Бізге күтпеген жерден жүкті боп қалған қыздар жиі хабарлады, мұндай жоспарланбаған яғни кезейсоқ жүктіліктің барлығы түсік жасау жолымен аяқталады. Қыздар асқыну салдары туралы ойламастан түсік жасатуға келеді яғни бұл дегеніңіз – қабыну, бедеулік, қан кету, етеккір айналысының бұзылуы өлімге тап болуы мүмкін. Түсік жасатқан анадан туылған сәби, босанғанға дейін гемотологиялық аурумен туылуы мүмкін – бұл қан тобына сәйкес келмейтін немесе резус-ықпалды болуы ықтимал. Мұндай бала жасынан мүгедек болуы немесе туысымен шетінеп кетуі мүмкін.
Статистка бойынша «бедеулік» диагнозы қойылған 100 әйелдің 75 –сінің бірден бір себебі ол- алғашқы жүктілікте жасатқан түсік болып табылады. Егерде қыз бала жүкті болса, онда 1 түсік жасатқанан кейін жүктіліктің асқынуы жиілеп және кейінгі босануларда, соның ішіде бала көтере алмау, қан кету, уақытынан бұрын босанулары 2 есе артады.
Дүниежүзілік статистика бойынша, жасөспірімдер арасындағы жүктіліктің жиілігі едәуір артты және соңғы жылдары оның артуы жалғасуда. Дүние жүзі бойынша (15-18 жас) жасөспірім арасында жасалаған түсік 4 миллионға дейін болып отыр.
Жыл сайын дүние жүзінде түсік тастаудың асқынуы салдарынан 500000 жуық әйел қайтыс болады. Бұл сан АҚТҚ құрбаны болғандардың санынан едәуір асады.
Әрбір жыныстық қатынасты бастаған қыз балаға орынсыз жүктілік, жыныс органдарының қабыну процессінің дамуына жағдай жасап, Егер Сіз жасөспірім кезінде жыныстық қатынаста болғыңыз келсе, ең алдымен өзіңіздің денсаулығыңызды және Сіздің болашақ балаларыңыздың денсаулығын сақтауды ойлаңыз.
Жыныстық қатынасты бастаған қыздар дәрігерлердің ережелік кеңесіне жүгінбестен, орынсыз жүктілікті қалай-да болдырмау мақсатында, сенімсіз ақпараттық мәліметтерді таныстары мен құрбыларының кездейсоқ әңгімелерінен естіп алады. Сізге тек қана дәрігер дұрыс кеңес беріп, қажетті контрацептив таңдауыңызға көмектесе алады.
Жасөспірім кезінде қандай контрацепция әдістері оңтайлы?
Контрацепция құралын таңдаған кезде жыныстық қатынасқа түскен екі жасөсіпірім де, бір инфекция ауруымен ауру мүмкіндігі туатынын ойламайды, сондықтан жыныстық қатынас жолымен берілетін аурушылық жиілігі артады, соның ішінде АҚТҚ инфекциялары. Соның барлығы өсіп келе жатқан ұрпақтар денсаулығына және бүтіндей қоғамның денсаулығына тигізетін қаупі орасан.
Жасөспірім кезіндегі контарцепция ол- жыныстық қатынас жолымен берілетін аурулар мен түсік жасатуды болдырмау үшін басты екі мақсаты көздейді.
Ол тек қана жүктіліктен сақтап ғана қоймай, сонымен қатар венерологиялық ауруларымен, ЖҚТБ-дан сақтайды. Оның тиімділігі 98 %.
2. Спермицидтер- олар химиялық препараттар, олардың құрамына кіретін заттар сперматозоидтарды жансыздандырады. Спермицидтер қарқынды түрде қызмет атқарады және ол бар болғаны 2-3 сағат ғана әрекет етеді, сондықтан оны жыныстық қатынас алдында тікелей пайдаланылады.
Спермицидтердің (75 %) аса жоғары емес тиімділігін есепке ала отырып, мүшеқаппен үйлесімді қолдану.
