Термиялық және электрлік күйік кезіндегі көрсетілетін алғашқы көмек
Көлемі мен тереңдігі жағынан күйік 4 деңгейден тұрады:
Термиялық және электрлік күйік кезінде – күйіп жатқан киімнің үстіне пальто, немесе кез келген тығыз матамен жанып жатқан жалауды сөндіру. Күйік кезіндегі алғашқы көмек – жарақаттанып қалған жерге инфекция, микробтар түсуден және есеңгіреумен күресу қажет. Күйіп қалған жерді – қолмен ұстап, көпіршіктерді қопарып, күйіп қалған жердегі жараны жалаңаштанудан сақтану керек; 2-4 деңгейдегі кішкентай күйікке заласыздандырылған таңумен таңып, кең көлемді күйік кезінде заласыздандырылған жаймаға оралады. Күйіп қалған жердегі киім немесе аяқ киімді бірден шешуге болмайды, ең бірінші жарақаттаған жердің үстіндегі киімді кесіп, ақырын шешу керек. Жылылау етіп үстін жауып, шәй беріп, шәйға ауырсынуды басатын дәрі-дәрмектерді қосып, дәрігер келгенше тыныштық сақтау керек.
Химиялық күйік кезіндегі алғашқы көмек
Химиялық күйік кезінде химиялық заттардың тереңдігі, оның консентраты мен химиялық заттың әсер ету ұзақтығына байланысты. Сол себепті бұл заттың консентрациясы мен әсер ету уақытын шама келгенше тоқтатыңыз. Ол үшін жарақаттанған жерді 15-20 мин аралығында суық судың астында ұстаңыз.
Егер киім арқылы теріге қышқыл немесе сілті түссе – төгілген сұйықтықтарды киімнің үстінен жуып, киімді шешіп, жарақаттанған жерді суық сумен шаюға кірісу керек. Адамның денесіне химиялық белсенді заттар қатты түрде түссе – құрғақ дәкемен сүртіп, жарақаттанған жерді сумен дұрыстап жуыңыз.
Жарақаттанған жерді сумен шайғаннан кейін арнайы бейтараптандыру сұйықтықтарын таңу немесе басу түрінде жараны емдеп-тұмдау. Сілтілі – 1-2% бор қышқылы ерітінділерімен тұмдалады, ал қышқылды күйік – сода ерітіндісімен тұмдалады. Ары қарайғы көмек - термиялық күйік кезіндегідей болады.
Үсіп қалу кезінде көрсетілетін алғашқы көмек
Үсіп қалу кезінде ең бірінші көмек – жәбірленген адамды тез арада жылытып, әсіресе үсіп қалған дененің бөлігін, ол үшін жәбірленушіні тез арада жылы бөлмеге жеткізу керек. Үсіп қалған дененің бөлігін жылытып, қанайналымын қалпына келтіріңіз. Тез нәтижеге жету үшін 200С жылы ваннаға 20-30 мин.-қа дейін ұстаңыз, содан соң судың температурасын 36-370С көбейтіңіз. Ваннадан кейін жарақаттанған дене бөлігін кептіріп, заласыздандырылыған таңғышпен таңып, үстін жылы жабыңыз. Жарақатты жақпамаймен, майлармен жағығуға болмайды, себебі келесі рет жараны таңуға кедергі болады. Үсіп қалған дененің бөлігін қармен ысуға болмайды (мұздақ теріні зақымдап, жұқпаның жұғуына себеп болады). Таза қолмен массаж жасаңыз.
Құлақ, мұрынның үсіп қалу кезінде қолдың жылуымен жылытуға болады. Үсіп қалған науқасты жылы бөлмеге кіргізгеншеге дейін жылуоқшаулайтын таңғышпен таңу керек. Жәбірленуші тыныштық сақтап, жарақаттанған бөлікте ыстықтың, жылудың сезілуіне дейін ұстаңыз. Аспирин, анальгин, қою шәй, кофе беріңіз.
Суық тию кезінде көрсетілетін алғашқы көмек
Ең бірінші кезекте жарақаттанғанның ашық дене бөлігіне назар аударыңыз, себебі ашық жерлерге ең көп суық тию болады. Жарақаттанған адамды тез арада жылы бөлмеге кіргізіп, таңқурай қосылған ыстық шәй беріңіз. Бұл оның ағзасын ішінен жылытуға көмек көрсетеді.
Сонымен қоса басқада бір үсіп қалу белгілерімен күресу керек. Егер үсіп қалу белгілері болмаған жағдайда, адамды жылы көрпе, тон немесе басқада құрғақ матамен үстін жабыңыз. Ал егер жарақаттанған адам ес түсінен танып қалса, алғашқы көмек көрсету: жасанды дем беру және жүрек массажын жасау. Үсіп қалу анықталмағанға дейін жарақаттанған адамға ыстық ванна немесе душ ұсынбаңыз, егер үсіп қалу анықталған жағдай болса, ішке қан кету, жағдайының нашарлауына әкеліп соғады.
Гипотермия көп жағдайда қандайда бір себеппен адам көп уақыт судың ішінде болуынан. Жылуоқшаулайтын фукнциясы бар арнайы киімі болмаған адам 4-50С температурадағы судың ішінде болса, тез арада өліп кетуі мүмкін.Тіпті 150С төмен температурадағы суда 5 сағаттан көп болса, өліп кетеді. Төтенше жағдайлар кезінде дәрігер алдындағы көмек оң нәтиже береді, егер жарақаттың деңгейін дұрыс анықтасаңыз. Әдетте 1 деңгейлі үсіп қалу кезінде адам өздігінен қозғала алады, 2 деңгейлі үсіп қалу аяғында дұрыс тұра алмайды, үшінші деңгейлі болса есінен танып қалады.