Учаскелік дәрігерге тіркелу |
Қабылдауға тіркелу |
Өтініш беру |
Менің емханамды iздеу |
Ауруханалар және емханалар |
Алғыс білдіру |
Жаңалықтар |
Шаралар |
Көрсетілген ұсыныстардың сапасын бағалау |
Құтырма - өлім қаупін туғызатын вируспен шақырылатын адамдар мен жануарлардың ауруы.
Қазіргі уақытта құтырма денсаулық саласында, сондай-ақ ветеринария саласында да басты мәселе болып қалуда. Оның эпидемиологиялық маңыздылығы - 100 пайыз өлімге әкеліп соқтыруымен, барлық жерде таралуымен, аурудың жануарлар арасындағы тікелей байланысымен, мемелекеттің әлеуметтік-экономикалық даму деңгейімен және халық арасындағы антирабикалық көмек көрсетілуімен анықталады.
БДДҰ мәліметі бойынша жұқпалы аурулар құрылымында он адамның біреуінің қайтыс болу себебі және 150-ден астам елде тіркелуі құтырықтың маңыздылығында болып табылады. Жыл сайын әлемде осы аурудан 55 мыңнан астам адам қайтыс болса, 10 миллионнан астамы арнайы антирабикалық ем қабылдайды.
2015 жылы Аягөз ауданында адамдар арасынан құтырма ауруымен 1 адам ауырған. Құтырма ауруы Шығы Қазақстан облысы аумағында жыл сайын үй және жабайы жануарлар арасында тіркеледі.
2015 жылы 11 ауданның 51 елді мекенінде эпизоотиялық қолайсыздық белгіленген.
Өткен жылы жануарлар арасында құтырма ауруына 190күдiктi анықталған, соның iшiнде 72 жағдайдың диагнозы зертханамен расталған. 2016 жылдың 8 айында құтырма диагнозы 5 жағдайдың 4-де зертханамен расталды (4 бас ІҚМ, 1 түлкіден).
Адамдар арасында құтырманың таралуының алдын алудағы маңызды шаларының бірі қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулау болып табылады.
Құтырманың алдын алу бойынша ШҚО-да қаңғыбас жануарларды ұстау iс-шараларына 51 бригада қатысады. 2015 жылы 27459 қаңғыбас жануарлар ұсталды. Ал, 2016 жылдың 8 айында - 18269 қаңғыбас жануарлар ұсталды.
2015 жылы облыстағы медициналық мекемелерге жануарлардың тiстеуінен зардап шеккен 4253 адам болса, 2016 жылдың 8 айында 3036 адам дәрiгерлік көмекке жүгінген. Барлық зардап шеккен адамдарға антирабикалық препараттармен емдеу курсы тағайындалып, жүргiзiлдi. Облыстың емдеу сауықтыру мекемелерінде құтырмаға қарсы иммундау препараттары жеткілікті.
Құтырма адамға үй және жабайы жануарлар, ет қоректілермен тығыз байланыста болуы нәтижесінде слекеймен немесе тістегенде және жаралаған кезде (иттер, мысықтар, түлкілер, қасқырлар және басқалармен) жұғады.
Жануарлардың құтырмамен ауруының себептерi сан алуан, бiрақ ең бірінші назар аударатын жағдай - жануарлардың iс-әрекеттерiнiң өзгеруi.
Иттер жеуге жарамайтын тас, ағаш, әйнек сияқты заттарды жұта бастайды.
Жануарлардың астыңғы жағы салбырайды, сiлекейдің бөлінуі көбейеді және олар адамдар мен жануарларға жүгiрiп, қатты тiстелейді.
Адамдар мен жануарлардың құтырмамен ауруы 100 пайыз өлiмге әкеп соқтырады.
Құрметті тұрғындар! Иттер мен мысықтарды, құтырмаға азғантай күмәндi белгілері байқалса, ветеринарлық дәрiгерге қаратуды есте сақтау қажет.
Жануарларға иелерiнің өз бетiмен көмек көрсетулеріне жол бермеу қажет, өйткенi ол қауiптi.
Егер адамды жануарлар тiстеп алған жағдайда тез арада дәрiгерге қаралып, құтырмаға қарсы егуді жүргiзу мәселесiн шешу қажет.
Аурудың ұлғаюының алдын алуда тек қана құтырмаға қарсы егу көмектеседi.
ҚР ҰЭМ ТҚҚК ШҚО тұтынушылардың құқықтарын қорғау Департаментінің аса қауіпті және карантиндік жұқпаларды эпидемиологиялық қадағалау бөлімінің бас маманы Тарина Ш.Ж