Кіру
You can authorize on site with:
Google Vkontakte Mailru

Омыртқа остеохондрозы, емделуі және алдын алуы.20.10.2016ж.

 Соңғы кездері остеохондроз ауруы кеңінен таралып келеді. Жалпы статистика бойынша  омыртқа ауруымен жер шарындағы адамдардың жартысынан көбі ауыратындығы анықталып отыр.

         «Амбулаториялық орталық» мекемесінде 2016 жылдың 1 кварталы бойынша 28 % науқас медициналық көмекке жүгінді. Оның ішінде: 67 %     - әйел адамдар болса, 33 %  – ер адамдар.

Остеохондроз тек орта жастағыларда емес барлық жас арасында кездесетін ауру. Біздің жүргізген талдауларымыз бойынша ауруды «жаңарту» тенденциясы науқастардың: 16-25 жас аралығында  24 % , 26-55 – 36 %, 55 жастан жоғарғылар - 40 % құрады. Остеохондроздың асқынуы – еңбекке жарамсыздықтың бірден бір себебі болып табылады. Біздің 1 квартал статистикамыз  бойынша остеохондроз кезінде асқыну синдромы бойынша барлық еңбекке жарамсыздық парақтары мен анықтамлардың ортақ саны – 65 %.    

            Остеохондроз – омыртқа жотасы мен оны қаптап тұратын барлық тінілердің дегенеративті-дистрофиялық ауруы. Дистрофиялық үрдіс -  қоректенудің бұзылуы, ал дегенерация – тінілердің құрамы мен қасиеттерінің өзгеріске ұшырауы.

Остеохондроздың асқыну себептері:

  1. Артық салмақтың түсуі. Омыртқа жотасы арасындағы дискілердің арасындағы беріктілігі мен оларға жүктелетін салмақтың күш салынуымен  мінезделетін дегенеративті үрдіс. Артық салмақтың салдарынан омыртқа жотасы құрылымының жарақаттануына әкеліп соғады. Омыртқа жотасы арасындағы амортизация рөлін атқаратын дискілер артық салмақтың түсуі ерекше сезімтал болып келеді. 
  2. Омыртқа арасындағы дискілерінің қоректенуінің бұзылуы. Омыртқа жотасы арасындағы дискілерде қан тамырлары болмайды да, айналадағы тінілердің тінілер арасындағы сұйықтықтың диффузия есебінен олардың қоректенуі жүзеге асады. Диффузия үрдісі омыртқа жотасы мен бұлшық еттерінің белсенді қимыл-қозғалысына мүмкіндік береді. Омыртқа жотасының ұзақ уақыт қимыл-қозғалыссыз болуы омыртқа жотасы арасындағы дискілерінің жүйке жүйесіне әсер етуі остеохондроздың түзілуіне әкеліп соғады.
  3. Басқа факторлар. Тұқымқуалаушылық, зат алмасу қызметінің бұзылуынан, гормональді өзгерістер, соматикалық аурулар т.б. бұл себептер кезінде қан айналымының өзгерістеріне әкеліп соғады. Дискінің фиброзды жүзігінде фиброзды талшықтар ыдырап, микросызат пен тесік пайда болып, пульпозды ядроның орнынан тайып, протрузия немесе омыртқажотасы аралық диск жарығының  түзілуіне әкеліп соғады.  

Локализациялық  пайда болуларына байланысты остеохондроз ауруларын: мойын, кеуде, және бел бөлімі. Көбінесе бел омыртқасы бөлігі зақымданады, оған  көп жағдайда остеохондроз ауруымен ауыратындар.  Бұл омыртқа жотасының төменгі бөлігін омыртқа жотасының басқа бөліктерімен салыстырған ана ғұрлым үлкен статистикалық салмақтың түсуінмен байланысты.  Біздің жалпы жағдайлардан жасаған талдауларымыз бойынша – 56 % . Екінші көп кездесетін бөлік – мойын. Біздің мәліметтеріміз бойынша 37% сандық көрсеткішке тең. Омыртқа жотасының аталмыш бөлігі көп жағдайда мойынның бір қалыпта – яғни  компьютердің, үнемі отырған қалыпта жұмыс істеу, бірқалыпты дене еңбегі. Омыртқа жотасының кеуде бөлігіндегі остеохондроздың үдеуі, аталмыш бөліктің қимыл-қозғалысқа түспеу салдарынан.

