Қазақстан Республикасы тірі туылу халықаралық критерииіне 2008 жылдан бастап өтуіна байланысты және неонтология саласында реанимация және қарқынды терапия әдістерінің жетілуі бойынша, 22 аптадан ерте және туылғанда дене салмағы төмен 500-750г. және төтенше төмен салмақта шала туылған балаларға белсенді түрде күтім жасалатын болды. Бұл санаттағы өміршеңдік деңгейінің артуы шала туылған нәрестелердің мүгедек болу жиілігіне, соның ішінде шала туылған балалар Ретионапатиясы бойынша ерте мүгедектікке ұшырауына әкеледі.
Шала туылған нәрестелер ретионопатиясы - көздің ауыр вазопролиферативтік зақымдануы, негізінен көз құрылымының дұрыс жетілмеуіне жатады, ол тек шала туылған балаларда дамиды, көз торы мен шыны тәріздес дененің өзгеруімен ілеседі.
Аурудың басталуы 4-аптадан басталып, ал үдемелі кезі- 8-аптада болады. Бұл аурушылық негізінде екі көзде зақымданады, бірақ біреуі екіншісінен көбірек деңгейде болуы мүмкін.
Шала туылған нәрестелер ретионпатиясының негізгі даму факторларының қаупі келесідей:
Гестацияның аз мерзімі, туылған кездегі бала салмағының аздығы, ұрықтың жатыр ішілік ауыр инфекциялары, респираторлық дистресс-синдромы, сурфактанттың жеткіліксіздігі, бардикардия, ми гипоксиясы, мидағы қан құйылу, жүктілік пен босану нәтижесіндегі туындаған асқынулар, ананың жүктілік кезіндегі қабынулы, созылмалы гинекологиялық аурулар, босану кезіндегі қан кету, шылым шегу, дәрі-дәрмектерді қабылдауы нәтижесінде уақытынан бұрын босану және іштегі ұрықтың гипоксиясы.
Офтольмологтың міндетті түрде қараудағы критерилері:
1- 34 аптада гестациалық жастағы туылған барлық балалардың салмағы 2001г. аз.
2- 34 апта және одан жоғары гестациалық жастағы шала туылған балалардың салмағы 2001г. көбірек, соматикалық жағдайы ауыр, неонаталдық кезеңдегі сыртартқысы ауыр болып және шала туылған баланың ретинопатияның даму қаупінің белгілері жоғары болады.
Офтальмолог дәрігер мерзімі жетіп туылған балаға қарағанда шала туылған баланың көз түбін қарап тексергенде айырықша деңгейлік ерекшелігін белгілеп РН диагнозын қояды. Тексеріліп қаралған балалар пайызының РН белгілерінің жоғары болуына қарамастан, бұл ауру хирургиялық араласуды қажет етпейді. Бұл көбіне өздігінен қайтара дамуының сатысына ауысатын ауру, яғни бүгінгі күнде ең тиімді болып табылатын лазермен емдеу болып табылады. Шала туылған сәбилер ретинопатиясы офтальмолог дәрігердің ұзақ диспансерлік қарауына мұқтаж, себебі сығырлықтың даму қатерінің жоғарылығы немесе жеке кезеңдегі астигматизмнің қаупі болуы мүмкін, ол көз көрудің дұрыстығын қалыптастыруға және амблиопия дамуының алдын-алуға ерте жастан бастап көзілдірік киюді қажет етеді.
Ретинопатияның белсенді сатыдағы шала туылған баларды арнайы орталыққа 72 сағатта кем емес уақытта жолдау осы паталогияны емдеудің нәтижелі болуынан үміт күттіруі мүмкін.
2013 жылы «Шала туылған балалар ретинопатиясының скринингі және емдеу» бойынша клиникалық басшылығы тарапынан әзірленген. Біз аталған әзірлеме барысында пилоттық ұйым болдық.
2015 жылы біздің орталықта 8989 бала туылды, соның ішінде 504 шала туылған, РН анықталған балалардың жалпы саны 181, соның ішінде 12 бастапқы сатыдағы, оларға көз торының (КТЛК) лазерлік коагулациясы операциясы қажет болды, қалғандарында өздігінен кері кету процессі болды.
«Құс жолы» қайырымдылық қоры көмегімен біздің орталықта 2014 жылғы күзде хирургиялық лазер сыйлыққа берілді, 2014 жылғы желтоқсан айында VISULAS 532нм лазері, «Ана мен бала орталығы» көз микрохирургиясы бөлімшесінде шала туылған балалар Ретинопатиясының бастапқы көз торының аваскуляирлық аймақтарының Лазерлік коагуляциясы жүргізілді.
2015 жылы 9 балаға операция жасалды, соның ішінде ең кішкентай мерзімде туылған 26 апталық бала, дене салмағы 965г, бойы 35 см. Негізінде операциялар ПКВ 36 аптада жүргізіледі, яғни 2 айлық мерзімде. Барлық операциялар сәтті өтті, процесстің регрессиясына дейін әр 7 күнде клиникалық басшылыққа сәйкес лазерлік емдеуден кейін қарау жүргізілді.
Егер біз алдыңғы уақытта балаларды РН белсенді ақаулықпен Астана және Алматы қалаларына жіберген болсақ, біз талдау нәтижелерін жинаумен және жол жүруіне біраз уақыт кетірген болар едік, қазіргі кезде біз өзіміздің ауруханамызға балаларды жатқызып және лазермен емдеуді уақытылы жүргізе аламыз.
Осылайша, шала туылған балалардың Ретинопатиясынан көрмей қалуынан сақталып, бірінші жыл аяқталды, ал бұл дегеніміз отбасы бақытты болуына, олардың балалары толық қанды өмір сүріп, болашақ өмірге сеніммен қарайды деген сөз.
Бүгінгі күні көру мүшесі бойынша есепте барлығы 30 бала тұр (РН), олар біздің орталықта сауықтырудан өтеді.
2011 жылдан бастап біз шала туылған балалар ретинопатиясының қатерімен шала туылған балалардың скринингі және мониторингісімен айналысамыз.
Біз, әйелдердің ең алдымен жүктілікті жоспарлауға жауаптылықпен қарауына сенеміз, тексеріліп, балаларды ай-күні жетіп босануы қажет, себебі балалардың денсаулығы қалыпты болып туылуына, ең алдымен көру мүшесінің дұрыс болып туылуын әрбір адам армандайды.
АмБО көз микрохирургиясы бөлімшесінің меңгерушісі Аэлита Жапаровна Байбосынова