Полная версия сайта Каз

Портал управления здравоохранения Восточно-Казахстанской области

8(7232) 701-131

г.Усть-Каменогорск, пр.Ауэзова 26

Қант диабеті18.07.2016ж.

Қант диабеті – бұл ауру, инсулиннің жетіспеушілігінен қанның құрамында қанттың мөлшері көтеріледі.

1 типті диабет өмір бойына сақталып, әрдайым инсулинді егіп тұруды қажет етеді, ал 2 типті диабет керсінше, жүре-жүре пайда болады, себебі инсулиннің адам ағзасына жетіспей, клеткалар оны қолдана алмайды. Аурулардың симптомдары ондай айқынды болмай, ауру байқалмай асқына береді.

Диабетке диагнозды анықтау үшін қанның қантқа (гликемия) талдауын тапсырамыз, егер диагнозға  күмәндансаңыз  – талдаудан кейін глюкозаны егіп барып, қайта қан тапсыру керек. Қант диабеті жоқ адамдардың қанның құрамындағы қанттың көрсеткіші – 3.3 – 5.5. ммоль/л. Қант диабеті жоқ адамда тамақтан кейін қанның құрамы 7,8 ммоль/л дейін көтеріледі.

Қант диабеті ауруының пайда болу себептері: тұқымқулаушылық, аутоиммунның, қан тамырлары жолдарының ауытқулары, семіздік, психикалық және дене жарақаттары. Ауру жұпалы аурулары мен жүктілік кезінде қозып, аурудың бастамсы болуы мүмкін. Қант диабеті басқа аурулардан кейін немесе қандайда бір дәрілік препараттарды қолдану салдарынан пайда болады.

Қант диабетінің белгілері:

- несептің жиі шығуы және шөлдің қанбауы;

- тәбеттің бола тура, дене салмағының тез арада жоғалтуы;

- әлсіздік пен шаршау;

- тез шаршап-шалдығу;

- көздің бұлдырлап, дұрыс көрмеуішігі (көз алдын «ақ перде» жамылуы);

- жыныстық қатынас, потенция белсенділігінің төмендеуі;

- аяқ-қол бармақтарының жансыздануы, шаншып ауруы;

- аяқта ауырлықтың байқалуы;

- бастың айналуы;

- жұқпалы ауруларының көпке созылуы;

- қандайда бір жарақаттың ақырын жазылуы;

- дене қызуының орта көрсеткішінен төмендеуі;

- балтыр бұлшық еттерінің тырысуы сияқты симптомдар болса, міндетті түрде дәрігерге қаралу керек.

Қант диабеті ауруын емдеудің маңыздылығы - емдәм терапиясы. Екпе, дәрі-дәрмектер дәрігермен науқастың  жеке ерекшеліктеріне байланысты анықталады. Бірінші типті қант диабетін инсулинді егу арқылы емдейді. Қант диабеті ауруын емдеу кезінде нашар қорытындылары емдәмді дұрыс сақтамау немесе дәрі-дәрмек дозасының – таблеткалар мен инсулиннің жеткілікті мөлшерде қабылдамау салдарынан.

Диабетті емдеудің негізі: емдәм мен емделу режимі. Емдәм әрбір науқас үшін жеке ерекшеліктерін басшылыққа ала отырып құруыға. Емдәм – емделудің негізі болып табылады. Емдәмді сақтамаса және дәрі-дәрмектермен,  инсулин дозасын шамадан тыс қолданса, науқастардың дене салмағы жоғарлап, инсулинге деген сезімділіктің төмендеуі, емдәммен емделу теріс шеңберге түседі. Қант диабетін  дұрыс емдесе, (емдәммен, дәрі-дәрмектермен, инсулинмен), қант диабетімен ауыратын науқас толыққанды өмір сүре алады.

Аурудың асқынуына көздің, бүйректің, қан тамырлары жолдарының және аяқ-қол жүйке жүйесінің («диабеттік табан»), диабеттің қауіпті асқынуы инсульт, миокард инфарктісі, бүйрек жетіспеушілігі, гангрена, көздің көрмеушілігі  – бұлардың бәрі бер жағы.

Гипогликемиясы бар науқастарға көмек: науқастың өміріне қауіп төніп тұрғанын көрсеңіз, тез арада әрекет ету керек. Гипогликемияға күдіктеңсеңіз, науқасқа сок, тәтті шәй беріңіз. Егер науқас есінен таныса, әрине бұны жасай алмайсыз, сол үшін тез арада жедел жәрдем шақырыңыз.Диабетпен ауыратын науқасқа үйден алыстап кеткен кезде, жолға шығып кеткен жағдайда жаныңызда не ұстау қажет? Әрбір науқас өзімен бірге емделу тарихы жазылған куә

лік, диабетке қарсы препараттар немесе инсулин міндетті түрде болуы керек. Гипогликемияны алдын алу үшін қалтаңызға шақпақ қант салып, сонымен қоса ыңғайлы аяқ-киім ала жүру керек.

 

Артқа