Полная версия сайта Каз

Портал управления здравоохранения Восточно-Казахстанской области

8(7232) 701-131

г.Усть-Каменогорск, пр.Ауэзова 26

Тұрғындарға құтырма бойынша жаднама23.09.2016ж.

Құтырма - өлім қаупін туғызатын вируспен шақырылатын адамдар мен жануарлардың ауруы. 

Құтырма вирусының жұқпа көзі жабайы аңдар (түлкі, саскүзен, жанат, кірпікшешен, кеміргіштер және т.б.) да, үй жануарлары да болып табылады.

Адамдар көбінесе жазда саябаққа құтырмаға қарсы екпесіз шығарған үй мысықтарынан жұқтырылады. Балаларға жабайы және қанғырған жануарларды көшеден алуға және тіпті сипауға болмайтынын түсіндіріңіз.

    Аурудың белгілері қарапайым болуы мүмкін — үй жануарларының агрессивті болуы және адам көп жиналған жерде пайда болуы, жабайы жануарларда судан қорқу, сілекейінің ағуы, дауысының жоғалуы, сал ауруының пайда болуы мүмкін, бірақ ауытқушылық та (әсіресе үй жануарларында) – әлсіздік, жүрістің бұзылуы, тамақтан бас тарту белгілері де байқалады.

Естеріңізде болсын, кез-келген жабайы аң өздігінен адамға бармайды! Егер осындай жануарды көрсеңіз, оған жақындамаңыз, міндетті түрде қауіпсіз арақашықтықта болыңыз, мүмкіндігінше ветеринарлық қызметке хабарлаңыз.

Аурушаңдық ауру жануардың тістеуі немесе зақымдалған теріні сілекейлеу арқылы (жиі жағдайда сілекей қабығы арқылы) жұғады.

Жануардың тістеуінен зардап шеккен адам құтырманың қоздырғышы аурудың алғашқы белгілері пайда болғанша 10 күн бұрын ауру жануардың сілекейінде болатынын білуі тиіс.

Сізді тістеген жағдайда не істеу керек?

Дереу жараны сумен, әсіресе сабынмен жуып, бірден медициналық көмекке жүгіну қажет. Жануардың тырнауынан, тістеуінен, сілекейлеуінен, сондай-ақ, өлген жануардың өлігімен қатынасқан барлық тұлғалар антирабиялық көмекті алу мақсатында дереу емдеу-алдын алу мекемесіне жүгінуге міндетті.

Сіздің итіңізді не мысығыңызды белгісіз немесе құтырмаға қарсы егілмеген жануар тістеп алса, екі тәуліктен кешіктірмей «Рабикан» вакцинасымен иммундау үшін мемлекеттік ветеринарлық клиникаға жүгініңіз.

Үй жануарлары иелерінің назарына, жануар кез-келген аурумен ауырғанда, әсіресе, құтырманың белгілері пайда болғанда (сілекейдің көп ағуы, ауыр жұтыну, түйілісу) дерек жақын жердегі мемлекеттік ветеринарлық  клиникаға жүгініңіз, ешбір жағдайда жануарыңызды өзіңіз емдемеңіз. Егер Сіздің жануарыңыз адамды тістеп алса, зардап шегушіге өз байланыс мәліметтеріңізді хабарлап, жануарыңызды мемлекеттік ветеринарлық  клиникаға тексеруге және қарауға жеткізіңіз.

Жануар иесі әкімшілік жауапкершілікті, ал зардап шегушіге ауыр зақым келтіріп, өлімге душар етсе, «Жануарды ұстау ережелерін» бұзғаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылады.

Құтырманы емдеу тәсілдері жоқ екені естеріңізде болсын. Ауруды тоқтатудың жалғыз ғана жолы –уақытылы антирабиялық көмекті алу. Тұрғылықты жеріңіз бойынша тістеген сәттен бастап 14-ші күннен кешіктірмей (как можно быстрее с момента укуса) травмпунктке немесе емдеу-алдын алу мекемесіне жүгініңіз. Адамдарды антирабиялық вакцинамен егу тегін жасалады.

Емдеу-алдын алу екпелерінің толық курсы 6 инъекциядан тұрады: бірінші – жүгінген күні, одан соң 3, 7, 14, 30 және 90 күні. Егер 10 күннен кейін  жануар сауықса, екпені тоқтатуға болады.

Қатерлі топтағы тұлғаларға (ветеринарлар, кинологтар, аңшылар) алдын ала егілу қажет. Екпелер, сондай-ақ, арнайы белгіленген сызба бойынша жүргізіледі, 12 айдан соң және одан әрі әрбір 2 жыл сайын қайта егуді жүргізеді. Гидрофобияны (құтырманы) алдын алудың аса тиімді және сенімді әдісі – антирабиялық екпені егу болып табылатыны есіңізде болсын!

 

Шыгыс казастан облысы тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті

 

Артқа