Кіру
You can authorize on site with:
Google Vkontakte Mailru

«Бала босандыру және бала денсаулығы, миокардтың жіті инфаркті және онкологиялық аурулар кезінде медициналық көмек көрсетудің біріктірілген моделін енгізу барысы туралы» өткізілген дөңгелек үстелдің қорытындысы бойынша хабарлама23.05.2016ж.

 

ҚР ДСӘДМ Салауатты өмір салтын қалыптастыру проблемалары ұлттық орталығында 2016 жылғы 19 мамыр күні өткізілген дөңгелек үстелде профессор Жәмилә Баттақованың айтуынша «Біріктірілген модель шеңберінде медициналық көмек көрсетудің барлық қызметтері: профилактика, емдеу шаралары, сауықтыру, диспансерлік қадағалау, медициналық және әлеуметтік қызметтер жатады. Әрбір қызмет бойынша жол карталары жасалды, Үйлестіруші кеңес бекітілді, біріктірілген медициналық модель бойынша үлгілер әзірленуде, медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсетудің (әрі қарай-МСАК) үйлестіру негізінде денсаулық сақтаудың сапасы  мен сабақтастығы барлық жүйелерге бағытталған».

Ағымдағы жылы денсаулық сақтау жүйесінде ҚР денсаулық сақтау саласын дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған «Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру жөніндегі жаңа саясатының негізгі қағидаты алдымыздағы төрт жылда еліміздің демографиясына ықпал ететін аурулардың 5 түріне: миокардтың жіті инфаркті, инсульт, қатерлі ісіктің жаңа өсінділері туралы, жарақат алу, жүктілік кезінде және бала босану жағдайында медициналық көмек көрсетудің біріктірілген моделін қалыптастыру болып табылады.

ҚР әрбір бесінші адам қан айналым жүйесі ауруларынанкөз жұмса, әрбір сегізінші  адам қатерлі ісіктің жаңа өсінділерінен қайтыс болады, ҚР жыл сайын жедел түрде тұрғындардың 71%-ы ауруханаға жатқызылады. Соңғы 5 жыл ішінде  қан айналым жүйесі ауруларынан,қатерлі ісіктің жаңа өсінділері  және жарақат алудан болатын өлім-жітімнің үлестік салмағы 51%-ды,емделу құрылымы бойынша 52% жағдайды құрайды. Қан айналым жүйесі аурулары қатерлі ісіктің жаңа өсінділері  және жарақат алу бойынша тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлемінің  шығыны 52,4%-ды құраған"- деп Жәмилә Баттақова атап өтті.

Дөңгелек үстел барысында Қазақ онкология және радиология ғылыми зерттеу инстутының директоры, профессор Диляра Қайдарованың журналистерге берген сұхбатында «онкологиялық аурулар кезінде медициналық көмектің біріктірілген моделі, бірінші кезекте халыққа профилактикалық жұмыстар жүргізудің қажеттілігін- онкологиялық аурулардан болатын өлім-жітім көрсеткішін төмендету мақсатында дер кезінде барлық азаматтар скринингтік тексеріп-қараудан өтуі тиіс және бұл өмір сүру мөлшерін ұзартады және өмір сапасын жақсартады» -деді.

ДҰҰ мәліметтері бойынша, обырға қарсы профилактиканы  ерте сатыдан бастап анықтау ең тиімді жол деп пайымдайды.

«Балалар өлім-жітім көрсеткіші 1991 жылы 1000 тірі туылған балаға 27,4-тен 2015 жылы 9,39-ға дейін 3 есеге төмендеген, республикамызда күн сайын 1 мыңнан астам, ал жыл бойы 4 мың бала дүниеге келеді. Балалардың өлім-жітім көрсеткішін азайту бойынша 500 гр№ және одан аса салмақта шала туылған балаларды қолданылған отрыған стандартты шаралардың нәтижесінде өмір сүру құқығына ие болып жатыр. 5 жыл ішінде 1500гр. дейінгі салмақтағы балалардың өміршеңдік деңгейі 30%-ға өсіп, 60%-ды құраған» - бұл жөнінде Акушерия, гинекология және перинатология ғылыми орталығының директоры, м.ғ.д. Ләззат Ақтаева мәлімдеді.

Оның айтуынша, елімізде аймақтандыруға (өңірлендіруге) сәйкес  босандыру мекемелерінде кадрлар әлеуеті, медициналық жатын орындар қорының құрылымы сапалы жабдықтармен жабдықталған. Жыл сайын бала босандыру мекемелерін заманауи жабдықтармен қамтамасыз ету жақсаруда.

Республикамызда медициналық көмек көрсетудің біріктірілген моделі адамның өмір сүруі кезеңі бойынша- отбасын жоспарлау, туылғаннан бастап  егде жасқа жетуге дейінгі уақытты қамтамасыз етеді.

Артқа
Яндекс.Метрика