Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың барлық Жолдаулары стратегиялық маңызды және қатаң регламенттелген мерзімдерде нақты міндеттер мен мақсаттарды шешуге бағытталған. Осы міндеттер биылғы жылғы Жолдауда да көрініс тапқан.
Елбасы Жолдауын әдеттегідей дер кезінде жария етті. Дәл бүгінгідей, жаһандық дағдарыс кезінде, оның демеу сөздері мен мемлекетті дамытуға бағытталған нұсқаулары біз үшін маңызды болды. Біздің республикамыз өзінің даму кезінде бірнеше дағдарысты басынан өткерді. Президенттің көрегендігі мен даналығының арқасында біздің республикамыз бай-қуатты болып, дами түсті. Жолдау – дағдарыстан шығудың нақты картасы. Осыдан шығатын қорытынды біреу – еңбек етсеңіз дағдарыстың ауыртпашылығын оңай еңсересіз. Бұл үшін біздің мемлекетте барлық жағдай жасалған.
Елбасымыз атап өткендей Жолдаудың басты ерекшелігі бұл құжатта еліміздің әлемдегі ең дамыған 30 мемлекеттің қатарына қосылудың жолдары, қойылған мақсаттарға жетудің бағыттары айқындалған. Экономиканың жыл сайынғы өсімін кем дегенде 4 пайыз деңгейінде қамтамасыз етуге тапсырма берілді. Егер елдің экономикалық өсімі 5-6 пайыздан артатын болса, Стратегияда айқындалған міндеттерге мерзімінен бұрын жететініміз атап көрсетілді. Соған байланысты Президент саннан сапаға өту қажеттілігі туралы міндеттер қойды. Экономиканың барлық салаларында жалпы экономиканың тиімділігін қамтамасыз ететін заманауи нанотехнологияларды, инновацияларды, ғылыми жетістіктерді кең көлемде пайдалану басты бағытымыз болуы қажет.
Басқару органдарының қызметтері мен жауапкершіліктерін күшейту – бұл да осы құжатта айтылған маңызды саяси шешімдердің бірі. Президенттің Қазақстан Республикасы Үкіметіне берген тапсырмасы қаржылық проблемаларды шешудегі жаңа көзқарастың негіздерін қаламақ: мемлекеттер арасындағы келісімдер негізінде шетелдік инвестицияларды тарту, шетелдегі жеке ақшалай қаражаттарға рақымшылық жасау, ұлттық қорды құру, салық салу жоспарындағы реформалар, жаңа өнеркәсіптік нысандарды салу, жұмыс орындарын ұсыну.
Стратегиялық құжатта ұзақ мерзімді болашаққа арналған маңызды бағыттар аталған. Сәт сайын құбылған аласапыран заманға қарамастан біздің Президентіміз ұстаздардың, дәрігерлердің жалақыларын, студенттердің шәкіртақыларын, зейнетақы мен жәрдемақыларды көтеру қажеттілігін ерекше атап айтты.
Президент Жолдауына сәйкес, ҚР ҰЭМ ТҚҚК ШҚО тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті өз құзыры шегінде Елбасының халыққа үндеуінде көрсетілген міндеттерді іске асырады.
Жолдау – жүктелген міндеттерді орындау бойынша барлық қажетті шараларды қабылдайтын және тиісті жұмыстарды жүргізетін мемлекеттік органдармен орындалуы міндетті саяси құжат болып табылады.
ШҚО тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің барлық басқармаларында ҚР Президентінің Жолдауын түсіндіру бойынша көшпелі семинарлар мен кеңестер өткізілді. Біздің қызмет Шығыс Қазақстан облысы тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті мен облыс тұрғындарының бұдан бұрынғы жолдауларға қолдау көрсеткендей, аталмыш саяси маңызды құжатқа да қолдау білдіретініне сенімдімін, сондай-ақ осы Жолдаудың міндеттерін жүзеге асыру кезінде жұмыстарды жұмыла атқаратындары сөзсіз.
ҚР ҰЭМ ТҚҚК ШҚО ТҚҚД қалалық және аудандық тұтынушылардың құқықтарын қорғау басқармаларының мамандарымен тұрғындарға тұтынушылардың құқытарын қорғау және облыс аумағында санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылықты қамтамасыз ету саласында мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарын түсіндіру бойынша коммуникациялық жұмыстар жүргізілуде.
Жолдауда аталған жоспарлар мен міндеттерді жүзеге асыру бізден ТҚҚД мамандарынан жұмысқа деген жаңа көзқарасты талап етеді. Кезекті Жолдаудағы жаңа экономикалық саясаттың арқасында біздерге жаңа мүмкіндіктер туындайтын болады.
Барлық мемлекеттік органдар өз құзыры шегінде мемлекеттік саясатты жүзеге асырады- тұтынушылардың құқықтарын қоғау саласы бойынша заңды және жеке тұлғалардың өтініштерін қарастырады; тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы ҚР заңнамаларын бұзушыларға қатысты жауапкершілік шараларын қабылдайды және заңнаманың сақталуына бақылауды жүзеге асырады.
ШҚО ТҚҚ департаментінде ҚР Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 3 сәуірдегі № 307 бұйрығымен бекітілген мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына сәйкес 7 түрлі мемлекеттік қызмет көрсетіледі.
Мемлекеттік қызметтер қағаз және электрондық нысандарда тегін көрсетіледі. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер үрдістерін автоматтандыру үшін департаментте «Е-лицензиялау» деректер базасының ішкі порталы жұмыс істейді.
2016 жылдың 1 жартыжылдығының қорытындысы бойынша 2541 мемлекеттік қызмет көрсетілген. «Жобаларға, өнімдерге, жұмыстарға және қызметтерге санитариялық-эпидемиологиялық қорытындыларды беру», «Объектінің сәйкес келуі туралы санитариялық-эпидемиологиялық қорытындыларды беру» барынша сұранысқа ие болды.
Жауапты сәтте бірлігімізді сақтап, еліміздің игілігі үшін аянбай тер төгуіміз керектігін түсінгеніміз абзал. Қойылған міндеттер көп, бастысы, біз қазақстандықтар, елбасымыздың біздің береке мен әл-ауқатымыздың кепілі екендігіне кезекті рет көз жеткізіп отырмыз. Ұлтаралық келісім мен ел бірлігі Қазақстанның берік іргетасы болып табылады. Онсыз тиімді экономиканы да, тұрақты мемлекетті де құра алмаймыз.
Департамент басшысы Ғ. Сулейменов