Полная версия сайта Каз

Портал управления здравоохранения Восточно-Казахстанской области

8(7232) 701-131

г.Усть-Каменогорск, пр.Ауэзова 26

Есте сақтау үшін!13.05.2016ж.

Бүкіл әлемде мамыр айының үшінші жексенбі күн ЖИТС тен қайтыс болғандарды еске алу күні өткізіледі.

Бұл күні ЖИТСтен қайтыс болған туыстарын, жақындарын еске алады.

Бұл күнді өткізудің мақсаты АИТВ-жұқпасын жұқтырғандарды әлеуметтік қорғау, сонымен қатар АИТВ/ЖИТС тарату мәселелеріне тұрғындардың назарын аудару.

Шығыс Қазақстан облысында екі мыңнан аса адам АИТВ жұқпасымен өмір сүреді; Бүгінгі таңда ЖИТСтен 110 адам қайтыс болды.АИТВ-жұқпасын жұқтырғандардың көбі - 30 жасқа толмаған жастар.

15 мамыр күні сағ 11 де Буров көшесі 21/1 үйде орналасқан  облыстық ЖИТС орталығының ғимаратында «Қуат» және «Answer». үкіметтік емес ұйымдармен бірлесіп ұйымдастырылған, осы күнге арналған науқан (акция) өтеді.

Біздің қалада АИТВ/ЖИТС проблемасына енжарлық танытпайтын барлық тілекшілерді шақырамыз!

Артқа