Қыс мезгілі – аулада балалармен ойнап демалатын ең бір тамаша кезең! Жаңа жауған аппақ қардан жақсы нәрсе бола сірә? Бірақ, сондай қысқы серуенде балаларға суық тиіп, суықтан үсуі мүмкін. Сондықтан суықтан үсу деген не және бұл кезде балаларға қандай алғашқы көмек көрсету қажеттігі бойынша қарастырып көрейік?
Үсу немесе домбығу - ол төмен температураның әсерінен организм тіндерінің зақымдануы.
Науқастану нәтижесінде организмның әлсіреуі, бұдан бұрынғы ызғардан алған жарақат, аңғайсыз қалыпта қозғалыссыз ұзақ уақыт болу, аштық, табиғи қажу, киімнің және аяқ киімнің тарлығы мен ылғалдылығы аяз кезіндегі үсуге әкеп соғады.
Үсу жағдайы сонымен қатар жылы температура кезінде де (0 С тан +5С дейін) егер қатты жел немесе ылғалдылық жоғары болған кезде болуы мүмкін.
Температураның төмендеуі салдарынан жалпы организмде жергілікті яғни білек, қол буындары, аяқ басы, құлақ ұштары, мұрын, бет, тізе буындарында суық тиіп үсу жағдайы болады.
Ал енді зақымданған тіндердің қандай жағдайда болатынын қарастырып көрейік.
Негізінен зақымданған тіндердегі кішігірім тамырлардың арнасы суық тиіп үсу кезінде бұзылады: оттегі жетіспеу салдарынан олардың қанайналымы төмендейді. Тез жылыту кезінде тіндер біркелкі жылынбайды: бірінші жоғарғы сыртқы қабаттары жылынады және олардың алмасу процесстері қалыптасады. Терең қабаттары баяу жылынады, ол қалыпты қан жүруінің қалыптасуына кедергі жасайды, демек жоғарғы тіндердің қуаттануыда солай болады, соның әсерінен олар жойылады.
Тіндердің зақымдану ауырлығы бойынша былай бөлінеді:
І-сатыдағы үсу зақымданған жердің терісі солғын түрде, мәрмәрдің түсіне ұқсайды, ісіну даму үстінде болады. Тері жансызданбайды.
ІІ-сатыдағы үсу ерекше сипаттағы белгілері – күлдіреп оның іші түссіз мөлдір толы сұйықтық пайда болады. Тері сыртының барлығын толық қалпына келтіру үшін 1-2 апта қажет болып, түйіршіктер мен тыртықтар пайда болмайды.
ІІІ-сатыдағы үсу бастапқы кезеңде пайда болған күлдіреуіктер қанды сұйықтыққа толы болады, оның түбі көкшіл-қызғылтым, тітіркенуге сезімтал емес. Түйіршіктену және тыртықтар үсу нәтижесінің дамуымен терінің барлық элементтері жойылады.
VІ-сатыдағы үсу жұмсақ тіндердің барлық қабаттары жойылады, сүйектер мен буындар зақымданады.
Алғашқы көмек көрсету ережесі
1. Зардап шеккен адамды жылы жерге апару керек. Ең бірінші- әсер етуші жағымсыз суықтан алып шығып, жылы жерге апару керек.
2. Баланың үстіндегі барлық киімін және аяқ киімін шешу керек.
3. Баланы жылы ваннаға түсіруге болады. Су температурасы 36-37С, болуы керек, оның температурасын ақырындатып 40С дейін көтеруге болады. Емшара уақыты 40 минуттан кем болмау керек.
4. Сонымен бір мезгілде массаж жасауға болады. Уақалауды саусақтың ұшынан бастап, ақырын жоғары қарай жалғастыру керек. Егер жылыну кезінде аурушылық пайда болса және тері қызарса- қан айналым қалпына келді деген сөз.
5. Оларды анықтап, таңып орау және қажет. Таңып орау үшін көбінесе мақта немесе дәке пайдаланады, ол тері сыртының тіндерін жылы ұстайды: клеенка, резеңке матамен.
6. Балаға жылы шай немесе сүт беру қажет- ол дененің жалпы температурасын көтеруге көмектеседі, және қан айналымын қалпына келтіруге әсерін тигізеді.
7. Сіздің балаңызға алғашқы көмек көрсеткен кезде жедел жәрдем шақырыңыз, себебі тек дәрігер ғана үсу деңгейін анықтайды және шара қолдануда дұрыс бағыт бере алады.
Суық тиіп үсігенде мүлдем жасауға болмайтын жағдайлар:
1. Тіндердің жойылуына жол мермеу үшін, үсу кезіндегі жылыту тез болмауы керек. Барлық жағдайлар қан айналы бұзылған тіндерді қалыптастыруға бағытталуы керек, ол тек баяу жылыту кезінде ғана әсерін береді.
2. Үсіген жерді қармен уақалауға болмайды. Себебі теріні қармен уақалау, үсуді одан ары ұлғайтып күшейтеді және қардың мұзды кристалдарымен оны зақымдайды, ол үсіген жерлерін инфекциялануына және іріңдеуіне әкеледі.
3. Зақымданған теріні май, спиртпен сүртуге болмайды!
Сіздің үсу кезінде көмектесіп, алғаш көрсеткен шаралардың пайдасы тиеді. Сізге және Сіздің балаңызға денсаулық тілейміз!
АмБО дәрігер-резидент педиатры Р.Е. Сексенбаева