Полная версия сайта Каз

Портал управления здравоохранения Восточно-Казахстанской области

8(7232) 701-131

г.Усть-Каменогорск, пр.Ауэзова 26

Облыстың елді мекендерін санитарлық тазалау және абаттандыру айлығының жүргізілуі мен нәтижелері19.06.2016ж.

Табиғаттың жаңаруы, тірі организмдердің оянуы қоршаған ортаны тазалаумен байланысты. Көктемнің басында көшелер, саябақтар, аулалар мен скверлер тазаланғаннан кейін қаламыз түрленіп, көркейе түседі.

«Облыстық елді мекендерін көркейту, көгалдандыру және санитарлық жағдайын жақсарту бойынша іс-шаралар өткізу туралы» облыс әкімінің 2016 жылғы 6 сәуірдегі №94 қаулысына сәйкес санитарлық тазалау айлығы 2016 жылдың 9 сәуірі мен 9 маусымы аралығында жүргізілді. Бірінші жалпықалалық сенбілік 2016 жылдың 9 сәуірі күні ұйымдастырылды.

Осы уақыт аралығында мемлекеттік органдардың, өнеркәсіптік кәсіпорындардың, қоғамдық ұйымдардың, тұрғындардың қатысуымен қалаларда және аудандық орталықтарда санитарлық тазарту жұмыстары жүргізілді. Екі айлық сенбілікке өнеркәсіптік кәсіпорындар мен кәсіпкерлер, қаланың жетекші ЖОО, колледждер, орта оқу орындары, ПИК және басқа да ұйымдар белсенді қатысты.

Тұтынушылардың құқықтарын қорғау басқармалары мамандарымен санитарлық тазалаудың екі айлығында ұйымдарды, кәсіпорындарды, мекемелерді, ПИК-ін, сондай-ақ сауда объектілерін, қоғамдық тамақтану орындарын, мектептер мен балабақшаларды, денсаулық сақтау нысандары мен коммуналдық нысандарды жоспарлы және жоспардан тыс тексерулер жүзеге асырылды. ІІД қызметкерлерімен бірлесіп базар аумағы, қала мен ауылдың сауда үйлері аумағының сауда нүктелерінде санитарлық тәртіпті қалпына келтіру бойынша рейдтер ұйымдастырылды. Жүргізілген рейдтер нәтижесінде іргелес жатқан аумақтарды тазалықта ұстау бойынша бұзушылықтар анықталып, ескертулер берілді. Қайтара тексерген кезде, іргелес аумақтарды тазалықта ұстау бойынша барлық бұзушылықтар жойылған.    

Облыста жүргізілген шаралардың нәтижесі бойынша қарды қопсыту, көшелерді мұздан, қоқыстан, жапырақтан тазарту, жол жиектерін тазалау, қала көшелері бойындағы және кәсіпорындардың іргелес аумағындағы ағаштарды ағарту жұмыстары жүргізілді. Ағаштар мен бұталардың көшеттері отырғызылып, көгал алаңдары мен гүлзарлар жасалды, ағаштар мен бұталарды кесу, ойын алаңдарын абаттандыру, шағын сәулет нысандарын жөндеу шаралары жүргізілді.

Қала аумағын аралап шығу ұйымдастырылып, рұқсат етілмеген жерлердегі қоқыс үйінділері, контейнерлік алаңдар фотосуретке түсірілді. Қаланы аралаудың қортындысы бойынша «Тұрғын үй, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ-не шаралар қолдану мен рұқсат етілмеген ҚТҚ қоқыс үйінділерін жою үшін хатпен бірге фотосуреттер мен олардың  мекенжайларының сызбасы қоса жолданды.

Екі айдағы облыстың елді мекендерін санитарлық тазалау шараларынан кейін 58 рұқсат етілмеген қоқыс үйінділері анықталып, жойылды, 46134 текше метр қатты тұрмыстық қалдықтар шығарылды. Айлық басталғаннан бері ең көп қоқыс үйінділері Аягөз, Бородулиха, Жарма, Ұлан аудандары мен Курчатов қаласы аумағында анықталды.

Өткізілген айлық барысында анықталған нысандардың аумағын ұстауға қойылатын санитариялық талаптарды бұзушылықтар үшін әкімшілік жауапкершілікке 125 тұлға тартылып, 919 тұлғаға ескерту берілді.

Қоршаған ортаны көркейтуден басқа тұрғындар арасында санитариялық-ағартушылық жұмыстарына көп көңіл бөлінді.
Түсіндіру, ескерту тәсілдері кеңінен қолданылды, облыстың тиісті санитарлық жағдайы жайлы тұрғындармен қатар, басшылармен де сұхбат жүргізілді. Оқушыларға диктант мәтіні әзірленіп, қалалық білім басқармасы бөліміне тренинг, сынып сағаты, диктант түрінде оқушыларға санитарлық оқулар өткізу жөнінде ұсыныстар берілді. Қалалық автопарк басшыларына қалалық автобустарда санитарлық тазалауға шақыру үндеулерін орналастыру туралы хаттар дайындалды.

Жергілікті газеттерге 42 мақала жарияланды, санитарлық тазалауға шақыру бойынша сайтқа мақала дайындалып, телеарнадан хабарландыру берілді.

Келесі санитарлық айлыққа тек мемлекеттік органдар, кәсіпорындар ұжымдар мен ұйымдар, білім беру мекемелерінің оқушылары ғана емес, елді мекендер мен қалалардың әрбір тұрғыны белсенді қатысады деп үміттенеміз.

Қортындылай келе, біздің көшелер мен аулалардың тазалығы сіз бен бізге, біздің жауапкершілігіміз бен қоршаған ортаға қамқорлық көрсетуімізге байланысты екенін айта кеткіміз келеді!

 

 

ҚР ҰЭМ ТҚҚК ШҚО ТҚҚД

басшысы                                                                     Ғ.Қ. Сулейменов  

Артқа