Полная версия сайта Каз

Портал управления здравоохранения Восточно-Казахстанской области

8(7232) 701-131

г.Усть-Каменогорск, пр.Ауэзова 26

Қан компоненттерінің сапасын зерттеуде жаңа әдістерді енгізу.05.04.2016ж.

           

Қазақстан Республикасында денсаулықты сақтауды дамытудың негізгі міндеті – Қазақстан азаматтарының денсаулығын жақсарту болып табылады. Облыста қан қызметін жетілдіру бағыттары белгіленді оның жұмыс істеуін дамыту-бұл қан өнімдерінің сапасын басқару жүйесін және зертханалық қызметті жетілдіру.

         Қан өнімдерінің сапасын басқару жүйесі гемокомпонентті терапияда қолданылатын ең жоғары тиімді және шығарылатын қан компоненттерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін тағайындалған. Трансфузиологиядағы осы бағыттың дамуының келешегі бар және ол денсаулық сақтау жүйесінде жаңа сатыға көтерілуі, біздің саланың дамуы. Зертханалық қызмет сапаны басқару жүйесінің бірі болып табылады. Оның жетілуі басқару жүйесінің дамуында зертханалық зерттеулер сапасында көрінеді, ол өз кезегінде уақытылы зертханалық құрал – жабдықтармен, реактивтермен, сонымен қатар, зертхана қызметінің мақсатты көрсеткіштері жүйесін құру да және жетілдіруде  анықталады. 

         Шығыс Қазақстан облыстық қан орталығында шығарылған қан компоненттерімен сапаны бақылау бөлімі айналысады. Бақылау ҚР Денсаулық сақтау министрлігі әзірлеген еуропалық стандарттар негізінде жүргізіледі. Бұл құжаттар қан трансфузиясы және оның компоненттерінің қауіпсіздігі мен тиімділігі, сапасы мен кепілдігін жақсарту үшін тағайындалған. Стандарттар тестерді  өткізу жиілігін және көрсеткіштерді неғұрлым толық сипаттайтын компоненттерінің сапасын реттейді. Көрсеткіштер дайын компонент сапасы бойынша бағаланатын, мынадай талаптарды ескере отырып анықталған; қанмен берілетін жұқпалардың қауіпсіздігіне қатысты, микробиологиялық қауіпсіздік, компонент тазалығы, шығарылатын компонент құрамы бірлігінде, жеткілікті емдік әсерді алу үшін, қан айналым жүйесі факторларының белсенділігі немесе толыққанды жасушалардың мөлшері. Осы көрсеткіштерді зерттеу үшін Шығыс Қазақстан облыстық қан орталығының сапаны бақылау зертханасы заманауи жоғары технологиялық құрал – жабдықтармен жабдықталған, зерттеу нәтижелерін жоғары дәрежеде нақты және сенімді түрде алуға мүмкіндік береді. Зертханада талдау нәтижелерінің дұрыстығын зертханаішілік зерттеу сапасына күнделікті  бақылау жасау арқылы анықтайды. Осыған байланысты зертханаішілік бақылаудың негізгі сипаты жүргізілген тестке және зертхана жұмысының жоғары сапасына нақты зертханалық – диагностикалық қорытынды бере алады.

         Зертхана жұмысының сапасы тек қана өзін – өзі бақылау жолымен  тексерілмейді. Қазақстанның қан орталықтарының зертханаларындағы берілетін талдау нәтижелерін дұрыстығын растау үшін Астана қаласының трансфузиология ғылыми – өндірістік орталығының базасында, референсті зертханада ұйымдастырылған, ол Қазақстанның қан орталықтарына бақылау үлгілері берілген, бірақ белгісіз алушыларға мәндерімен зерттелетін көрсеткіштердің компоненттерін дайындайды және таратады. Содан кейін қан орталықтарының зертханаларында жүргізілген бақылау үлгілері нәтижелерінің мәліметін талдайды, қателік деңгейлерін анықтау және орындаушыларға есеп беру арқылы референсті зертханада сарапталады. Сонымен зерттеудің сапасын бақылау екі сатылы, ішкі және сыртқы ол жүргізілген зерттеулер сапасының деңгейін арттырады және қан орталығы  шығаратын қан компоненттерінің сапасына тексеру жүргізеді.

         Бұдан басқа сапаны бақылау бөлімі жүргізетін жүйелі жоспарлы компоненттерінің сапасын бақылау қан орталығы қызметкерлерінің жауапкершіліктерін жоғарылатады, стандарттау қажеттілігін арттырады және компоненттерді  дайындау рәсімдерін нақты орындауға қажеттілік туғызады.

         Сонымен, қан орталығының зертханалары жоғары технологиялық құрал-жабдықтармен жабдықталуы, қан компоненттері сапасының стандарттарын, екі кезеңді зерттеу сапасын бақылауды енгізу компоненттер сапасының неғұрлым жоғары деңгейге көтерілуіне мүмкіндік берді. 2012 жылдан 2016 жылға дейін қан орталығы өндірген компоненттердің стандарттарға сәйкестігі 98 пайызға, белгіленген деңгейде 75 пайызға артты.

         Сапаға бір рет және әрқашан қол жеткізу мүмкін емес, оған тек ары қарай жетілдіру және жаңашаландыру жолымен, ескіні дамыту және жаңа әдістерді енгізу, технологиялық талаптарды нақты орындау арқылы қол жеткізіледі.

 

 «Шығыс Қазақстан облысының қан орталығы» КМҚК 

Сапаны бақылау бөлімінің меңгерушісі  О.Б.Зубова  

Артқа