Полная версия сайта Каз

Портал управления здравоохранения Восточно-Казахстанской области

8(7232) 701-131

г.Усть-Каменогорск, пр.Ауэзова 26

«Бронх демікпесі»19.06.2017ж.

    

      Бронх демікпесі – бұл созылмалы аллергиялық қабынған ауру, ол бронхтың зақымдануымен сипатталады, оған тұншығу ұстамасы, ентігу (дем шығаруда қиналу) және жөтелу сияқты белгілері тән.

Бұл аурудың негізгі  себептері бронхтардың қалыңдауы, ісінуі және түйілуі, сондай-ақ тыныс алу жолдары арқылы ауаның өтуіне кедергі болатын бронхтардың жабысқақ  секрециясының мөлшерден көп шоғырлануы  болып табылады.

Бронхтардың түйілуін тудыратын бірнеше фактор бар. Олардың ішінде мыналар орын алады: аңдардың жүні, құстардың қауырсындары, темекінің иісі, өткір иістер (өткір парфюмерлік иісі бар гигиеналық заттар), кәсіби факторлар (аэрозольдар, химиялық заттар, лак және бояуларды пайдалану), үйдегі шаң, кейбір дәрілік құралдар (ацетилсалицилдік қышқыл,  бета-адреноблокаторлар),  кейбір азық-түліктер мен тағамдық қоспалар (натрий глутамат, консерванттар, теңіз тағамдары, жаңғақтар), инфекциялық аурулар (жіті респираторлық вирустік инфекциялар), ауыр физикалық күш жұмсау, әсіресе суық ауа-райында, эмоцияға көп берілу. 

Бронх демікпесі созылмалы ауру болып табылады, оның барысын бақылауға болады.. Бронх демікпесін үздіксіз емдеу қажет, жағдайыңыз жақсарған сияқты болып көрінсе де, емдеуді өздігінше тоқтатуға болмайды.  

Бронх демікпесін дұрыс емдеген кезде бронхтарды кеңейтетін дәрілерді үздіксіз қолдану, ауруханаға жату қажет болмайды, дене белсенділігін танытуға шек қойылмайды.

Ал бронх демікпесін дұрыс емдемеген кезде бронх демікпесінің ұстамалары пайда болады және сол кезде  бронходилататорларды қолдануға мұқтаждық туындайды, сонымен қатар ол қажеттілік үнемі көбейе береді.  Және де уақыт өткен айын демікпе ұстамаларын өз күшімен қайтару қиындай түседі де, «жедел жәрдем» шақыруға тура келеді және ауруханаға жату қажет болады. Физикалық белсенділік танытуға шек қойылады (ауыр жағдайларда мүгедектік топқа жатқызу қажет болады)..

        Емдеу ережелері.

Ерте кезден емдей бастаған жөн, сол кезде емдеу тиімді болады. Жағдайыңыз жақсарған сияқты болып көрінсе де, дәрігердің келісімінсіз бронх демікпесін емдеуді тоқтатуға болмайды.  Емдеуді тоқтатқан кезде немесе дәрігердің келісімінсіз өздігінше басқа дәрілерді қолдана бастаған жағдайда ауру ұшығып кету мүмкін. Емдеудің тиімділігі, әсірісе, ингаляторларды дұрыс қолдануға байланысты болады, оларды қолдануды дәрігердің көзінше үйренген жөн.  Жаңа ингаляторды қолдану қажет болған кезде оны қалай пайдалану керек екендігін біліп алу тиіс.  Егер басқа ауруларды емдеу үшін басқа дәрілерді пайдалану қажет болса, бұл туралы дәрігермен келісу керек, өйткені, кейбір дәрі-дәрмектер, мысалы,  бета-блокаторлар, аспирин және басқа стероидты емес қабынуға қарсы дәрілер бронх демікпесінің барысын нашарлатуы мүмкін.  Үй жағдайында бронх демікпесінің барысын бақылау үшін  пикфлуометрді пайдалануға болады, оны қолдануды дәрігер үйретеді. Барлық жағдайда өзімен бірге дәрілерді алып жүру тиіс, әсірісе ентігу ұстамаларын басатын дәрілік құралдарды жанында ұстаған жөн. Бронх демікпесімен ауыратын көптеген науқастарды ұзақ уақыт ингаляциялық гормоналдық дәрілік заттармен емдейді.

       Өткір ентігу ұстамасы пайда болған кезде: аяқ астынан бірнеше секунд ішінде ентігу пайда болады, өкпеде алыстан естілетін сырыл және ысқыру туындайды, көкірек қуысы тартылып, құрғақ ұстамалық немесе жабысқақ шықпайтын қақырығы бар жөтел басталады.

Өткір ентігу ұстамасы пайда болған кезде мынандай әрекеттер жасау керек:

Сізге берілген жеке емдеу жоспарында ұстама кезінде пайдаланылатын дәрілік заттар көрсетілуі тиіс.

Егер 10-15 минут ішінде жағдайыңыз жақсармаса, бронхтарды кеңейтетін бар ингаляторды тағы да 1 рет қолдану қажет.

Жағдайыңыз қалпына келмесе, «жедел жәрдем» шақыру керек.

 

«Ана мен бала орталығы» ШЖҚ КМК аллерголог дәрігері Криницкая О.В.

 

Артқа