Кіру
You can authorize on site with:
Google Vkontakte Mailru

Емшекпен емізу27.07.2016ж.

 

Ананың сүті – еметін бала үшін, әсіресе алғашқы 6 айда мінсіз тамақ.

Сүт – құрамына майлы тамшылар, ақуыздар, көмірсулар, тұздар, дәрумендер, микроэлементтер және басқа да заттар кіретін күрделі сулы майшат. Сүт балаларды жеңіл қорытылатын түрде тамақ заттары және қуатпен қамтамасыз етеді, әртүрлі ауруларға қарсы сенімді кедергі болатын қорғаныс факторлары бар, иммунитеттің қалыптасуына және күшеюіне ықпалын тигізеді, ағзаның тітіркенуі тәуекелділігінің дамуын, ас қорыту органдары ауруларын азайтады.

Ананың ағзасында тұрақты түрде ағзаға кіретін бактериялар мен вирустарға қарсы денелердің пайда болу үрдістері жүріп жатады. Бұл қарсы денелер сүтке араласып, баланы көп аурулардың қоздырғыштарынан қорғайды.

Емшек сүтіне бала ағзасының сезгіштігін ынталандыратын вирустардың фрагменттері де кіреді, нәтижесінде тиімді иммундауға қол жетеді.

Емшек сүтінің үлкен артықшылығы сонда, сүт балаға зарарсыздандырылған түрде және қолайлы температурада барады, сондықтан жақсы қорытылады.

Бұлардан басқа, сүт бала үшін тек тамақ емес, сусын да бола алады. Сондықтан, емшекпен емізгенде алғашқы 6 айда баланы қандырып емізу қажет емес.

Қорытындысында, ерте жастағы балалардың аурумен ауыруы және өлім-жітімге ұшырауы елеулі түрде төмендейді.

Емшекпен емізу – бұл бала мен ананың арасындағы тоқтамайтын биологиялық және эмоциялық байланыс, терең рухани байланыс, ең жақын адамдардың: ана мен баланың қарым-қатынасының ғажайып және тамаша уақыты.

Емшекпен емізу әйел өмірінің ең жағымды және бақытты сәттері.

Қазақстанда баланы міндетті түрде 6 айға дейін емізу және әрі қарай 2 жасқа дейін емізуді сақтау тәжірибесі бар, мұның өзі біздің Республикамыз үшін дәстүрге айналған.

Бұл Қазақстан Республикасы Президентінің заң күшіндегі 1998 жылғы 18 мамырдағы нәрестелік және аналардың өлім-жітімін азайту бағдарламасы ретінде Жарлығында орын алған.

ЕМШЕКПЕН емізу ерте жастағы балалар мен емізетін аналардың денсаулығын сақтаудағы жалғыз сенімді тәсіл.

 

Алдашова О.Ж., «Жанұялылық амбулатория» мекемесінің учаскелік дәрігер-педиатры

Артқа
Яндекс.Метрика