Учаскелік дәрігерге тіркелу |
Қабылдауға тіркелу |
Өтініш беру |
Менің емханамды iздеу |
Ауруханалар және емханалар |
Алғыс білдіру |
Жаңалықтар |
Шаралар |
Көрсетілген ұсыныстардың сапасын бағалау |
Статистика бойынша дүние жүзінде 70 миллион адамдар глаукомаға шалдыққан. Мамандардың жорамалдары бойынша 2020 жылы 80 млн. адамдар глаукомаға шалдығады. Дүние жүзілік рейтингте глаукоманың салдарынан көз жанарынан айырылу екінші орын алады: 6 пайыздан 20 пайыз жағдайда соқырлықпен аяқталағандықтан, бұл трагедиялық сандар.
Глаукома – бұл созылмалы ауруға біртіндеп күшеюі. Оның негізгі белгілерінің бірі – көру нерваларының атрофиялық өзгеруінің дамуы. Ол көз іші қысымының көтерілуімен байланысты. Қысым көз ішілік сұйықтықтың қайтуы мен өнімділік арасындағы тепе-текңдіктің бұзылу салдарынан көтеріледі, ол көздің дұрыс қызмет атқаруына қажетті. Алайда, көз ішілік төмен қысымымен глаукома болады.
Глаукоманың үдеуінің себептері әр түрлі. Тұқым қуалаушылық, қабынушылық пен көздің зақымдануы, қант диабеті, зат айналым процессінің бұзылуы, анатомиялық көздің құрылысы.
Глаукоманың кеңінен таралған формасы – ашық бұрышты. Бұл аурудың зұлымдығы, аурудың белгілері білінбейді. Көзіңіз жақсы көріп, көп жағдайда көз ішілік қысымының жоғарлауын науқас сезбей қалады да, оны тек алдын ала қараулар кезінде офтальмолог дәрігер ғана анықтай алады. Көз көрушілік бұзылу кезінде, көз көрушілікті қалыпқа келтіру қиынға соғады. Көру нерваларының мүлдем бүлінуі соқырлыққа алып келеді.
Жабық бұрышты глаукома көп кездеспейді. Глаукома кезінде келесі субъективті сезімдер пайда болады: көздің алды қараңғылық басып, жарыққа қараған кезде түрлі-түсті шеңберлер көрінеді, ымырт баса бастағанда көрушілік төмендеп, көз іші, қабақ үсті және шеке маңы ауырсынады.
Сонымен қатар, жабық бұрышты глаукома кезінде бас ауырып, көздің іші қанталап, ауырсынып тұрған көздің маңайына түрлі-түсті шеңберлер қаптап, өткір ұстама ұстап, кей жағдайда жүрек айнып, құсумен белгіленеді. Глаукоманың өткір ұстамасы кезінде бірнеше сағат бұрын көздің көрушілігі жоғалады, сол себептен жедел түрде дәрігерге жүгіну керек.
Алайда, көзіңіздің көрушілігі ары қарай өткір ауруға дейін өршімей тұрғанда, офтальмолог дәрігерге көзіңіздің көрушілігі нашарлаған сәттен-ақ қаралу керек. Өйткені ол әр түрлі аурулардың салдары болуы мүмкін. Дәрігер ғана дұрыс диагноз қойып, дұрыс ем-дом тағайындайды.
Глаукоманың өршуіне артериялық қысымның төмендеуі әсер етеді. Глаукомаға шалдығу жас келген сайын арта түседі. Сонымен қатар, глаукомамен жақын туған-туысқандарыңыз ауырса, глаукомаға шалдығу 10 есеге артады. Сол себептен 40 жастан асқаннан кейін (егер жақын туған-туысқандарыңызда глаукома болса, онда 35 жастан асқан соң ) жылына бір рет офтальмолог дәрігерге қаралу қажет.
Егер сізде глаукома анықталса, келесі ұсынымдарды сақтау қажет.
Сізге кейбір дәрілік заттар, көп жағдайда атропин ұсынылмайды. Сол себептен дәрігерге қаралған кезде міндетті түрде глаукома ауруымен ауыратыңызды айтыңыз.
Кез келген глаукоманың формасы кезінде офтальмолог дәрігерде диспансерлік тіркеуде тұрып, көз ішілік қысымды бақылау керек.
Глаукоманы терапевтикалық және хирургиялық, сонымен бірге лазерлік әдіспен емдеуге болады. Глаукоманың ерте сатысында, тек қана көз ішілік қысымды түсіретін көз тамшыларын қолдану жеткілікті. Егер дәрілік заттар тиімсіз болса, лазерлік немесе хирургиялық әдіспен емдеуге жүгінеді.
Глаукоманы емдеу кезінде көз ішілік қысымын лазерлік әдіспен түзету маңызды рөл атқарады. Алайда созылмалы глаукома кезінде бұл әдісті қолдану, оң әсер бермейді. Кейбір жағдайларда көз ішілік қысымды хирургиялық әдіс арқылы қылыпқа келтіріледі. Жабық бұрышты, туа біткен глаукома кезінде хирургиялық емделу қажет етеді.
Айта кететін жайт, глаукоманы жедел емдеу, өмірдің соңына дейін осы аурудан айырмайды. Ота жасағаннан кейін бірнеше жылдан соң, көз ішілік қысым қайта көтерілуі мүмкін, сол себептен ота жасағаннан кейінде офтальмолог дәрігердің қаралуынан уақытылы өтіп тұру қажет.
«Амбулаториялық орталық» мекемесі Бөлімше меңгерушісі, дәрігер-офтальмолог Кривомазова Е.Г.