Полная версия сайта Каз

Портал управления здравоохранения Восточно-Казахстанской области

8(7232) 701-131

г.Усть-Каменогорск, пр.Ауэзова 26

Марафонға қатысайық!12.05.2016ж.

Салауатты өмір салтын және дене белсенділігін насихаттау мақсатында ШҚОСӨСҚО Өскемен қаласының тұрғындары арасында скандинавтық жүріс бойынша бірінші шағын марафон ұйымдастырады.

Скандинавтық жүріс – арнайы таяқшалардың көмегімен жүру техникасы және белгілі бір тәсілдер қолданылатын дене белсенділігінің бір түрі.

Қолжетімділігі мен тиімділігінің арқасында 1990 жылдың аяғында бүкіл әлемде танымал болған: онда тек аяқ қана емес,  90% дененің бұлшықеттері жұмыс істейді, май мөлшері азаяды, жүрек, тамыр нығаяды, холестерин деңгейі төмендейді және сүйек мықты болады.

Шағын марафон Евразиядағы Скандинавтық жүріс мектебінің басшысы М.Прощенконың қолдауымен, нұсқаушылар О.Щепетильникова, А.Мостоваяның қатысуымен өтеді.

Өтетін уақыты: 14.05.2016, сағат 10.00-12.00

Өтетін орны: Өскемен қ., Сол жағалаудағы Этносаябақ, «Жібек жолы» аумағы.

Сұрақтарыңыз болса 8(7232) 25-27-69, 8-705-314-03-46 хабарласыңыздар.

Артқа