Донор болу – адамның құрметті миссиясы!
Жердің әрбір үшінші тұрғыны өмірінде бір рет болса да қан донорларына мұқтаж. Донорлық қанды қажет ететін адамдарды бірнеше санатқа бөлуге болады.
Онкологиялық аурулары бар емделушілер донорлық қанға мұқтаж. Қатерлі ісік - бұл өте қауіпті қасірет. Бірақ жақында «қатерлі ісік» диагнозы нақты үкім болса, қазір ісіктердің көбі терапияға беріледі. Қатерлі ісіктердің қазіргі заманғы емдеуі ісік жасушаларын өлтіруді көздейді. Ісік жасушаларымен бірге қалыпты қан түзілуі біраз уақыт тоқтайды. Дәл осы кезеңде емделушіге донорлық қан компоненттерімен қолдаушы терапия қажет, атап айтқанда, тромбоциттермен, олар ауыстырылмайды, және жақын арада тіпті теория жүзінде байқалмайды.
Донорлық қан хирургиялық патологиясы бар науқастарға қажет. Бұл буындарды протездеуді қажет ететін адамдар, бұл кардиохирургиялық емделушілер. Хирургиялық оталар қан тамырларының, тіндердің жарақатымен, жоғалған қан компоненттерін қалпына келтіру қажеттілігімен ұштасады.
Жол-көлік оқиғаларын, түрлі апатты, және жарақаттың кез келген түрін кім «жоспарлайды»? ЕШКІМ, алайда, бұл сирек кездеседі. Және уақтылы медициналық көмек көрсету денсаулығымен, ал кейде адам өмірімен байланысты. Туыстар мен достарды жинауға және шақыруға уақыт болмайды. ЖКО-нан зардап шеккен адамдарға қан тез арада қажет.
Жыл сайын әлемде адам құрбандары болатын әскери қақтығыстар болып жатады. Тек әскерилер ғана емес, бейбіт тұрғындар, соның ішінде балалар зардап шегеді. Қарулы қақтығыстарда жараланған және зардап шеккен адамдарға, әрқашан қан құю үшін қажет.
Қан құю әйелдерге босану кезінде жиі қажет болады. Әрқашан әйелдер босанғанда белгілі бір санында қан жоғалту қауіпі бар, сондай-ақ ана мен баланың өмірін сақтап қалу үшін, сауатты орнын толтыру қажет.
Сондай-ақ, педиатрия тәжірибесінде жаңа туған нәрестелердің гемолитикалық ауруы бар, бұл ерте анықталып және емделуі мүмкін. Дегенмен, емдеу кезеңінде науқас балаларға қан компоненттерін құю қажет.
Донорлық – кез-келген сау адам өзінің қанымен науқасты сақтап қалу мүмкіндігін ұсынатын ынтымақтастық бірегей феномені.
Қазіргі заманғы жоғары технологиялы медициналық көмек түрлері қан және оның компоненттерін құюды қолдау қажет етеді. Сондықтан, донорсыз, донорлық қансыз жоғары медициналық технологиялардың дамуы мүмкін емес. Донорлық қанды дамыту бойынша күш салу қажет.
Донорлық елде, сондай-ақ жеке алынған облыстарда және өңірлерде, негізінен, ерікті ақысыз донорлармен ұсынылған болуы тиіс, олар амандықта тұрып, мұқтаж жандарға көмектесу үшін қан тапсыруды шешті. Бұл қызметкерлер, жұмысшылар, жоғары және орта оқу орындарының студенттері. Барлығы донорлық қозғалысқа қатысу қажеттілігін түсінуге тиіс, ал, донор атанып, көмектескені үшін материалдық сыйақы күтпей-ақ, терең моральдық қанағаттандыру сезімін сезіну керек.
Халықаралық қауымдастықта ақысыз донорлық ғана құпталады. Ақысыз донорлыққа, айтпақшы, шағын донорлық таңғы ас және донорлық пунктке келуіне байланысты тікелей шығындарға арналған өтемақы келісіледі. Алайда дәл қан үшін төлем туралы айту дұрыс емес. Қан өте бағалы. Бұл адам ағзасының бір бөлігі, оны адам басқа адамды құтқару үшін сыйлайды. «Өзінің бөлшегін басқаға сыйлау» шешімін тек рухани бай адам қабылдауға қабілетті. Жақынға көмектесу кездейсоқ емес, оның ішінде донорлық, іс жүзінде әлемнің барлық діндерімен құпталады.
Кім бүгін ақысыз қан тапсырады? Бұл қандай адамдар?
ШҚ ОҚО-ның статистикалық мәліметтері бойынша донорлардың елеулі бөлігі – бұл донорлар-туыстар (30 %) деп аталады. Яғни, ол адамдар өз жақындары үшін мақсатты түрде қан тапсыруға келеді. Ақысыз донорлардың басқа бөлігі (20 %) ҚР «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Кодексінде көзделген екі күн демалыс алу мақсатында келеді. Және, соңында, донорлардың ең үлкен бөлігі, 50% - ға жуығы - бұл адамдар, қан компоненттерін құюды қажет ететін емделушілерге көмектесу уәждемемен қан тапсыруға келеді. Бұл донорлардың бөлігі, әрине, ең бағалысы, және, осындай адамдарды донорлыққа көбірек тарту үшін қан қызметінің мамандары барынша көп күш салады.
Бүгін донорлыққа қатысу және насихаттау – бұл қан орталығы қызметкерлерінің, емдеу мекемелері медициналық қызметкерлерінің, науқастар мен олардың туыстарының несібесі.
Бүгін қан күн сайын қажет. Облыста күніне шамамен екі жүз емделушілерге донорлық қан құю қажет. Шығыс Қазақстан облыстық қан орталығы әрқашан донорлық қан болу үшін, күнделікті, жоспарлы дайындау жүргізуі тиіс. Күн сайын автокөлік апаттары болады, онкологиялық аурулар дамиды, хирургтар ота жасайды. Сондықтан донорлардан жоспарлы, тұрақты, дәлірек айтсақ, күнделікті қан дайындау – облыстық қан орталығының негізгі жұмыс принципі, ол бұзылмауы тиіс.
Донорлыққа дайын болу өзінен-өзі құрылмайды, оны тәрбиелеу қажет. Донор мамандық емес және лауазым емес. Оған үйрете алмайсын және донор болуға тағайындамайсын. Донор – бұл жан мен жүректтің жай-күйі. Және Шығыс Қазақстанда донорлық қанның көзі таусылмауы өте маңызды, өйткені донорлардың қаны – бұл шынайы өмір өзені, одан ауырып қалған да, бәлеге ұшыраған да күш пен денсаулыққа ие болады.
Азап шегушіге көмектесу немесе көмектеспеу - біздің әрқайсымыздың таңдауымыз болып қалады. «Көмектесуді» таңдағандар көп болғаны өмірлік қажет. Бұл шешімді кейінге қалдырмаңыз, қан орталығына бүгін келіңіздер. Сеніңіз, мейірімділік қозғалысына қатысуды қабылдап, сіз өкінбейсіз және міндетті түрде мұны тағы да істеуді қалайсыз! Донор болу – құрметті миссия деп есептеймін!
«Шығыс Қазақстан облысының қан орталығы» КМҚК
Функционалды қамтамасыз ету бөлімінің зертхана маманы Қайратова Л.Қ.