Учаскелік дәрігерге тіркелу |
Қабылдауға тіркелу |
Өтініш беру |
Менің емханамды iздеу |
Ауруханалар және емханалар |
Алғыс білдіру |
Жаңалықтар |
Шаралар |
Көрсетілген ұсыныстардың сапасын бағалау |
Жарақаттану барлық жастағы адамдардың денсаулығы мен өміріне қатерлі қауіп төндіреді. Жыл сайын әлемде әр түрлі жарақаттардың салдарынан 5 млн. адам көз жұмады - бұл шамамен жалпы өлім санының 9 пайызын құрайды. Көбінесе адамдар өзінің бейғамдығы мен абайсыздығы немесе біреудің қылмыстық немқұрайлылығы мен жауапсыздығынан жарақат алады, мүгедек болып қалады, өмірінен айырылады.
Жарақаттар бөлінеді:
1. Өндірістік – өнеркәсіптік; ауыл шаруашылықтық; құрылыстық; көліктік жарақат: жұмысшының өндірісте және еңбек қауіпсіздігі талаптарын сақтамауына байланысты туындаған жарақат. Негізгі себептері – бұл жұмыс орнын ұйымдастыру мен ұстаудағы, техника қауіпсіздік ережелерінің сақтаудағы кемшіліктер; жұмыс орындарын дұрыс жарықтандырмау; өндіріс аумағының былығуы және ластануы; тұрмыстың қанағаттанарлықсыз жағдайлары; алкогольдік мастану.
2. Өндірістік емес: тұрмыстық; көшелік; жол-көліктік; спорттық; мектептік; балалар жарақаты және басқалар. Олар өндірістік қызметтен тыс зардап шеккен жазатайым оқиғаларға: үйде, аулада, жеке гаражда және т.б. байланысты.
Адамдардың жарақаттану және қаза табу деңгейін төмендетуге не мүмкіндік туғызады?
Біріншіден, оларды бұзу үшін қауіпсіздікті, қауіпсіздік ережелерін сақтау және арттыру үшін жауапкершілік шараларын қамтамасыз ету керек;
Екіншіден, кең бұқаралық тұрғындардың салауатты және қауіпсіз өмір салтына насихаттау жүргізу, алғашқы көмек көрсете білуге ықпал ету керек.
Қауіптілікті болдырмау үшін: аяқ астына мұқият қараңыздар; аяқты кең баспай, ақырын басыңыз; аяқтың үшімен, артымен баспай, табанға толық басыңыз; тазаланбаған көшелерді және тайғақ жерлерді айналып өтіңіз; құм себілген жаяужолдармен жүріңіз; аяқ киімнің табанына зімпаралы қағазды немесе жабысқыш пластырь жабыстырыңыз; табаны кедір-бұдыр аяқ киім киген дұрыс болар; бойжеткен қыздарға көктайғақ кезінде жоғары, жіңішке биікөкшені ұмытқан жөн болар.
Егер Сіз сонда да көшеде тайғанап құласаңыз және аяқ-қолыңыздың жіті түрде ауырғаның сезсеңіз, өзіңіздің күйіңізді бағалау маңызды.
Сынықтың немесе буын шығудың басты белгілері: қатты ауырсыну; өсе түскен ісік; зақымдалған аяқ-қолдың қысқаруы және оны дұрыс қозғау мүмкіндігі болмау.
Ми шайқалудың белгілері: естен тану (кейде тек аз сәтте); жүрек айну; бас ауруымен байқалады.
Қалай да болсын әрі-бері өтушілердің назарын аударуға, көмек сұрауға тырысыңыз. Олар жедел жәрдем шақырып, немесе жақын травматологиялық орынға жетуге көмектесу керек.
· үлкендерге: Абай даңғ.-18, Буров к.-61,
· балаларға – АжӘО Утепов к. -37.
Жазатайым оқиға міндетті түрде травматологиялық орынға немесе "жедел жәрдемге" жүгінумен аяқталады. Тек жеңіл соғып алу кезінде ғана дәрігердің көмегіңсіз амалдауға болады: ауырған жерге суық салыңыз, ол ісік пен ауырғанды азайтады, және көгерген жерді сорып алу үшін жақпа май немесе гель жағыңыз. Ауырған жерді жылытуға болмайды, әсері тікелей қарама-қарсы болады.
Көшедегі жарақаттанудың алдын алу бойынша маңызды шаралардың бірі - тұрмыстық маскүнемдікпен күрес, өйткені көшедегі жарақаттар жиі адамның мас күйінде болады.
Қарт адамдар жарақатының алдын алу.
Осы жарақаттардың себебін ішкі және сыртқыға бөлуге болады.
● Ішкі себептері тірек-қозғалыс аппараты, көру және жүрек-қан тамырлары жүйесінің жас өзгерістеріне байланысты.
● Сыртқы себептер қауіпсіз қозғалысты дұрыс ұйымдастырмауға, төмен тұрғын үй қауіпсіздігіне, ыңғайсыз аяқ киімге, жылжыту көмекші құралдарының жоқтығына (таяқ, ағашаяқ) және т.б. байланысты.
Егде және кәрі жаста неврологиялық және қан жолдары ауруының, тірек-қозғалыс аппаратының патологиясы негізінде жүріс-тұрыс мәселелері: бұлшық еттер атрофиясы, буындардың ауруы, олардың икемділігінің жоғалуы пайда болады.
