Донорлық қанның жұқпалық қауіпсіздігін қамтамасыз ету - бұл қазіргі заманғы трансфузиялық медицинаның негізгі міндеттерінің бірі.
Шығыс Қазақстан облыстық қан орталығында (бұдан әрі-ШҚ ОҚО) әрбір донордың қаны қан арқылы берілетін жұқпаларға тексеріледі, бұл - адамның иммундық тапшылық вирусы, В вирусты гепатиті, С вирусты гепатиті, мерез. Зертханалық тексеру иммуногематология және молекулярлық биологияның соңғы жетістіктеріне негізделген, иммунохемилюминесцентті талдау (бұдан әрі – ИХЛТ) және полимеразды тізбекті реакция (бұдан әрі – ПТР) ретінде диагностиканың жаңа әдістерін пайдалана отырып жүргізіледі.
ИХЛТ - бұл жұқпалар қоздырғыштарының ерекше антиденелерін және антигендерін арнайы иммунохемилюминесцентті реакциялар көмегімен анықтауға негізделген зертханалық зерттеу. ПТР – полимеразды тізбекті реакция, бұл әдіс қанның төмен концентрациясында вирусты анықтайды. ПТР – бүгінгі күнде ең сезімтал және ерекше әдісі, ол вирустарды жұқтырудың алғашқы күндерінен бастап, жұқпаны ДНК және РНК деңгейінде анықтауға мүмкіндік береді, сондай-ақ гемотрансмиссивті жұқпаларға иммунохемилюминесцентті зерттеулер жүргізу кезінде донорлық қанның зерттеу нәтижелерінің растығына кепілдік береді. ИХЛТ және ПТР әдістері өзара бірін-бірі толықтырады, сондықтан донорлық қанның екі кезеңді скринингі жүргізіледі.
2012 жылдан бастап ШҚ ОҚО-да донорлық қанның екі кезеңді скринингі ИХЛТ және ПТР әдістерімен енгізілді. Бұл әрбір донацияның донорлық қан үлгілері екі түрлі әдістермен екі түрлі аппараттарда зерттеледі. 1-кезеңде донорлық қанды зерттеу ИХЛТ әдісімен жүзеге асырылады, содан кейін 2 кезеңде ИХЛТ бойынша барлық теріс үлгілер ПТР әдісімен зерттеледі. ИХЛТ әдісімен зерттеулер «Architect i2000SR» (АҚШ) автоматты анализаторда жүргізіледі, сондай-ақ ПТР әдісімен зерттеулер «Cobas 201» (Швейцария) автоматты анализаторда жүргізіледі. Донорлық қанды тексерудің жоғары сапасы автоматтандырылған зертханалық жүйелерді енгізу, сезімталдығы жоғары әдістемелерді пайдалану және адами фактор себебі бойынша қателердің туындау қаупін болдырмау арқылы қамтамасыз етіледі. Бұл, ақыр аяғында, зерттеулердің анық нәтижелерін алуға және донорлық қан үлгілерін тексеру кезінде жұқпаның жасырын-ағып өтетін сатысын анықтауға кепілдік береді.
Тек ИХЛТ және ПТР екі әдістерімен теріс нәтижелер алған кезде донорлық қан компоненттері медициналық ұйымдарға емделушілерге құю үшін беріледі. АИТВ-на, В, С гепатиттеріне, мерезге ИХЛТ немесе ПТР әдістерінің бірімен оң нәтиже алған кезде, қан компоненттері жоюға жатады және донор донорлықтан мерзімсіз шеттетіледі. Донорлық қанның жұқпаларға (АИТВ, В гепатиті, С гепатиті, мерез) зерттеулерінің оң нәтижелері бойынша ШҚ ОҚО донорды жазбаша хабардар етеді, қажет болған жағдайда донорға қорытынды береді.
Жұқпаларға алынған оң нәтижелер диагноз болып табылмайды, сондықтан белгілі бір уақыт ішінде инфекционистте қосымша тексерілу және бақылауда болу қажет. Егер жұқпа осы кезеңде өршіп кетпесе, онда, бұл жай ғана ағзаның биологиялық ерекшелігі. Бірақ, көбінесе, бұл жұқпаның бар екендігін, тек симптомсіз дамуын көрсетеді.
Шығыс Қазақстан облыстық қан орталығында донорлық қанды зертханалық тестілеу ұлттық және халықаралық стандарттар сапасының талаптарына жауап береді, емделушілер үшін қан компоненттерінің жоғары жұқпалық қауіпсіздігін қамтамасыз етеді.
Біз Сіздерді донор болуға шақырамыз, және әрқашан мына мекен-жай бойынша күтеміз: Көкжал Барақ көшесі, 11 үй, 43,17а, 26 жүру маршруттары, Қан орталығы аялдамасы.
Мақала авторы «Шығыс Қазақстан облысының
қан орталығы» КМҚК
Жұқпаларды диагностау зертханасының зертхана маманы
Толқын Турсынхановна Молдаханова