Желтоқсан айы мейрамдарға толы. Әрбір жанұя мейрамды дастарханын дәмді тағамдарға толтырып, қарсы алады. Осыған орай, дайын тағамның сапасы мен қауіпсіздігіне де назар аударуды ұмытпағаныңыз жөн. қоршаған ортада көптеген тiрi жәндiктер-микробтар мекендейдi. Микробтар пайдалы және зиянды болып бөлiнедi. Пайдалы микроорганизмдер сүтқышқыл өнiмдердi, сыра, нан өнiмдерiн дайындау үшiн қолданылады. Зияндыға тағам өнiмдерiнiң бұзылуын туғызатын микроорганизмдер жатады. Тамақтан улану ағзаға микробты жасушалардың көлемдi мөлшерi түскенде пайда болады. Микроорганизмдердiң тағамға түсуi өндiрiсте жуу және дезинфекциялау, өнiмдi тасымалдау, сақтау тәртiбi және жеке бас гигиенасы ережелерi тәртібін сақтамағаннан болады. Аталған себептер салдарынан және сату барысында микроорганизмдердiң өсуi көбейiп, жедел ішек жұқпаларына әкеп соғуы мүмкін.
Аймақ бойынша жедел ішек жұқпаларының эпидемиологиялық жағдайы тұрақты болып бағаланады. Топтық жедел ішек жұқпалары тіркелмеген. Жедел ішек жұқпаларының тіркелуінің былтырғы жылмен салыстырғанда сәл азаюы байқалады (2016 жылдың өткен 10 айының қорытындысы бойынша жедел ішек жұқпаларының 100 мың халыққа шыққандығы көрсеткіші-73,10 құраса,2015 жылдың 10 айындағы көрсеткіші-73,19 құрады)
Iшек жұқпаларының қоздырғыштары қоршаған ортада ұзақ сақталатынын ұмытпау керек, осылай дизентерия қоздырғыштары өздерiнiң өмiр сүру қабiлетiн лас ыдыста, дымқыл iш киiмде апталап тiптi айлап, топырақта 3 айға дейiн, тағам өнiмдерiнде (сүт, сүт өнiмдерi, ет өнiмдерi, салаттар, нан және тағы басқа өнiмдерде) – бiрнеше тәулiк бойы, суда 5-6 күнге дейiн; iш сүзегi қоздырғыштары тұрған суда бiрнеше айға дейiн, ағынды суда 10 күнге дейiн, басқа азық-түлiктерде 8 аптаға дейiн сақталады. Сүт және сүт өнiмдерiнде, салаттарда және басқа да өнiмдерде iшек жұқпаларының қоздырғыштары сақталып қана қоймайды, сонымен қатар, тағам өнiмiнiң дәмдiк сапасын өзгертпей, көбее алады.
Тағамды сапасы мен қауіпсіздігіне назар аудармай және жуылмаған қолдарыңызбен ішке пайдаланған жағдайда өз денсаулығыңызды қаншалықты қатерге тігетініңізді білгеніңіз абзал.
Iшек жұқпалары кезiндегi клиникалық көрiнiстер әртүрлi болады, бiрақ жалпы тән симптомдар – дене температурасының жоғарылауы, жүрек айну, құсу, iш ауру, метеоризм, жиi сұйық нәжiс, улану симптомдары (бас ауру, жалпы әлсiздiк, тәбеттiң жоғалуы және т.б.). Аурудың ағымы мен нәтижесi сырқатты ерте байқап, уақытылы емдеуге байланысты. Мiне сондықтан асқазан-iшек жолдарының қызметiнiң азын-аулақ бұзылыстары болғанда науқастарға тез арада медициналық көмек алу үшiн емханаға қаралу керек және өзiн - өзi емдеумен айналысуға болмайды.
ЖIЖ алдын-алу жолдары:
Қымбатты Шығыс Қазақстан тұрғындары естерiңiзде сақтаңыздар, тағам әзірлеу сақтау ережелерін және қарапайым жеке бас гигиенасын қатаң сақтау арқылы жеке басыңызды және жақындарыңызды жедел iшек жұқпаларынан сенiмдi түрде қорғай аласыз!
ҚР ҰЭМ ТҚҚ комитетінің
департаменті» РММ басшысының м.а. Тағаева Г.Ж