50 пайыз құлау жағдайлары үйде, әсіресе жуынатын және жатын бөлмелерінде болады. Көп қарт адамдар жарақатқа куәліктерсіз ұшырайды, сондықтан тез көмек ала алмайды.
Қарт адамдар жарақаттануының алдын алу бойынша ұсыныстар.
Егде жаста жарақаттардың, құлаудың, мертігудің алдын алу көбінесе адамның өзіне, өмір салтына, мінезіне және назарына байланысты. Осыған байланысты ұсынылады:
● Дер кезінде жүрек-қан тамырлары, артроз, остеопороз ауруларын анықтау және емдеу.
● Уақытылы және неғұрлым тиімді көзілдірік немесе есту аппаратына тапсырыс беру үшін, көру және есту қабілетін жиі тексеріп отыру қажет.
● Үй жағдайында дәрігердің тағайындауы бойынша тепе-теңдік және бұлшық ет жаттығуларын, сондай-ақ күнделікті жүрісті орындау.
● Тұрғын үй-жайларында оңтайлы температураны ұстау қажет, өйткені оның елеулі түрде ауытқуы мидың қан қысымы айырмасын нашарлатады, ол үйлесімді қозғалыстардың бұзылуына әкеліп соғады.
● Жиі серуендеу, жүзу, жеңіл гимнастикамен айналысу сергектік және қозғалғыштықты сақтауға көмектеседі.
● Тәуліктің қараңғы уақытында, ауа райының өте суық кезінде, қар жауған және көктайғақ кезінде үйден шығу орынсыз. Қысқы уақытта серуендеу кезінде құлаудың алдын алу үшін, таяқ қолдану немесе жақын туыстармен қыдыру орынды, әсіресе көшені өткенде, баспалдақпен көтерілу, түсу кезінде бұл өте маңызды.
● Тәуліктің қараңғы уақытында үйге қайтқанда, бағдарды адам көп жүретін және жарығы бар орындарда таңдап, жақын туыстар және достармен бірге жүру орынды.
● Аяқ киімді дұрыс таңдау маңызды. Ол тар болмауы тиіс, бірақ тым үлкен мөлшерде емес, жұмсақ және кедір-бұдыр табанды болуы керек.
● Қарт адам тұратын бөлмедегі жиһаз да маңызды рөл атқарады. Мысалы, кереует 60 сантиметрден төмен болмауы, креслолар шұңқыр болмауы керек, креслолар жұмсақ, басқа тірек болу үшін, арты биік болуы керек. Төсектен тұрғанда, шалт қозғалудан сақ болу керек.
● Жарақат алу кір жуу, суға шомылу кезінде болуы мүмкін, сондықтан ваннаға суды туыстар немесе қызмет көрсетуші қызметкерлер құю керек. Жуынатын бөлме тұтқалармен, ваннаның шетіне бекітілген тірекпен және арнайы орындықтармен жабдықталуы керек. Жуынатын бөлменің еденіне резина төсеніші төселуі керек.
Қарт адамдар үнемі өз күштері мен ағза мүмкіндіктеріне сенуі керек. Қарт адамдардың жарақаттануын азайту, бұл санаттағы адамдарға мемлекет тарапынан қамқорлық жасау кезінде ғана емес, осы азаматтардың өз денсаулығы мен қауіпсіздігіне мұқият қарау арқасында болады.
Жол-көліктік жарақаттанудың алдын алу
Әлемде жыл сайын жол апаттарында шамамен 1,3 млн. адам өледі, ал 20 млн-нан 50 млн адамға дейін жарақат алады немесе мүгедек болып қалады.
Жол-көлік оқиғасының (ЖКО) қатері мен зақымданудың ауырлығын төмендету үшін олардың тиімділігі дәлелденген түрлі іс-шаралар қолданылады.
1. Қалалық жолдар бойында велосипедшілерге арналған арнайы жолдардың бөлінуі, велосипедшілер арасындағы өлім санын қысқартуға мүмкіндік берді.
2. Күндізгі уақытта жағылған шамдармен жүру ЖКО санын 10-15 пайызға төмендетті.
3.Алдыңғы орында отырған жүргізушілер мен жолаушылардың қауіпсіздік белдігін пайдалануы жарақаттың барлық түрлер санын 40-50 пайызға азайтты. Белдіктер мен қауіпсіздік жастығының үйлесімі жүргізушілер мен жолаушылар арасындағы өлім санын 68 пайызға азайтты.
4. Егер бала машина жүрісі бойынша отырса, балалар креслосын пайдалану барлық жарақаттар санын 34 пайызға, ауыр жарақаттар санын 60 пайызға төмендетеді, ал егер бала машина жүрісіне қарсы отырса, барлық жарақаттар санын 76 пайызға, ал ауыр жарақаттар санын 92 пайызға төмендетеді.
5. Мотоциклшілер мен велосипедшілер шлемін пайдалану жарақат алған тұлғалардың санын 20 – 30 пайызға төмендетуге мүмкіндік береді.
Көшеде, өндірісте, отбасында жазатайым жағдайдың болуы туралы әрбір хабарлама қайғылы сезім тудырады. Әсіресе бала қаза тауып, жараланса, екі есе ауыр тиеді. Қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтау, бір біріне құрметпен қарау міндеті сақталса, жазатайым оқиғалардың болу ықтималдығы айтарлықтай аз болар еді.
«Өскемен қаласының жедел медициналық жәрдем станциясы» КМҚК Диспетчерлік қызметінің аға дәрігері Чеусов Д.С.