Остеохондроздың клиникалық симптомдары  екі негізгі топқа бөлінеді: жергілікті симптомдар – арқаның ауруы немесе арқанның белгілі бір бөлігі: мойын, бел, жауырын арасындағы ауруларынан; неврологиялық симптомдар – омыртқа жотасының нерв жүйесі мен тамр жүйесі үрдісіне тартылуына байланысты пайда болып, ағзаның құрылымдарының қанайналымы мен жүйкеленеуіне жауапты.

Омыртқа жотасының мойын бөлігінің остеохондрозы кезінде мойыннан қолға аурудың берілуі, желке, жаға аумақтарының ауруы. Омыртқа жотасы артерия синдромы көп жағдайда сол бөліктің омыртқа остеохондрозы болып табылады. Омыртқа жотасы артерия синдромы бастың солқылдап ауруы, басымызда қандайда бір шудың тұруы, бас айналуы болып табылады.

Омыртқа жотасының кеуде бөлігі остеохондрозы кезінде жауырын арасында, арқаның кеуде тұсының ауруларымен айқындалады да, жүре келе қабырға арасы шағып, қабырға арасының невралгиясын сипаттап, кеуде қуысының алдыңғы жағында жүрек ауруларымен белгіленеді.

Бел бөлігінің остеохондрозы кезінде арқаның төменгі жағы, бөксені басып, ары қарай аяққа аурудың жайылуы, кей жағдайда аяқтың тартылып, піскілеп, аяқ бұлшықеттерінің селкілдеп піскілеп ауыруымен айқындалады.

Омыртқа жотасы остеохондрозының диагностикасы науқастың шағымдары мен стартқы аурулары, клиникалық, неврологиялық тексерулерімен диагностика жасалады. Зертханалық және құрал-сайман әдісі арқылы диагностика – рентгенология, магнитті-резонансты томография (МРТ), копьютерлік томография (КТ), мойын тамырларының допплерографиясы мен электрокардиография тағайындалады.

Остехондрозды емдеу – кешенді: дәрі-дәрмекпен – асықынуды басуға бағытталған, хандропротектордың тағайындалулары остеохондроздың үдеуіне жол бермейді де, шеміршек тінілерін қатайтады. Арқаға массаж жасау, омыртқа жотасын түзету арқа бұлшықеттерінің тонусы мен икемділігін, қан айналымын жақсартуға,, нерв түбіршектерінің қысылып қалмауына және омыртқа жотасы-тірек сигменттерінің қозғалғыштықты орнына келтіруге көмек береді. Омыртқа жотасын созу остеохондроздың омыртқа жотасы арасындағы дискінің протрузияға немесе жарғының пайда болу кезінде қолданылатын әдіс. Емдік блокада бұл – паталогиялық ошақтың аумағына дәрі-дәрмек препаратын егу. Әр түрлі физиотерапевтикалық емшаралар қолданылады: магнитотерапия, лазермен емдеу, ультрадауыспен, миостимуляция, электрошаралар.

Барлығымызға белгілі ауруды емдеудің жақсы әдістерінің бірі – оның алдын алуы. Остеохондрозды болдырмау үшін, оның алдын алу сұрақтарымен ерте бала кезден бастау керек. Сәби өмірінің 1-жылдарынан бастап дене шынықтыруымен, спорттың қозғалмалы түрімен, ойындармен, тірек-қимылға аса мән беру, омыртқа жотасына артық салмақтың түсуін қадағалау.

Омыртқа жотасының сау жағдайын ұстану шараларына мыналар жатады:   еңбектің және демалудың рационалды режиімі: көп отырудан сақтанып, арқаңызды шынықтырып, арқаңызды тік ұстаңыз, жартылай қатты төсекте ұйықтау; омыртқа жотасына артық салмақтың түсуінен сақтану: ауыр заттарды көтермеу, әсіресе еңкейген қалыпта көтеруге, жоғарыдан құлап немесе секіруден сақтану, дене салмағына ден қою; арқаға арналған емдік дене-шынықтырулармен айналысу; дұрыс тамақтану,  уақытылы медициналық көмекке жүгіну, ерте диагностика – ауруды уақытылы емдеп, тез сауығудың кепілі.

Амбулаториялық орталық» мекемесі                Дәрігер невролог: Шевнина Лира Васильевна

                                                               

 

 

 

Артқа
Яндекс.Метрика