Олар қынаптық кремдер түрінде, желе, аэрозоль, свечалар және таблетка түрінде шығарылады.
3. Ұрықтануға қарсы таблеткалар- аналық клетканың жетілуін тежейді және жатырдың ішкі қатпарларын өзгертіп ұрықтанбайды. Заманауй препараттар денсаулыққа зиянсыз болып, олардың құрамындағы гормондар- аз болады.
Олар жатырдан тыс жүктілікті, жатыр және сүт бездері обырының туындау мүмкіндігін төмендетеді, етеккір циклын реттейді. Кейбір ұрықтануға қарсы таблеткалар акне (беттегі безеулер мен май бездерін) емдейді. Ұрықтануға қарсы таблеткалар практикада 100% тиімдлікпен жүктіліктен сақтанудың ең сенімді әдісі болып табылады, сондықтан контрацепция әдістері арасында дүниежүзінде жетекші орын алады. Олар біріші, екінші, үшінші кезеңдік таблеткалар түрінде айырықшаланады.
(«Логест» , «Мерсилон», «Новинет», «Линдинет», «Регулон», «Ярина», «Джес», «Белара», « Ригевидон», «Трирегол», «Три-мерси», «Триквилар», «Тризистон» және тағы басқалар).
Қынаптық жүзік (НоваРинг)- ол гормондарды қынапқа енгізу жолымен пайдаланылатын контрацепцияның жаңа әдісі. Таблетка ұстанымы бойынша әрекет етеді, бірақ осыған орай таблетканы ішпей –ақ АІТ және бауыр арқылы гормондар өтпейді.
4. Жатырішілік спираль (ЖІС) - қыз балаларға бұл контарцепция әдісін пайдалану қажет емес, себебі ол қауіптің бір қатар асқынуларын тудыруы мүмкін: қабыну процесстері, бедеулік, етеккір циклінің бұзылуы.
5. Контрацепцияның физиологиялық әдісі тек тұрақты етеккір циклі болғандар ғана қолдана алады. Етеккір циклі анық болған әйелдерге ғана арналған әдіс. Осы себептен жас қыздар мен жасы 40 тан асқан әйелдерге бұл әдіс жарамайды.
Және ең бастысы: сперматазоидтар қынап ішінде 4 тәулікке дейін, ал кейбір зерттеулер бойынша 7 тәулікке дейін өміршеңдікке бейім, сондықтан оларда аналық клетканың жетілуін мүмкіндгі бар және ұрық жасушасын ұрықтандыруы мүмкін.
6. Шұғыл контрацепция (кезек күттірмейтін, апаттық)- орынсыз жүктіліктен сақтанудың жедел әдісі. Қыздар, егерде Сіздер мүшеқапты қолданған кезде оның бүтіндігіне немесе сақтанбаған жыныстық қатынас кезінде оған сенімсіз болсаңыз, сондай-ақ контрацепцияның басқа да әдістері осы немесе басқа жағдайда қолданылмаған болса, бұны сол қалпында қалдырмаңыз, келесі етеккір уақытын күтпеңіздер, себебі етеккір келмеуі мүмкін. Ең дұрысы жүктіліктен сақтанудың осы әдістерін пайдаланыңыз және Сіздің оған 72 сағатыңыз бар - үш тәулік (гормоналдық контрацептивтер қолданған кезде) немесе 5-7 тәулік, егер де Сіз жатыр ішілік құрал қоюға шешім қабылдаған болсаңыз (ол жасөспірім кезінде ұсынылмайды).
Осы мақсатта шұғыл сақтанудан- Эскапель, постинор немесе Юзпе әдісі қолданылады.
Апаттық контарцепцияны – жылына 3 реттен артық қолдануға болмайды, сондықтан бұл әдіс кезек күттірмейтін деп аталады.
Сізге сақтанудың ең тиімді әдісін таңдауға және жүктіліктен сақтану мәселесін дұрыс шешуге тек гинеколог дәрігер көмектесе алады.
«Ана мен бала орталығы» ШЖҚ КМК акушер гинеколог дәрігері Искакова Дана Салиховна