сырқат қандайда бір белгілерісіз болады да, науқастың шағымдары функционалды бір-бірімен байланысты басқада ас қорыту мүшелерінің патологияларымен шатастыруы әбден мүмкін.
Созылмалы гастритті анықтау қиын, «таза» түрінде сирек кездеседі. Ең бастысы мұнда – дәлме-дәл анықтап, уақытында дұрыс ем қолдану қажет.
Асқазан сөлінің қышқылдығы төмен созыламалы гастрит кезінде – күніне 5-6 рет езбе түріндегі аз мөлшерде жеңіл тағам тағайындалады. Сонымен қатар асқазан мен секрецияларды аз қоздыратын тағамдар: жарма көжесі, сүт, үкішттен өткізілген сүзбе, жұмыртқаның ағынан жасалған тағамдар, сүтке дайындалған ботқалар, кепкен ақ нан, итмұрын тұндырмасы. Мұндай емдәм 3-4 жұмадан кейін етті, балықты, көкөністі және жарма сорпаларымен, майлы емес қайнатылған балық, жұмыртқа омлетімен, айран, піскен көкөністерден дайындалған ботқалармен, компотпен ауыстырылады. Бұл кезеңде тағамдар калориялары жеткілікті, әртүрлі, қалыпты физиологиялық нормалары екі есе жеткілікті дәрумендермен, және асқазанның шырышты қабығын қалыпқа келтіру үшін міндетті түрде ақуыздармен бай болуы тиіс.
Күнделікті рационнан майлы ет немесе балық, шұжық, рассольник, окрошка, сүрленген тағамдар, саңырауқұлақтар, консервілер, маринадталған, консервіленген ет, үгілмелі қамыр, қайнатылған кремдерді мүлдем алып тастау қажет.
Қышқылды шырындарды – лимонды, мүкжидек, анар шырыны, сонымен қоса орамжапырақ шырынын күніне 3 реттен тамаққа дейін 1/3-1/2 стақан езіп ішу қажет.
Сонымен қатар ас тұзы қосылған минералды ауыз суы - №17 Есентуки, Ижевиялық және басқада минералды суларды ішу ұсынылады. Оларды тамақтың алдында 20-30 мин. 3 реттен 1/3-1/2 стақан ішу қажет. Қолыңызда минерелды су болмаса, онда жоғарыда келтірілген тәртіппен ¼ стақан жылы қайнатылған суға ½ шәй қасық бал қосып ішу керек. Нөлдік қышқыл кезінде қайнатылған суға 1 ас қасық жолжелкен мен кепкен таңқұрай жапырақтарының (1 стақан қайнаған суға 1 ас қасық, 1 сағат бықтыру) қайнатпасын ішу. Асқазан сөлінің қышқылдығы төмен созыламалы гастритін емдеушілер – сонымен қоса асқазанның ойық жарасының алдын алады. Терапияға апаратын жол тағыда емдәмге алып келеді:қаймағы алынбаған сүт, кілегей, сары май, үкішттен өткізілген ірімшік, кілегей мен қатық, кепкен ақ нан, құрғақ печенье, бүтіндей піскен жұмыртқа, бұқтырылған омлеттер, жармадан жасалған сорпалар. Сонымен бірге пайдалы азық-түліктер: піскен майлы емес ет пен балық, бұқтырылған котлет, май қойылған ботқалар, ботқа түріндегі кеспе, макорон, көкөніс(саумалдық, қымыздық, орамжапырақтарды қоспағанда). Күніне 5-6 реттен, аз мөлшерде қабылдау қажет.
Қышқылды емес сортты жемістерден жасалған компот, кисель, желе, тәтті шырындар, итмұрын қайнатпалардың да емдік қабілеті зор. Асқыну кезінде сұйық немесе ботқа тәрізді кисель, сүт, бүтіндей піскен жұмыртқа немесе омлет түрінде пісірлген жұмыртқа, сұйық немесе сары май, үкіштелген ірімшік, ет пен балықтан жасалған суфле қолданған жөн.
Асқазанның қышқылдығының функцияларын түзеу үшін минералды ауыз суын – Боржоми, Смирнов, Славянканы – тамаққа дейін 1,5 сағат бұрын, жұмасына 2-3 реттен 1/3-1/2 стақаннан жылы, газдалмаған түрде қабылдау қажет.
Дендеріңіз сау болсын!