Полная версия сайта Каз

Портал управления здравоохранения Восточно-Казахстанской области

8(7232) 701-131

г.Усть-Каменогорск, пр.Ауэзова 26

Құрметті донорлар, қан компоненттерін құюға мұқтаж науқастардың туыстары!30.12.2016ж.

Алдағы мейрам демалыс күндеріне байланысты және қан компоненттері банк қорын толықтыру қажеттілігімен, облыстың медициналық ұйымдардағы науқастарды қан компоненттерімен үздіксіз қамтамасыз ету мақсатында "Шығыс Қазақстан облыстық қан орталығы" КМҚК (ШҚ ОҚО), 03.01.2017 ж. жұмыс күні деп жариялағанын хабарлайды.

Қан дайындау ШҚ ОҚО көшпелі бригадасымен "Донор" медкомплексі мамандандырылған операциялық машинада жүргізіледі, "Ана мен бала орталығы" ШЖҚ КМК аумағында Өтепов көшесі, 37 үй мекен-жайы бойынша орналасады.

Донорларды қабылдау сағат 9-00-ден сағат 13-00-ге дейін. Жеке куәлігінің түпнұсқасы болуы  міндетті!

Адам өмірін құтқару -  бұл әлемдегі өте маңызды адамның ісі, әрқайсымыз таңғажайып жасай аламыз,  мұны есте сақтау қажет!

 

Артқа