Бүкіл әлемде мамыр айының үшінші жексенбі күн ЖИТС тен қайтыс болғандарды еске алу күні өткізіледі.
Бұл күні ЖИТСтен қайтыс болған туыстарын, жақындарын еске алады.
Бұл күнді өткізудің мақсаты АИТВ-жұқпасын жұқтырғандарды әлеуметтік қорғау, сонымен қатар АИТВ/ЖИТС тарату мәселелеріне тұрғындардың назарын аудару.
Шығыс Қазақстан облысында екі мыңнан аса адам АИТВ жұқпасымен өмір сүреді; Бүгінгі таңда ЖИТСтен 110 адам қайтыс болды.АИТВ-жұқпасын жұқтырғандардың көбі - 30 жасқа толмаған жастар.
15 мамыр күні сағ 11 де Буров көшесі 21/1 үйде орналасқан облыстық ЖИТС орталығының ғимаратында «Қуат» және «Answer». үкіметтік емес ұйымдармен бірлесіп ұйымдастырылған, осы күнге арналған науқан (акция) өтеді.
Біздің қалада АИТВ/ЖИТС проблемасына енжарлық танытпайтын барлық тілекшілерді шақырамыз!